Астана. 21 қараша. BM.KZ — АҚШ Украина президентіне бейбітшілік жоспарының жобасын тапсырды. Украина көшбасшысы алдағы күндері АҚШ президентімен «қолжетімді дипломатиялық мүмкіндіктер мен бейбітшілік үшін қажетті негізгі мәселелерді» талқылауды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді DW. Вашингтонның бағалауынша, жоспар жобасы Украина қақтығысын шешуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді жеделдете алады. — Бүгін мен Құрама Штаттар өкілдерімен кездестім. Жоғары лауазымды делегация, өте маңызды әңгіме. Америка тарапы өз ұсыныстарын — соғысты тоқтату жоспарының тармақтарын — өз көзқарасын ұсынды, — деп растады Владимир Зеленский. Зеленский алдағы күндері АҚШ президенті Дональд Трамппен «қолжетімді дипломатиялық мүмкіндіктер мен бейбітшілік үшін қажетті негізгі мәселелерді» талқылайды деп күтіліп отыр. — Біз осы күндері еуропалық…
Автор: erimbetkaz
Астана. 21 қараша. BM.KZ — Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь көмір» ЖШС-нің (жарғылық капиталындағы 50% үлесі «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі) қаржысын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру барысында бірқатар коммерциялық компания басшылары бұрын пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жаңа зауыттық өнім ретінде кәсіпорынға жеткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Схеманы іске асыру үшін тауар мен материалдарды қабылдауға жауапты «Богатырь көмір» ЖШС-нің қызметкері тартылған. Ол талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектердің еш кедергісіз қабылдануын қамтамасыз етіп, олардың сапасын негізсіз растаған. Екі жыл бойы жалған сәйкестік сертификаттары бойынша реакторлар, цилиндр блоктары, автотіркемелер және тежегіш жүйелерінің бөлшектері жаңа өнім ретінде жеткізіліп отырған. Нәтижесінде «Богатырь…
Үкіметтің жоспары бойынша, алдағы үш жыл қатарынан қазақстандықтардың нақты табысы 2-3%-ға өсіп отырады. Бұл инфляцияны қоса алғандағы көрсеткіш. Осыған дейін номиналды табыс қана өсіп, ал нақты табысты қымбатшылық жеп қойып отырған еді. Енді сол баға өсімін тежеудің де бірнеше жолы қарастырылып отыр. Оның ішінде өңірлердегі тұрақтандыру қорларына көптеп азық-түлік сатып алып, тапшылық кезеңінен қиналмай өтуді көздейді. Алайда сарапшылардың сөзінше, бұл қорлардың жұмысына сенім жоқ. Инфляцияны тежеудің жалғыз жолы – тұрақтандыру қоры Халықтың нақты табысын арттыруға қатысты Үкімет жоспарын қарасақ, жұмыспен қамту мәселесінен бастап, келер жылдары ең төменгі жалақыны өсіру мәселесіне дейін бар. Осындай шаралар халықтың нақты табысын өсірмек. Тек басты…
Астана. 21 қараша. BM.KZ — Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанада түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол видеода қолын жүрек формасында түйістіріп, ризашылығын білдіреді. Роликтің фонында қазақстандық BAYANSULU тобының «Aua rai» әні шырқалады. «Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Баршаңызды жақсы көремін AMKZ», — деп жазды Пашинян. Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударды. Қазақстандықтар Пашинянға «Қош келдіңіз!» деп ықылас білдірсе, армяндық желі қолданушылары да жылы пікір қалдырып жатыр.
Астана. 21 қараша. BM.KZ — Қайғылы жағдайда қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел Threads желісінде марқұм әйеліне әсерлі жазба арнады. Жас жұбайлар сегіз жыл кездесіп, 2025 жылы ғана отау құрған. Әділет Зейнел жазбасында марқұм келіншегімен қалай танысқанын айтып, екеуінің махаббат хикаясын бөлісті. «Махаббатым, біз 2017 жылы танысып, тек 2025 жылы тойымызды өткіздік. Сен бізбен тек екі апта ғана тұрып, қасымызда 20 жыл болғандай із қалдырдың. Сен барлығымызға бақыт пен шексіз махаббат сыйладың. Мен сені жақсы көремін. Біз сені жақсы көреміз. Мен сені қатты сағындым. Алла тағала нағыз махаббатты сездіру үшін маған сені жіберді. Кейін бұл сезімдеріммен бірге сені де…
Астана. 21 қараша. BM.KZ — Оқиға Бейнеу ауданында болған. Ер адам Бейнеу аулындағы полиция бөлімінің бақылау — өткізу пунктінде өз-өзін өртеуге әрекет жасаған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары патрульдік бақылау кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда кейін көлік жүргізуші полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне өзі келіп, қызметкерлердің заңды әрекетіне наразылық білдірген. — Бақылау пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өзін-өзі өртеуге тырысты. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл әрекетін уақытылы тоқтатты. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән — жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Астана. 21 қараша. BM.KZ — Бұл жағдайда олар Қазақстан Республикасының азаматтығынан автоматты түрде айырылады. Бұған қоса, оларды үлкен мөлшердегі айыппұл күтіп тұр. Украинадағы соғыс Германия билігін әскери қызметке шақыру тәртібін қайта қарауға мәжбүр етті. Берлин Ресейден НАТО-ға шабуыл жасауы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан бундесвер құрамын 180 мыңнан 260 мың әскери қызметкерге дейін ұлғайтпақ. Немістің Die Welt газеті таратқан мәліметке сәйкес, жаңа шақыру ережелері Германияда тұратын қос азаматтығы бар қазақстандықтарға да әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда олардың саны – 1 620 адам. Олардың көпшілігі – 2008 жылы туған жасөспірімдер. Қазақстандықтар өзге мемлекетке ант берсе, оларды не күтіп тұр? Осы сұраққа Osmar Group компаниясының…
Астана. 20 қараша. BM.KZ — ШҚО-да есірткіні аса ірі мөлшерде таратумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырын таратумен айналысқан көршілес облыстың 27 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден ақ түсті ұнтақ салынған полимерлі пакет табылып, тәркіленді. Одан кейін оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде қызғылт түсті ұнтақ салынған тағы бір пакет, сондай-ақ есірткіні бөліп-қаптауға арналған құралдар — бес электрондық таразы мен арнайы қаптамалар анықталды. — Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың мефедрон (496,71 г) және «А-PVP» (581,13 г) сияқты психотроптық заттар екенін растады.…
Астана. 20 қараша. BM.KZ — Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын тапты. Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды. Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды. Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі «Оружейник» дүкенінен жоғалған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Астана. 20 қараша. BM.KZ — Астанада 16 азаматты алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты. Алаяқ өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған. — Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.Үкім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.