Астана. 24 қараша. BM.KZ — Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Женевадан кетіп, Украинаның бейбітшілік жоспары бойынша жоғары деңгейдегі кездесулерден кейін Вашингтонға оралды, деп хабарлайды BBC. Рубио техникалық талқылаулар жалғасатынын айтып, «біз мақсатымызға өте қолайлы мерзімде, өте жақын арада жетеміз» деген пікір білдірді. BBC-дің жазуынша, басқа АҚШ шенеуніктерінің Женевадан кеткені белгісіз, дегенмен Рубио бұған дейін америкалық тараптың «барлық деңгейдегі мамандары осы жұмыспен толық айналысып жатқанын» мәлімдеген. Жексенбі күні Женевада өткен келіссөздерден кейін Рубио Украина шенеуніктерімен соғысты тоқтату жоспарын талқылауда «айтарлықтай ілгерілеушілік» болғанын мәлімдеді. Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл Дональд Трамп әкімшілігінің қаңтарда басталғаннан бергі Украина тарапымен болған ең нәтижелі кездесуі болды. Қорытынды келісім…
Автор: erimbetkaz
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Ол халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанды. Дауыс беру нәтижесінде шешім бірауыздан қабылданды. Конгреске әлемнің 58 федерациясы қатысты. Оның өкілеттік мерзімі 3 жылға созылады. Яғни, Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін. Бүгін, 23 қарашада Италия астанасы Римде халықаралық бокс конгресі ұйымдастырылды. Бұл шара әлемдік бокс үшін аса маңызды, себебі күн тәртібінде халықаралық World Boxing федерациясы жұмысының негізгі мәселелерінің бірі — ұйым президентін сайлау тұрды. Уәкілетті орган 2025 жылдың қазан айында ұсынылған барлық өтінішті қарастырып, тек комиссия бекіткен үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат берді. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин үміткерлердің бірі ретінде таңдалған еді.…
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды. Қазақстандық хоккейшілер үшінші кездесуде Жапониямен шеберлік байқасты. Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бір шайбадан соқты. Екінші кезеңде отандастарымыз үш гол енгізіп, өз қақпасына бір гол жіберіп алды. Үшінші кезеңде жапониялық хоккейшілер бір шайба енгізді. Қазақстан — Жапония 4:3 (1; 1, 3:1, 0:1) 1:0 — Ляпунов (Старченко, Мусоров) — 05:47 1:1 — Судзуки (Ушио) — 18:22 2:1 — Старченко (Михайлов, Мусоров) — 21:37 2:2 — Сато (Йонеяма, Накаджима) — 24:52 3:2 — Борисевич (Ляпунов, Мусоров) — 25:10 4:2 — Старченко (Бойко, Муратов) — 29:28 4:3 — Окубо (Накаджима, Сато) — 55:21 Осылайша қарсыласынан 4:3 есебімен басым түскен отандастарымыз Азия чемпионы атанды. Айта кетсек,…
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінде үздік шықты. Дүниежүзілік рейтингіде 1115-орында тұрған Әмір Омарханов финалда әлемнің 824-ракеткасы, тағы бір германиялық, 18 жастағы Макс Шонхауспен кездесті. Бірінші партияда Әмір 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Шонхаус дәл сондай есеппен есе қайырды — 6:3. Үшінші, шешуші сетте Ә.Омарханов жеңісті жұлып алды — 6:4. Тартысты бәсекеде Әмір шешуші сәттерде табандылық танытып, таразы басын өзіне аудара білді. Жасөспірімдер арасында әлемнің 2-ракеткасы М.Шонхаус өткен аптада Тунисте өткен ересектердің ITF M25 жарысында жеңімпаз атанған еді. Бұл жолы ол Омархановқа жол берді. Осылайша, қазақстандық теннисші ересектер арасында кәсіби…
Астана. 23 қараша. BM.KZ — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталды. Бұл туралы KazTAG хабарлады. Дереккөздің айтуынша, Есполов екі күн бұрын Астанада Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері мен ҰҚК бірлескен операциясы барысында қолға түскен. «Айдос Есполов Астанада екі күн бұрын «антикор» тарапынан ҰҚК-мен бірге ұсталды», – деді ақпарат көзі. Айдос Есполов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші жары Әсел Құрманбаеваның туған ағасы. Еуразиялық технологиялық университеттің және «Alatau Asset Management Company» ЖШС-нің құрылтайшыларының бірі ретінде де белгілі. Есполовтың есімі бұған дейін де дау-дамайлар аясында аталған болатын. 2025 жылдың сәуір айының соңында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясындағы қаржы жымқыру фактілеріне қатысты мәселелерді көтерді.…
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Шымкент қаласының тұрғыны алимент бойынша 4,8 млн теңгеден астам берешегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Шымкент қалалық сотының мәліметінше, қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы Т.-ға ҚК-нің 139-бабы «балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» бойынша айып тағылды. Алимент бойынша берешегін өтеу туралы хабарланғанына қарамастан, сотталушы 5 жылдан астам уақыт ішінде алимент төлеу міндеттерін орындамаған. Салдарынан сотталушының алимент бойынша қарызы 4 852 676 теңгеге жеткен. – Сотталушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса өзінің берген түсінігімен, жеке сот орындаушының ұсынысымен және…
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Екі қабатты қоймадан шыққан өртті ауыздықтауға Алматы қаласы ТЖД-ның өрт сөндіруге арналған автопойызы тартылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Алматы қаласының Жетісу ауданындағы екі қабатты қоймада шықты. Өрт ошақтарына қол жеткізу және оның әрі қарай таралуын болдырмау үшін шатырдың бөлігі ашылған. Құтқарушылар құрылымдарды сулап, кейбір элементтерді алып тастап, өртті тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасады. Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-ның өрт автопойызы жұмылдырылды. ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілер ғимаратты суыту және конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жалғастыруда. Оттың көршілес ғимараттарға тарау қаупі жоқ.
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Астанадағы стоматологиялардың бірінде 3 жасар қыз қаза тапты. Бала седациядан кейін оянбай қалған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, 21 қарашада сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Астана» арнасы. Жәбірленуші тараптың айтуынша, ем кезінде медициналық стандарттар сақталмаған. Баланың миы ісіп, жүрегі тоқтаған. Егер мамандар бірден бүкіл тісті емдеуге тырыспағанда, бала аман қалуы мүмкін еді дейді. Ал дәрігерлер емшараның қауіпсіз екеніне сендірген. «9-да басталған емшара түскі екіге дейін созылған. Жұбайым хабарласып, бала оянбай жатыр, жедел-жәрдем келді деді. 40-45 минут бойы баланың есін жидырмақшы болып, алғашқы көмек көрсеткен. Кейін бізге баланың жүрегі тоқтап, миы ісіп кеткенін жеткізді», — дейді…
Астана. 23 қараша. BM.KZ — Қазақстандық Асу Алмабаев (22-3) Қатар астанасы Доха қаласында өткен аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 265 турнирінде АҚШ спортшысы Алекс Переспен (25-9). шеберлік байқасты. Жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген еді. Қазақстандық файтер үшінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. Осылайша Асу Алмабаев ММА бойынша кәсіби мансабында 23 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Алекс Перес оныншы рет қарсыластарына есе жіберді. Айта кетсек, кейінгі жекпе-жегінде отандасымыз Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген еді. Ал оның алдағы қарсыласы Алекс Перес бұған дейінгі айқасында жапониялық Тацуро Таираға техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.
Астана. 22 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға американдық тарап ұсынған «бейбіт жоспарға» келесі бейсенбіге, 27 қарашаға дейін келісім беру үшін уақыт берді. бұл туралы DW жазды. Бұл туралы ол 21 қараша, жұма күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты. 27 қарашада АҚШ-та «Алғыс айту» күні аталып өтеді және Трамптың пікірінше, бұл Ресеймен соғысты аяқтау туралы келісімге келу үшін ыңғайлы уақыт. «Менде талай дедлайндар болды, бірақ егер бәрі жақсы жүрсе, олар әдетте ұзартылып жатады. Бірақ бейсенбі – біздің ойымызша, қолайлы мерзім», – деді ол. Трамп сонымен қатар Украина бұл соғыста аумақтар мен адамдардан айырылып жатқанын атап өтті. Бұған…