Автор: erimbetkaz

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Бұған қоса, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен саудаланады. Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» компаниясымен тауық етін (сан еті) жеткізу және сату бойынша форвардтық қарыз шартына қол қойды. «Алатау-құс» 30 фирмалық дүкенге 358,8 тонна тауықтың сан етін жеткізіп, қала тұрғындарына келісін 1650 теңгеден сатады. Тұрақтандыру мерзімі — 24 ай. Бұл туралы «Алматы» ӘКК» өкілдері хабарлады. Бұған дейінгі келісім негізінде «Алатау-құс» компаниясы тауықтың сан еті мен жамбасын тұрғындарға келісін…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Астанада 24 қараша күні үйінен шығып, байланысқа шықпай кеткен оқушыны бірнеше сағат бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Өкінішке қарай, қыздың денесі өзен жағасынан табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияға қыздың жоғалғаны туралы хабар кеше кешкісін түскен. Анасының айтуынша, оқушы шамамен 18:30 кезінде үйден шығып кеткен, содан кейін телефон қоңырауларына мүлде жауап бермеген. Ата-анасы қызды таба алмаған соң сағат 21:00 шамасында полицияға жүгінген. Оқушыны іздеуге тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылды. Олар қала аумағын, тұрғын үй алқаптарын және жағалауды түгел аралап шықты. Бірнеше сағатқа созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыздың денесі өзеннен табылды. Қалалық полиция департаменті оқиғаның…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жаңа тұрпаттағы беделді саяси қайраткер, Түрікменстанның мемлекеттілігін, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренадағы орнын дәйекті түрде нығайтып келе жатқан прогрессивті, мықты көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті. – Сіз түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, аса құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің келешекке арналған стратегиялық бағдарын сенімді түрде жалғастырып келесіз. Сіздің салиқалы басшылығыңызбен Түрікменстан экономикасы керемет қарқынмен дамуда. Еліңізде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғырып жатыр. Энергетикалық әлеуетті нығайту және технологиялық трансформация бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Баянды бастамаларыңыздың арқасында бауырлас Түрікменстанда ірі әлеуметтік жобалар жоспарлы түрде жүзеге асырылып, ғылым-білім саласы соны серпін алып, халықтың әл-ауқаты…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Қалдықтың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады. Ол құжат шеңберінде: қалдықтардың барлық түрлерін толық түгендеу және мемлекеттік кадастрды жаңарту; ақпараттық жүйеде қалдықтардың барлық білім алушыларын міндетті тіркеу; жасанды интеллектіні енгізе отырып, саланы цифрландыру көзделгенін атап өтті. «Тағы бір маңызды шара – қалдықты бір реттік заңдастыру, яғни легализациялау, бұл қалдық иелеріне есепте жазылмаған нақты жиналған көлемді айыппұлсыз есепке алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде барлық қалдықтардың нақты сипаты анықталып, олардың пайдалы фракциялары айқындалып, қайталама айналымға тарту мүмкіндігі пайда болады», — деп атап…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Ақтауда құны 300 миллион долларлық жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Жаңа теңіз портын Маңғыстау облысында салу жоспарланып отыр. Стратегиялық серіктес ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы шығып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады. — Жоба «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай. Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны $300 млн-ға бағаланып отыр. Қазіргі…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында болған. Audi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық мекемеде қайтыс болды. — Одан бөлек бес жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады департаменттен.

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Оқиға Бейнеу ауылында болған. Облыстық білім бастармасының мәліметінше, жыртқыш аң балаларды мектептің ауласында жарақаттаған. — 21 қараша күні Бейнеу ауылы Қосай Ата көшесінде орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп ауласында жүрген түлкі мектепке келе жатқан 2 оқушыға тап беріп, аяғын (балтырын) тырнап алған. Сол бойда мектеп мұғалімдері мен мектеп медбикесі алғашқы көмекті көрсетіп, аудандық көпбейінді ауруханының қабылдау бөліміне жеткізді, — делінген хабарламада. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша балалардың жағдайы бір қалыпты. — Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының жарақат бекетіне 2 оқушы ата-анасымен келіп қаралды. Оларға түлкі шабуыл жасаған. 2011 жылғы балада оң жақ…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Алматы облысында алаяқтар бір жыл бұрын ауыр дерттен көз жұмған баланың атын пайдаланып, ақша жинаған. Баласынан айырылып, қайғыға батқан ана алаяқтарды жазалауды сұрап отыр, деп хабарлайды «Астана» арнасы. Оңласын Асылбаеваның ұлы бір жыл бұрын ауыр дерттен көз жұмған. Кенжесінен айырылып қалған ана енді ғана өзіне өзі келе бастағанда, тағы қиналып отыр. Алаяқтар марқұм Диастың есімін пайдаланып, ақша жинаған. «18 қараша түннің жарымында қызым қоңырау шалып тұр. «Мама мына видеоны қарашы» деп. Сонда менің балам, өлген баламның атынан жылу жинап отыр. Қайдағы біреулер сбор ашып, баламның жанын қинап жатыр. Таң атқанша ұйықтаған жоқпын. Жатсам, баламның бейнесі…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Әлеуметтік желіде Нұр-Мұқасан тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Желіде тараған бейнежазбада Ғалымжан Сүлеймен өзін 3 адамның ұрып-соққанын, оның ішінде Нұр-Мұқасан тобының бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаев бар екенін айтқан. Оның сөзінше, кикілжің топ орындайтын әндердің авторлық құқығына байланысты туындаған. Алматы қаласы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. — 2025 жылдың 22 қарашасында Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза болды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 24 қараша күні республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшагай» тасжолының 877-шақырымында, Тарбағатай ауданының аумағында болды. «Chevrolet Onix» жеңіл көлігі мен «Howo» маркалы жүк көлігі соқтығысқан. — Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 2 жолаушысы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдықты рұқсат етілген шектен…

Толығырақ