Автор: erimbetkaz

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Қостанай облысының прокуратурасы Арқалық кен орнында техногендік минералды түзілімдерді ұрлау және заңсыз сату фактісі бойынша айыптау актісін жасады. Тергеу мәліметінше, 2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы тамызға дейін облыс тұрғыны өзіне тиесілі ЖШС арқылы мемлекетке тиесілі сазды тиісті лицензиясыз заңсыз өндіріп келген. Кейін ол шикізатты елдің оңтүстік өңіріндегі кәсіпорындарға заңсыз сатқан. — Қылмыстық әрекетті жасыру үшін күдікті Арқалық қаласындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан теміржол тұйығын жалға алып, ұрланған сазды сол жерге жеткізіп отырған. Шикізаттың шығу тегіне заңдылық түр беру мақсатында ол іс жүзінде алынбаған 8 мың тонна сазды сатып алу туралы басқа ЖШС-мен жалған шарт жасасқан. Жалған…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Сот шешімімен әйел адам мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін болды. Балаларын терезеден лақтырып, артынан өз де секірген анаға қатысты қылмыстық іс Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралды. Атап айтқанда ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі – «Жас баланы өлтіру» және 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 3-бөлігі – «Жас баланы өлтіруге әрекет жасау». Бірінші баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздегенімен, ол Қазақстандағы әйелдерге тағайындалмайды. Сот ананы қылмыстық жауапкершіліктен толықтай босатты. — ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігінде, 24-бабы 3-бөлігінде көзделген, қоғамдық қауіпті қылмысты жасау…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Қайғылы оқиға 22 қараша күні болғаны анықталды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің аумағында электрслесарь болып жұмыс істеген ер адам тоққа түсіп жазым болды. 30 жастағы жігіт экскаваторды қуат көзіне қосу кезінде мерт болған. Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын ұйымдастырып жатқанын мәлім етті. Ал Павлодар облыстық полиция департаменті қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. — Еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болған азамат экскаваторды қосқыш пунктіне қосу кезінде өте ауыр,…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады. Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан. Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиет тәркіленді. Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен қатар 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті тұтыну кооперативі түрінде жасырылған «ELL QUATY» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар азаматтарды «HALYK QUATY» кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендірген. Осы мақсатта олардан пайлық жарналар талап етілген. — halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, «Әр отбасыға бақыт!» деген ұранды қолдану арқылы «халықтық кооператив» деген жалған бейне қалыптастырған. «HALYK» тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы «ELL QUATY» болып өзгертілген, — деп жазды ведомстводан. Жаңа салымшыларды тарту үшін түрлі маркетингтік акциялар ұйымдастырылған,…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Қазақстандық боксшы, еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануына қатысты пікір білдірді.  Головкин World Boxing сияқты ұйымды басқару үлкен жауапкершілік әрі үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сондай-ақ ол әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан құттықтауларға, отандастарына алғыс айтып, әрбір жылы лебіз ерекше ыстық екенін жеткізді. ⠀ «Менің әуесқой рингтен басталған жолым, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионы атануыма, кәсіпқой мансапта табысқа жетуіме жол ашты. Туған еліме және барлық қазақстандыққа көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Мен жаңа кезеңге қадам басып, бокстың болашағы үшін қызмет етуге бел будым», — деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында. ⠀ Головкиннің…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Ел бойынша «Мал ұрысы» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл — ауыл тұрғындарының мүлкін қорғауға және мал ұрлығын болдырмауға бағытталған Ішкі істер министрлігінің жоспарлы іс-шарасы, — деп жазды Polisia.kz. Үш күн ішінде полиция қызметкерлері мал тасымалдаған 12 мыңнан астам көлікті, 3,5 мыңнан аса сатып алу орындарын, сондай-ақ 8 мың шаруа қожалықтары мен фермаларды тексерді. Нәтижесінде Астана мен Алматы қалаларында алты заңсыз мал сою цехының жұмысы әшкереленіп, елорданың базарларының бірінде ет сатуға арналған жалған мөр қолдану фактісі анықталды. Полиция мал ұрлығына қатысы бар 113 адамды ұстады. 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. 107 мал ұрлығы жедел…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі алғашқы геологиялық кластер ашылып, барлау саласының білім, ғылым және өндірісін бір алаңға біріктірді. Жоба Қазақстан геологиясын цифрландыруға және халықаралық стандартқа жақындатуға бағытталған. Жезқазғанда халықаралық талаптарға сай алғашқы Геологиялық кластер ресми түрде жұмысын бастады. Бұл – геологиялық барлаудың негізгі үдерістерін бір жерде шоғырландырып, талдауды жедел жүргізуге мүмкіндік беретін әлемдегі санаулы орталықтардың бірі. Мұндағы заманауи техникалық жабдық әлемде небары жеті жерде ғана қолданылады, ал жоба Орталық Азиядағы ең ірі және алғашқы геокластер мәртебесіне ие. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геологияны ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ететін стратегиялық сала ретінде бірнеше рет атап өткен. Мемлекет басшысы кен өндіру…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшылығын қатаң сынап, Киев «бейбіт шешімге келу бағытындағы АҚШ-тың күш-жігеріне алғыс білдірмеді» деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Трамп егер «2020 жылғы сайлау әділ өтсе» және АҚШ пен Украина «күшті басшылық көрсетсе», Ресей мен Украина арасындағы соғыс болмас еді деп есептейтінін айтты. Оның сөзінше, оның бірінші президенттік мерзімінде «мұндай соғыс туралы тіпті әңгіме де болмаған» және «Путин ешқашан шабуыл жасамас еді». Америкалық президент қақтығысты «барлық тарап үшін жеңіліс» деп атап, ең алдымен адамдардың қаза тапқанына назар аударды. Сондай-ақ ол Еуропаны Ресей мұнайын сатып алуды…

Толығырақ

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Женевадан кетіп, Украинаның бейбітшілік жоспары бойынша жоғары деңгейдегі кездесулерден кейін Вашингтонға оралды, деп хабарлайды BBC. Рубио техникалық талқылаулар жалғасатынын айтып, «біз мақсатымызға өте қолайлы мерзімде, өте жақын арада жетеміз» деген пікір білдірді. BBC-дің жазуынша, басқа АҚШ шенеуніктерінің Женевадан кеткені белгісіз, дегенмен Рубио бұған дейін америкалық тараптың «барлық деңгейдегі мамандары осы жұмыспен толық айналысып жатқанын» мәлімдеген. Жексенбі күні Женевада өткен келіссөздерден кейін Рубио Украина шенеуніктерімен соғысты тоқтату жоспарын талқылауда «айтарлықтай ілгерілеушілік» болғанын мәлімдеді. Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл Дональд Трамп әкімшілігінің қаңтарда басталғаннан бергі Украина тарапымен болған ең нәтижелі кездесуі болды. Қорытынды келісім…

Толығырақ