Автор: erimbetkaz

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Түркістан облыстық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігерлері медавиация желісі арқылы Сарыағаш ауданына барып, миына қан құйылған 3 айлық сәбиге шұғыл түрде мамандандырылған көмек көрсетті. Аудандық орталық ауруханада нәрестеге шұғыл түрде магнитті-резонансты томография (МРТ) жасалып, зерттеу нәтижесінде ми ішіне қан құйылғаны анықталды. Дәрігерлер консилиумы жедел түрде ота жасау туралы шешім қабылдады. – Нейрохирургтар жүргізген ми қуысына сыртқы дренаж орнату операциясы сәтті өтті. Ота барысында трепанация жасалып, арнайы түтікше арқылы 3-4 мл көлеміндегі қан жиналған аймақ толық тазартылды. Бір аптадан кейін нәресте Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты, қажет бақылау мен емді алып…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Алматыда апелляциялық сот «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің шағымын қарастырды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысы жабық режимде өтті. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты. 2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды. 2025 жылдың қаңтар айында сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты. ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады. Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырды.

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалады. ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне қазіргі уақытта ұйымның орынбасары болып істеп жүрген Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадиков тағайындалатын болды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап хабарлады, деп жазды Арменпресс. Таалатбек Масадиков қызметіне 2026 жылғы 1 қаңтардан кіріседі. — Қазір шешім қабылданды: Қырғызстан өкілі және қазіргі уақытта ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары болып істейтін Масадиков ұйымның Бас хатшысы қызметін атқарады, — деді Ушаков. Сонымен қатар, ол Армения 27 қарашада Қырғызстанда өтетін ОДКБ саммитіне қатыспайтынын айтты. Дегенмен, Ереван саммитте келісілген құжаттарды…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффқа Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге баруды тапсырғанын және Армия министрі Дэн Дрисколлдың Киевте Украина үкіметінің өкілдерімен кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Дональд Трамптың айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жоспары бойынша жұмыс өткен аптада елеулі нәтижеге қол жеткізді. АҚШ дайындаған 28 тармақтан тұратын бастапқы жоба екі тараптың ұсынысын ескере отырып, қайта қаралған. Қазір келіспеушілік тудырған бірнеше тармақ қарастырылып жатыр. — Өткен айда 25 мың сарбаз қаза тапты. Біз бұл қақтығыстың аяқталуын тездетуіміз керек. Түпкілікті келісімге келу…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау, заңсыз тасымалдау және контрабанда фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр, — деп жазды Polisia.kz. Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі. Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды. Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді. Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының қатысуымен болды делінген жанжалдың бейнежазбасы тарады. Жанжалға қатысушылар полицияға жүгінбегеніне қарамастан, олардың біреуіне ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды. Бейнежазбадан бұл төбелеске бірнеше ер адамның қатысқанын байқауға болады. Онда жанжалға қатысушылардың бірі — мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы делінген азамат қарсыласының жағын сындырған. Түркістан облысының әкімдігі бұл оқиға бойынша ішкі тексеру тағайындалғанын, алайда бейнежазбада ер адамның жеке басын және оның мемлекеттік қызметке қатысы бар екенін ресми растау әлі жоқ екенін мәлімдеді. Анықталғаны, бұл кикілжің Түркістанда емес, Шымкентте болған. Оқиғаға қатысқандардың шағымы жоқтығына қарамастан, полицейлер бейнежазбаны тексеріп,…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Ақтауда полиция департаментінің басшыларына қатысты анонимді ұжымдық хат таралғаннан кейін, ҚР Ішкі істер министрлігінің комиссиясы келіп, тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. — Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов өзінің бастамасымен Ішкі істер министрлігіне және тиісті органдарға интернетте тараған анонимді хаттағы мәліметтерді тексеруді сұрап хат жолдаған. Ведомство басшысы тексеру жұмыстарына мәслихат пен қоғам өкілдерін де қосу арқылы процестің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді ұсынды, — делінген хабарламада. Еске салайық, 19 қарашада әлеуметтік желілерде өңірдің бас полицейі мен оның орынбасарларын ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптаған ұжымдық арыз тараған болатын. Сол кезде полиция…

Толығырақ

Астана. 26 қараша. BM.KZ — Алматы облысында 15 жастағы қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында ер адам өзінің 15 жастағы қызын пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тарады. Тараған ақпаратқа сүйенсек, мас әкесі мен қызының арасында жанжал туып, күдікті ас үй пышағымен қызын 16 жерден пышақтаған. Оқиға кезінде үйде екеуінен басқа адам болмаған. Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталғанын растады. — Отбасы туыстарының бірі полицияға 15 жастағы студенттің мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына келген полицейлер алкогольдік масаң күйде болған күдіктіні ұстады. Сондай-ақ үйден қылмыс құралы тәркіленді, — деп хабарлады департаменттен. Қазір тәртіп…

Толығырақ

Астана. 25 қараша. BM.KZ — Бүгін шамамен сағат 12:15 кезінде Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары сағат 13:05–те басталды. «Қазәуеорманқорғау» Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы Бекзат Байшаловтың айтуынша, оқиға орнында өрт сөндіру топтары жұмыс істеп жатыр. Барлығы 8 арнайы техника, 1 өрт сөндіру тікұшағы және 25 адамнан тұратын жеке құрам тартылған. — Өрт деңгейі орташа деп бағаланды. Қазіргі уақытта жедел өрт сөндіру және жағдайды бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептері әзірге анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жақын маңдағы елді мекендер мен туристік бағыттарға қауіп жоқ, — деп хабарлады «Қазәуеорманқорғау» бөлімшесінен. Өрт сағат 14:20–да оқшауланды. Жалын шамамен 1,7 гектар…

Толығырақ