Астана. 27 қараша. BM.KZ — Қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базар аумағында тұрғындардан қаражат жинауға заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, қор басшысы қайырымдылық қызметін реттейтін нормаларды бұзып, жасөспірімді қоғамдық орындарда ақша жинауға жұмылдырған. Жасөспірім тұрғындарды қайырымдылыққа шақырып, шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот отырысында қор директоры кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушылық фактілері жасөспірімнің түсіндірмесімен және жиналған дәлелдермен расталған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабының 1-бөлігі мұндай жағдайда жеке тұлғаларға 50 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады. Сот кінәлінің жеке басын және ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескере отырып, қор басшысына 196…
Автор: erimbetkaz
Астана. 27 қараша. BM.KZ — Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде тұтанған өртпен күресу үшін 767 өрт сөндіруші, 400 полиция қызметкері, 128 өрт техникасы және 57 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. South China Morning Post газетінің хабарлауынша, құтқарушылардың барлық әрекетіне қарамастан, өртті әзірге ауыздықтау мүмкін болмай отыр, деп жазды ТАСС агенттігі. Соңғы мәліметке сәйкес, олардың ішінде бір өрт сөндіруші бар, 13 адам қаза тауып, 16 адам ауыр жарақаттар мен күйік алған. Өрт Гонконгтың жаңа территориясындағы Тай По ауданында орналасқан «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінің сегіз биік ғимаратын шарпыды. Жалын мұнараны сән үшін безендірген бамбук ағашына дейін шарпығаны белігі болды. Кешенде шамамен 2…
Астана. 27 қараша. BM.KZ — Жол-көлік апаты Бейнеу ауылында болған. Бейнебақылау жазбаларында көлік қатты жылдамдықпен келіп, полиция көлігіне соқтығысады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікте жасөспірім болған. — Полиция көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 25 қарашада тіркелді. Бейнежазбада «Toyota Camry» автокөлігі жоғары жылдамдықпен патрульдік көлікке соғылғаны көрінеді. Көлікті 17 жастағы жас жігіт басқарған. Оның ата-анасы кәмелет жасқа толмаған балаға көлік жүргізуге жол бергені және тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламала. Абырой болғанда, жол-көлік апатынан ешкім зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған.
Астана. 27 қараша. BM.KZ — ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында медиа саласындағы өзара іс-қимылдың даму перспективалары талқыланды. Халықаралық ақпарат кеңістігін қалыптастыруда маңызды орын алатын шетелдік хабар тарату құрылымдарымен ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті. Айбек Смадияров Қазақстанның «Әл-Джазирамен» ықпалдастықты кеңейтуге ашық екенін жеткізіп, жаһандық аудиторияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдістері мен сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді диалогты жалғастыруға және ықпалдастықтың ықтимал бағыттарын қарауға дайын екенін айтты.
Астана. 27 қараша. BM.KZ — Токио қаласында XXV-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп, 81 елдің ішінде медальдік есепте 9-шы орынға тұрақтады. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мәлім етті. Сурдлимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі Токио метрополитен гимназиясында Жапония елінің ханшайымы Како Аксино, Токио қаласының мэрі Юрико Коикэ және халықаралық Сурдлимпиада комитетінің президенті Адам Косаның қатысумен өтті. Командалардың шеруінде еліміздің көк байрағын жеңіл атлетикадан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрсұлтан Кульдеев пен жүзуден ұлттық құрама спортшысы Мария Сотникова алып шықты. Салтанатты рәсім…
Астана. 27 қараша. BM.KZ — Алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кіргені хабарланды. Қазақстандық футболшы бүгін Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында 81-минутта Данияның «Копенгаген» командасы қақпасынан саңылау тапты. Нәтижесінде ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді. Бүгін оның дүниеге келгеніне 17 жас 105 күн толып отыр. Бұл тізімде көш басында испаниялық Ансу Фати тұр. Ол испаниялық «Барселона» сапында 2019 жылы Италияның «Интер» қақпасына гол соққан сәтте 17 жас 40 күнге толған еді. Екінші орында «Барселонаның» тағы бір жұлдызы Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн) еншілеп келеді. Ламин…
BM.KZ тілшісі саланың өкілдерімен сөйлесіп, ресми статистиканы зерттеп, Қазақстандағы сиыр еті нарығының нақты жағдайын анықтады. Елде сиыр етінің бөлшек бағасы көпжылдық рекордтарды жаңартып, халық арасында қызу талқыланып жатыр. Ұлттық статистика бюросы мен салалық шолуларға сәйкес, 2025 жылы сиырдың жауырын-кеуде бөлігінің бағасы килограмына 3 500–4 700 теңге, ал жылдық өсім 15–17%-ға жеткен. Бұл — ресми инфляциядан едәуір жоғары. Бірақ неге дәл осы ет түрі ерекше қымбаттады? Әлеуметтік желілерде фермерлер ашкөздік танытып, малды көрші елдерге сатып жатыр деген пікір кең таралған. Алайда ет нарығының қатысушылары олай ойламайды: олардың айтуынша, мәселенің тамыры тереңде жатыр. Бұл 2019–2020 жылдары қабылданған, соның ішінде тірі мал экспортын…
Астана. 26 қараша. BM.KZ — Астанада күз-қыс маусымына тән жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) кезеңі басталды. Қалада сырқаттанушылар саны біртіндеп өсіп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл жыл сайын қайталанатын табиғи эпидемиологиялық кезең болғанымен, дәрігерлер ата-аналарға сақтықты күшейтуді ескертуде. №3 көпбейінді қалалық Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Абайдахар Талантұлы қазіргі жағдайға байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Астанадағы барлық емханада, оның ішінде балаларға арналған фильтрлік кабинеттерде жұмыстың қарқыны күшейген. Күні бойы келушілер легі азаймайды. Дәрігерлердің басты талабы – вирус белгілері байқалғанда ата-аналардың бірден фильтрлік кабинетке жүгінуі. Себебі алғашқы белгілерді жеңіл қабылдау немесе үйде ұзақ уақыт ем жасау – аурудың асқынуына…
Астана. 26 қараша. BM.KZ — Еуропаның көне медиа ресурстарының бірі «Corriere della Sera» құрамына кіретін италиялық «Cook» басылымы мерейтойлық 80 шығарылымын Қазақстанға арнады, деп хабарлайды Kazinform. Еліміз шетелдік аудиторияға Орталық Азияның тартымды гастрономиялық бағыты ретінде таныстырылып, заманауи қазақ асханасының «Neo Nomad» тұжырымдамасы паш етілді. Арнайы жоба аясында редакция туристік локациялар мен ұлттық асхананың ерекшеліктерін зерделеді. Шығармашылық топ 50 Best Discovery тәрізді беделді халықаралық рейтингтерге енген бірқатар қазақстандық мейрамханаларды және негізгі гастрономиялық орындарды аралады: Qazaq Gourmet, Auyl, Gruppo 63, Jinau, Sandyq және Tary. Материалдың бір бөлігі Қазақстандағы шарап жасау саласының дамуына арналған. «Бұл үлкен мемлекеттегі табиғат пен мәдениеттің қайталанбас үйлесімі қызығушылық…
Астана. 26 қараша. BM.KZ — Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Т.-ға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 99-бабының 2-бөлігінің 1 тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды. Облыстық сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 26 қазанында Т. есімді азамат Қонаев–Бақанас автожолының 26-шақырымында орналасқан «Ш» шаруа қожалығы аумағында спирттік ішімдік ішіп, шамамен 22:00-де Іле өзенінің жағасына барған. Сол жерде балық аулап отырған У., Д. және К.-ны көріп, олардың бағытына мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. Нәтижесінде жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Алайда медициналық көмектің арқасында олар аман қалған. — Сот Т-ның іс-әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі мен 99-бабының 2-бөлігі 1…