Автор: erimbetkaz

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Украина сыртқы істер министрлігі Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысанына жасалған шабуылдан кейін Қазақстанның ресми наразылығына түсініктеме берді. Киевтің айтуынша, бұл соққылар Қазақстанға қарсы бағытталмаған, керісінше Ресейдің қарулы әрекеттерінен қорғану мақсатындағы шаралардың бір бөлігі. Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихий Қазақстанның КҚК-ның теңіздегі айлақ құрылғысына жасалған шабуылға байланысты білдірген наразылығына қатысты пікір білдірді. Украина тарапының сөзінше, бұл соққы қорғаныс операциясының аясында жүзеге асқан және оның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Георгий Тихий Украина Астананың алаңдаушылығын ескеретінін атап өтті: — Украина тарапынан жасалған ешбір әрекет Қазақстан Республикасына немесе өзге де үшінші елдерге қарсы бағытталмаған. Біздің…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — №63 түзеу мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына ұялы телефонды заңсыз өткізудің жолын кесті. 2005 жылғы азамат изоляторда тергеліп жатқан танысына азық-түлік әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында арасына салынған қысқы аяқ киімді көреді. — Егжей-тегжейлі тексеру кезінде аяқ киімнің ұлтарағы астына мұқият жасырылған ұялы телефон табылды. Аталған зат тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 481-бабы («Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша хаттама толтырылды, — деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен. Департамент мамандары тыйым салынған заттарды тергеуде отырғандар мен сотталғандарға заңсыз беру…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындар, Азия ойындары мен сары құрлық чемпионатының жеңімпазы Софья Берульцева Каирдегі (Мысыр) каратэден әлем біріншілігінің финалында өнер көрсетті. Қазақстандық каратэші 68 келіден жоғары салмақта финалда германиялық Йоханна Кнермен алтын жүлдені сарапқа салды. Бәсеке барысында германиялық спортшы 5:0 есебімен алға кетті. Содан кейін айқын басымдықпен жеңіске жетті – 8:0. Осылайша, С.Берульцева спорттық жолында алғаш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Әлемдік додада тағы бір қазақстандық Дидар Әмірәлі 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін айқаста чилилік Фрейре Фуэнтес Томасты жеңді. Дидар осымен екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр. Бұған дейін…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесінде орналасқан Бутаково ауылының тұрғындары аула маңына кіріп кеткен қонжықты байқап қалған. Маймақ аң қыс түсіп, күн райы суыта бастағанда қалың ұйқыға кетпей ауыл ішінде жүрген жерінен жұрттың көзіне түсті. Ауыл тұрғыны Жанарбек Нұбаевтың айтуынша, ол қонжықты таңертең сиыр суаратын бұлақтың жанынан көрген. — Қонжықты дәл судың жанынан көрдім. Көршім Ерланды шақырып, екеуміз сақтықпен арқан тастап ұстадық. Ол өте ашулы, бізге ұмтылып, тістемек болды. Аяғынан ұстап бағанаға байлауға тура келді, қораға кіргізу мүмкін емес еді. Сорпа ішпеді, тек аздап ет жеді. Ең бастысы мамандар тезірек алып кетсе екен, — деді ол.…

Толығырақ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Израиль Ливандағы атысты тоқтату режимін тағы бұзып, елдің оңтүстігіндегі Хадаса (Hadatha) ауданына ұшқышсыз ұшу аппаратымен соққы жасады, деп хабарлайды ИРНА. ИРНА мәліметінше, Израильдің Ливанға қарсы агрессиясы 2024 жылғы 1 қазанда басталған. Екі айдан кейін, 2024 жылғы 27 қараша, сәрсенбі күні АҚШ-тың арағайындығымен атысты тоқтату туралы келісім жасалған. Алайда Израиль бұл келісімнің талаптарын жүйелі түрде бұзып келеді. Келісім ережелеріне сәйкес, израильдік әскери бөлімшелер 60 күн ішінде Оңтүстік Ливан аумағынан толық шығуы тиіс еді. Соған қарамастан, халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде Израиль бұл аймақтағы бес стратегиялық нүктеде әскерін ұстап қалып, өз күштерін шығарған жоқ.

Толығырақ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Петропавлда ата-аналар қазақ мектеп-гимназиясындағы асхана қызметінің сапасына наразылықтарын білдірді деп хабарлайды Kazinform. Олар Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына хат жазып, кәсіпкерді ауыстыруды талап отып отыр. Ата-аналардың айтуынша, асханада берілетін тамақ өте нашар, балалар ішпей, үйге аш келеді екен. — Асханада тарақандар өріп жүр, санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмайды. Тамақтары сапасыз азық-түліктен дайындалады, шикі, дәмсіз, балалар ішпей қайтарып береді сол қалпы. Менің 1 және 3-сыныпта оқитын балаларым тамақтары жаман, тек шай ішіп, нан ғана жейміз деп айтады, — дейді Петропавл тұрғыны Жазира Закирьянова. Ата-аналардың айтуынша, олар кәсіпкермен бірнеше рет кездескен, олқылықтарды жоюды сұраған. Бірақ нәтиже жоқ. — Мектеп…

Толығырақ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Қазақстандық теннисші, әлемнің 283-ракеткасы Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты. Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Осылайша, З.Дияс 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды. Зарина Дияс спорттық жолында Мельбурнде 2014, 2015, 2020 және 2021 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Толығырақ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр. – Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз. Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал…

Толығырақ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекті қадағалау басқармасының (FDA) комиссары Марти Макари COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны алғаннан кейін балалардың көз жұмғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды DW. Марти Макари Fox News эфирінде ведомствода COVID-19 вакцинациясы балалардың өліміне себеп болғанын айтты. Оның бұл пікірі Тhe New York Times басылымындағы ақпараттан кейін шықты. Басқарма комиссары газетке шыққан жаңалықты растады. Басылымның хабарлауынша, FDA вакцинация бөлімінің бастығы Винай Прасад 28 қарашада қызметкерлерге жадынама жіберген. Тексеру барысында вакцинациядан кейін 10 баланың осы екпеден мерт болғаны анықталды. Болжамды себеп миокардит деп аталды. Жазбада балалардың жасы, олардың денсаулық жағдайы немесе екпе мен өлім-жітім арасындағы байланыс…

Толығырақ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысанына қызғылт-сары түсті жарық жағылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады. Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды. Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді. Елімізде Біріккен ұлттар ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясына сәйкес жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16…

Толығырақ