Автор: erimbetkaz

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ – Түркістан облысының Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. – 2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы қыз көз жұмды. Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешенінің жүргізілуіне қарамастан, орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым келген қызды аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, – делінген ресми хабарламада. Айта кетсек, өрттен қаза тапқан 13-ші адамның…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ – Мұндай қауіпті үйлерден тұрғындар көшіріледі. Астанада көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі қаптама құлап, фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына алып келген резонансты оқиғадан кейін, кейбір елордалық тұрғындар өз қауіпсіздігіне алаңдай бастады. Осы ретте BM.KZ редакциясы мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қалалық әкімдік қандай шаралар қабылдап жатқанын анықтауды жөн көрді. Редакцияның ресми сауалына жауап берген Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы елордада тұрғын үй қорын реновациялау жобасы іске асырылып жатқанын хабарлады. Жоба аясында тозығы жеткен апатты үйлер толықтай бұзылмақ. Қазіргі таңда 4 710 пәтерден тұратын 206 апатты үйдің тізімі бекітілген. Осы тізімге сәйкес тұрғындарды көшіру…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адамның баланы тепкен сәті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Алатау ауданында болған. Видеодан ер адамның балалар алаңында жүгіріп барып, бар күшімен баланы тепкенін көруге болады. Бала құлап қалған, ал ер адам оқиға орнынан кетіп қалған. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. — Балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында, — делінген ведомство хабарламасында. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Алматы полиция департаменті Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үстінен бірнеше рет әдейі жалған ақпарат таратты деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. — Түскен арыздар бойынша О. ресурсының бас редакторы, азаматша Б.-ға қатысты бірнеше рет және қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық істер тіркелді, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, тергеу әрекеттері аясында арызданушылардың келтірген уәжі мұқият тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылғы бір жазбада құқық қорғау органының қызметкері пара алған кезде ұсталды деген жалған ақпарат тараған. — Мұның шындыққа жанаспайтыны анықталды. Осылайша, Б.-ның әрекеті бұл қызметкердің кәсіби беделіне нұқсан…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының Жарлығымен  Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Алматы полициясы кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша істі тергеп жатыр. Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында шетелдік азаматтардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Отбасылық жұп суррогат анадан туған нәрестелермен Қазақстаннан шығып кетуге тырысқаны айтылған. Мұны Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды саудалау) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. — ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабында көзделген істің барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеу талаптары қамтамасыз етіліп жатыр, — делінген хабарламада. Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жария етілмейтінін…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Петропавл қаласындағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген. Түскен өтініш негізінде департамент мамандары сауда нысанына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, баға белгілерінде шетел валютасы көрсетілгені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы, себебі тауарлар мен қызметтердің бағасы тек теңгемен көрсетілуі тиіс. — Тексеру нәтижесінде супермаркет иесі…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — АҚШ пен Украина делегациялары Флоридадағы келіссөздерден кейін, Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келісім жасауға мүмкіндік бар екенін айтты. Air Force One ұшағында тілшілердің сұрағына жауап берген Трамп Украина «бірқатар күрделі, бірақ көлемі шағын мәселелерге» тап болып отырғанын атап өтті. Ол мемлекеттік «Энергоатом» компаниясына қатысты туындаған жемқорлық жанжалы елдің жағдайына «пайда әкелмейтінін» жеткізді. Бұл жайт бейбіт келіссөздерге әсер етуі мүмкін бе деген сұраққа Трамп нақты жауап бермеді. Алайда кейінірек: «Мен келісімге қол жеткізуге жақсы мүмкіндік бар деп санаймын», – деп түйіндеді. Бұған дейін АҚШ Ресейге соғысты тоқтату жөніндегі «негізгі параметрлерді» ұсынғаны…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Сату кеңсесінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін «дәлелдейтін» макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген. Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған. Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді. — Жәбірленушілер…

Толығырақ

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Алматылық «Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев швециялық Score90 порталының нұсқасы бойынша 2008 жылы туған әлемнің ең үздік бес футболшысының қатарына кірді. Score90 порталы құрастырған беделді рейтингке 17 жастағы алматылық шабуылшы еніп, дүние жүзі бойынша 2008 жылы туған ең мықты бес ойыншының бірі атанды. Ол бұл тізімде «Бавария», ПСЖ және «Ливерпуль» ойыншыларымен қатар тұр: Леннарт Карл («Бавария»); Ибраим Мбайе (ПСЖ); Рио Нгумоа («Ливерпуль»); Онест Аанор («Аталанта»); Дастан Сәтпаев («Қайрат»).

Толығырақ