Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Екібастұз қаласының соты Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың әпкесін мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сондай-ақ оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Әкімнің 53 жасар әпкесіне қатысты әкімшілік іс Екібастұз қалалық сотында қаралған. Қаулыда айтылғандай, екі патрульдік полицей Петренко көшесінде А.Байханова тізгіндеген Hyundai Tucson автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонында ол жалғыз болған. Жүргізушіден алкогольдің иісі шыққанын аңғарған тәртіп сақшылары оны медициналық куәландыруға жіберуге шешім қабылдады. Дәрігерлер мас болудың жеңіл дәрежесін анықтайды. Сәйкесінше полицейлер көлікті мас күйінде жүргізу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырады. — Бірақ ол сәттер бейнежазбаға түсірілмегені анықталды. Ал А.Байханова…
Автор: erimbetkaz
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында болашақ бір палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары, сондай-ақ азаматтардың е-Otinish және E-gov платформалары арқылы келіп түскен бастамалары қаралды. Отырыста жаңа Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, саны мен сапалық құрамы, өкілеттілік мерзімі және квотаға қатысты тәсілдер сараланды. Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан парламенттік реформа жөнінде азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар туралы ақпарат берді. Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардан жинақталған ұсыныстар…
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған. Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған. — Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады департаменттен. Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Алматы әуежайында 33 жастағы тұрғынның өзін өртемек болған әрекетіне байланысты басталған қылмыстық тергеу тоқтатылды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Ауруханадан шыққаннан кейін ер адам ешкімге шағымы жоқ екені туралы жазбаша өтініш берген. — Тергеу барысында қажетті барлық іс-шара орындалып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде тоқтатылды. Прокурор бұл шешімді бекітті, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті. Тергеу қорытындысы бойынша Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіне осы оқиғаның болуына әсер етуі мүмкін кемшіліктерді…
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып тұрған Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA чемпионы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жылдың басты жекпе-жегі ресми түрде өтпейтіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясы да ресми ақпарат таратты. — 6 желтоқсанға жоспарланған айқасқа үш күн қалғанда, Жәнібек Әлімханұлының тестінен мельдоний анықталғаны белгілі болды. Жәнібектің ең маңызды жекпе-жегі тоқтатылды, — делінген хабарламада. Айта кетейік, бұл туралы ақпаратты алғаш болып The Ring журналисі Майк Коппингер жазды. Дәл сол сәтте мәселаның қаншалықты күрделі екені белгісіз еді. Бірақ 20 минут өтпей жатып ESPN тілшісі Дэн…
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Астаналық блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бейнематериал жариялап, онда қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорлап, бейәдеп сөздер айтқан. Бүгін Астана полициясы атышулы блогерді ұстап, әкімшілік іс қозғаған еді. 2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан азаматша О.-ға қатысты іс түсті. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Іс материалдарына сәйкес, О. Instagram парақшасында видео жариялап, онда қоғамға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты қорлайтын, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Бұл іс қылмыстық тергеуге жатпайды, тек әкімшілік…
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Лисаковскіде жүргізушінің полициядан қашып құтылуға тырысқан әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталды. Қауіпті маневрлер жасаған жүргізуші жарық бағанасына соғылғаннан кейін қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform. 1 желтоқсанда Лисаковск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолда қауіпті маневр жасаған және жаяу жүргінші өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермеген ВАЗ-21093 автокөлігіне назар аударған. Тәртіп сақшыларының заңды тоқтату талабына ер адам еш мән берместен қозғалысын жалғастырған. Сондай-ақ аталған автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргені анықталды. Айналма жолайрығы тұсында жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, жарық жүйесінің бетон бағанасына соғылған. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Алдын…
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — Оның ойынша, мұның бәрі Бишімбаевпен байланыста болуға мәжбүрлеу үшін жасалған әрекет. Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман видео жариялады. Туған күніне түрмеден бұрынғы күйеуі Бишімбаев арнайы сыйлық жолдаған. Таңертең туыстары мен жақындарының гүлдерімен және құттықтауларымен бірге оған бұрынғы күйеуінің сотқа түсірген шағымы табысталған. Назым Қахарманға соттан екі конверт келген. Бірі – балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы талап, екіншісі – балаларды шетелге шығаруға қатысты сенімхатты қайтарып алу туралы ескерту. Алдымен Бишімбаев сот шешімімен балаларды шетелге шығаруға сенімхат рәсімдеген, бірақ он айдан кейін оны қайтарып алған. Енді ол балаларының елден тыс…
Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ — WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды. Танымал Америкалық «The Ring magazine» кәсіпқой бокс басылымының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы VADA сынағынан кейін өнімділікті арттыратын дәріні қолданғаны туралы жағымсыз қорытынды шығарды. Осылайша, осы сенбі күнге жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы және Эрисланди Лара арасындағы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жектің сәтті өтуіне үлкен қауіп төнді. Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты өз пікірін айтты. Боксшы әрқашан таза спортты қолдайтынын, қайта анализ тапсыратынын айтты. — Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза…
Астана. 2 желтоқсан. BM.KZ — Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді. Нұрлан Жақыпов қор тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53 триллион теңге болатын 130-ға жуық жоба бар екенін айтты. Соның ішінде осы жылы CASPI BITUM зауытының қуатын арттыру, 50 МВт-тық күн электр стансасы және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салу жобалары жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 1,1 триллион теңгеге 9 ірі жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жетісу облысындағы 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізетін Талдықорған – Үшарал магистральді газ…