Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М. деген ер адамға қатысты үкім шықты. Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, оған ҚР ҚК 125-бабы 3-бөлігі 2-1-тармағы (көрінеу кәмелетке толмаған адамды ұрлау), 121-бабы 4-бөлігі (күш қолданып және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау), сондай-ақ 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес айып тағылды. Сот талқысында анықталғанындай, биылғы 22 тамызда кешкісін Тасқала ауданы Тасқала ауылында ер адам жәбірленушінің кішкентай қыз екенін біле тұра, дүкеннен тәттілер сатып алып беріп, алдаған. Сосын адам жүрмейтін жерге алып шығып, заңсыз ұстаған. Ақыры жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа барған. Прокурор айыптауды толық қолдап, сотталушыны…
Автор: erimbetkaz
Астана. 5 желтоқсаню BM.KZ — Полицейлер із-түзсіз жоғалған жігіттің денесі табылған соң қылмыстық іс қозғады. Жақсы ауданындағы Қима ауылының тұрғындары із-түзсіз жоғалған 42 жастағы ауылдасын үш күн бойы іздеген. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам 30 қарашада үйінен шығып кеткен, сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз болған. Іздестіру жұмыстарын полиция қызметкерлері, еріктілер және туыстары жүргізді. — Із-түссіз жоғалып кеткен Қима ауылының 1983 жылы туған тұрғынын іздестіру барысында оның денесі Есіл өзенінің жағасынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге суға бату кезінде тыныс алу жолының сумен бітелуі салдарынан тұншығу себеп болған, — деп хабарлады ведомство. Ер адамның мәйіті табылған…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин әлемдік бокс Даңқ залына енген Қазақстанның алғашқы спортшысы атанды. Бұл ақпарат Халықаралық бокс Даңқ залының (IBHOF) ресми мәлімдемесінде жарияланды. Салтанатты рәсім 2026 жылғы 11-14 маусым аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк штатына қарасты Канастота қаласында өтеді. 2025 жылғы дауыс беру нәтижесінде Головкинмен бірге Вернон Форрест пен Стив Коллинс те үздік тізімге ілікті. Сонымен қатар, бұған дейін алғашқы кезеңде өтпей қалған боксшылар да қарастырылған. Дауыс беруге АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Австралия, Нидерланд, Германия және Мексикадан спорт журналистері мен бокс тарихшылары қатысты. Головкин Даңқ залына алғашқы кезеңде-ақ өтті. Сонымен бірге, биылғы тізімге бұрынғы…
Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөсіпрімнің ісі қаралды. Сот, бозбаланы 7 жыл, 6 айға түрмеге жапты. «ҚР ҚК 58 бабының 3 бөлігінің талаптарының негізінде Анар Асан Алтынбайұлына тағайындалған онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 7 жыл, 6 ай мерзімге бас ботандығынан айыру жазасы тағайындалсын», -деді судья Бақыт Тыныбаев. Сотталушы, енді жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздігі мекемесінде өтейтін болды. Алайда, марқұм Диана Оңғарбаеваның туыстары бұл үкіммен келіспейді. Олар, сотталушыға неғұрлым қатаң жаза тағайындау керек деп санайды. «7 жыл жаза, осындай ауыр қылмысқа өте жеңіл…
Астана. 4 қараша. BM.KZ — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Аталған Заң арқылы Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстерге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Мәдениет туралы», «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді. Баланы асырап алу және кәмелетке толмағандарға қамқоршылықты немесе қорғаншылықты тағайындау барысында баланың туыстарына,…
Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Алматы халқы 4 қарашада шамамен 12:45–те жер сілкінісін сезді. Артынша тұрғындарға жер сілкінісі туралы ескерту келді. — Алматы қаласы аумағында жер сілкінісі, — делінген хабарламада. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр. Жерсілкінісінің координаттары : 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км. Жерсілкінісінің энергетикалық класы 14.0. Магнитуда MPV6.7.
Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Алматының санитарлық қызметі қатты отынмен жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындарына 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Алматының экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, 10 экологиялық құқық бұзу анықталды. Жеті нұсқама беріліп, екі факті бойынша материалдар сотқа жолданды. Барлығы 1 887 360 теңге көлемінде сегіз әкімшілік шара қолданылды. Eco Almaty ЖШС мамандарының айтуынша, мұндай нысандар шамадан тыс түтін мен иіс шығарып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудырады. — Кәуапхана иелерімен тұрақты түрде түсіндіру жұмысы жүргізіледі: қатты отынды пайдалануға тыйым салынған, ал газбен жұмыс істейтін жабдықтарда міндетті түрде сүзгілер орнатылуға тиіс. Eco Almaty тарапынан бақылау атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар…
Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған. Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген, жабдықтың тозуы 90%-ға жетті. — Қазіргі уақытта нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер (кәріз, жылумен жабдықтау, жарықтандыру) тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Сүзілген және ауыз суға арналған 4 резервуар реконструкцияланды және пайдалануға берілді, сорғы…
Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Өскемен–Алтай–Рахманов бұлағы автожолы бойында, Солтүстік ауылының маңында мас жүргізушіліктің салдарын еске салатын ерекше арт-нысан пайда болды. Полиция бастамасымен жол жиегіне биіктігі 9 метр болатын бөтелке пішініндегі үлкен ескерткіш орнатылған. Оның ішінде ауыр жол апаттарына түскен, қирап-бүктелген көліктер қойылған. Арт-ескерткіш жүргізушілерге мас күйінде рульге отырудың салдары қандай болатынын нақты көрсетуге бағытталған. «Бұл монумент эффект үшін немесе әдемі көрініс үшін қойылған жоқ. Ол – өмірдің шындығы. Бір ғана қате шешім сапарды қасіретке айналдыра алады. ЖКО салдары қай кезде де ауыр, біздің міндет – мұны әр жүргізушіге түсіндіру», — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. Ведомство өкілдері пішін…
Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Авиажөндеу зауыты № 406 ГА» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған. — МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу тиесілі бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген. Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған. Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген, — делінген ҚМА хабарламасында. Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңге. Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен…