Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттігі. Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауға арналған жария тыңдау өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, қоғам қайраткерлері, мәслихат, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК-ның өкілдері қатысты. ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп негізгі жүктеме қуатына энергия қажеттілігін, геологиялық факторларға, электр желілерінің инфрақұрылымына және елдің өсіп келе жатқан экономикасын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге қажеттілікті ескере отырып, екінші атом электр станциясының ықтимал орналасу орындарына талдау жүргізілді. Бұл талдау Қазақстан…
Автор: erimbetkaz
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты — Бүгін еліміздің бизнес қауымдастығы үшін өте маңызды күн деуге болады. Біз биыл да қалыптасқан дәстүрге сай «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттап жатырмыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі — ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл — өз кәсібіне адал, іскер…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Алматының Медеу аудандық соты 2025 жылғы 17 қарашада бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағасы Дулат Қожамжаровтың мүлкіне бұғат салды. Бұл құжат «Сот кабинеті» сайтында жарияланған. Бұғаттау туралы шешім Қазақстан Халық банкінің өтініші бойынша шығарылған. Сот қаулысына сәйкес, екі жеке тұлға мен оларға тиесілі төрт компанияның жалпы сомасы 2,63 миллиард теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бұғатталды. — Сот талапкердің сұраған сомасы — 2 550 635 252,63 теңге және мемлекеттік баж сомасы 76 524 956 теңге, яғни барлығы 2 627 160 208,63 теңге көлеміндегі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бұғаттады. Бұғатталған мүлікке «Группа Компаний „Ойл Снаб“ ЖШС,…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Алматыда ұлттық Miss Qazaqstan 2025 сұлулық байқауының финалы өтті. Қатысушылар осы финалға жету үшін бірнеше іріктеуден өткен. Финалдық шоу классикалық сұлулық байқауларының форматымен қатар, жаңа және заманауи элементтерді де біріктірді. Қыздар сахнаға қырғызстандық дизайнер әзірлеген ұлттық костюмдермен шықты. Ол — Miss Qazaqstan жобаларының тұрақты дизайнері. Финалда ерекше көзге түскен деталь — көк түс айрықша мәнге ие болды. Бұл түс еркіндікті, ішкі күшті, ашық мінезді және өз жолына деген сенімділікті білдіреді. Қазылар алқасы бірнеше турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады. Miss Qazaqstan 2025 тәжін шымкенттік 22 жастағы Алина Екатеринчева (Ри) иеленді. Алина үш жасынан бері би билейді. Ол осы уақыт ішінде…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Алматыда жеке сот орындашы өндіріп алынған қаражатты иемденіп, аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзу фактілері анықталды. — Жеке сот орындаушысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды, — делінген хабарламада. Алмалы аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Германия федералдық канцлері Фридрих Мерц Еуропалық одақта бұғатталған Ресей активтерін Америка Құрама Штаттарына беруге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. БАҚ дерегінше, бұл мәселе Украина бойынша бейбіт келіссөздер барысында көтерілген. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп ілгерілетіп отыр. DW мәліметінше, Мерц бұғатталған қаражаттың АҚШ-қа емес, Украинаға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Оның сөзінше, Киевке қыстан аман шығуы үшін және алдағы екі–үш жылға қаржылай қолдау көрсету қажет, ал ол үшін айтарлықтай ресурстар керек. Канцлер бұл мәселе еуропалық институттардың құзыретіне жататынын, сондықтан ЕО аумағында ұсталып отырған қаражатты АҚШ-қа аударуға экономикалық негіз жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл позиция…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды. Қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен таралып жатыр. Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды. Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті. — Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі. Дипломдарды генерациялау «Жоғары білім берудің…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Америкалық сот «Достар» телехикаясының жұлдызы Мэттью Перриге кетамин жеткізген калифорниялық дәрігерді 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды BBC. Доктор Сальвадор Пласенсия Перриге кетамин жеткізгені үшін сотталған алғашқы адам болды. Бұл іс бойынша бес адамға айып тағылды, оның ішінде тағы бір дәрігер, актердің жеке көмекшісі және оның өліміне себеп болған дозаны ұсынған деп айыпталған екі адам бар. Олардың барлығы кінәсін мойындады және алдағы айларда сотталады. Перри қайтыс болғаннан кейін АҚШ федералды билігі ауқымды тергеу жүргізіп, оның кетаминді Голливудта жұмыс істейтін жасырын есірткі саудасы желісі арқылы алғанын анықтады. Актердің отбасы судьядан Пласенсияны басқа айыпталушыларға…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — БҰҰ миссиясы құрамында қызмет ететін бөлінуді бақылау жөніндегі Қазақстан контингентінің инженерлік-саперлік тобы аумақты қауіпті заттардан тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті. — Осы жылдың сегіз айында бітімгерлер 32 жедел тапсырманы орындап, мыңнан астам қауіпті затты, оның ішінде 23 қолдан жасалған құрылғыны тауып, жойды. Бұл көрсеткіш алдыңғы ротация жұмысына қарағанда екі есе артық, — делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін 14 жедел тапсырманы орындау барысында саперлер 500-ден астам қауіпті затты және 6 қолдан жасалған құрылғыны жойған. Бұл қазақстандық бітімгерлер жұмысы тиімділігінің артқанын айқын көрсетеді. Инженерлік-саперлік топ командирі майор Ернар Амантайұлының айтуынша, жарылмаған…
Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, салмағы небәрі 705 грамм сәбидің өмірін аман сақтап қалды. Дәрігерлердің айтуынша, анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталған. Өте аз салмақпен туған сәбидің алғашқы 56 күні жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Ақ желеңділер 75 күн бойы баланың өмірі үшін күресіп, заманауи медициналық технологиялар мен дәрілік препараттарды қолданды. Қазіргі таңда Мұхаммад-Мустафа есімді сәби 2350 грамм салмақпен үйіне шығарылды. Ол отбасындағы екінші бала. – Аз салмақпен туған балалардың өмірін сақтау үшін ана мен дәрігерлер қаншама ұйқысыз түндерді өткізеді. Біз үшін әрбір баланың аман қалуы…