Автор: erimbetkaz

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің жертөлесінен оқушылардың денсаулығына қауіп төндіретін сынапты лампаларды анықтады. Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінде қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында бірқатар мектеп пен мемлекеттік балабақшада 436 дана істен шыққан сынапты лампа ұзақ уақыт бойы қоймалар мен жертөлелерде сақталғаны анықталды. Бұл оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. «Заңбұзушылықтар толығымен жойылды. Қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды. Осылайша 3 458 азаматтың, оның ішінде 2 947 оқушының және 511 қызметкердің құқықтары қорғалды», — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Желіде «Атырау облысында аңға шыққан ер адам абайсызда оққа ұшып көз жұмды» деген ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды NUR.KZ. «5-інен 6 желтоқсанға қараған түні Қызылқоға ауданында 36 жастағы адам абайсызда 39 жастағы серігін атып өлтірген. Оқиға түнгі сағат 02:30 шамасында Жасқайраттан 30 шақырым жердегі Аққора ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар аңға шығып, алкогольдік ішімдік ішкен. Қаруды қолданудағы қателік адам өліміне себеп болған», — делінген Instagram желісінде. Қызылқоға аудандық полиция бөлімі Аққора ауылы маңында болған адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. «Күдікті 36 жастағы адам…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — 2025 жылғы ақпан айында дронның зақымдауы салдарынан Чернобыль атом электр станциясының қорғаушы қаптамасы (саркофаг) радиацияны ұстап тұру мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды DW басылымы. Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) хабарлағандай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін саркофагты толық қалпына келтіру қажет. Дрон зақымдағаннан кейін Чернобыль АЭС-тің қорғаушы қабығы негізгі функцияларын орындай алмай қалды. Агенттік бас директоры Рафаэль Гроссидің сөзінше, тексеру «қорғаушы қабық өзінің негізгі қауіпсіздік функцияларын, соның ішінде радиацияны ұстап тұру қабілетін жоғалтқанын» растаған. Дегенмен мамандар негізгі құрылымдар мен мониторинг жүйелеріне ұзақ мерзімді зақым келмегенін анықтаған. Гросси бірінші жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, бірақ ұзақ мерзімді ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Онлайн-казиноға 600 млрд теңге шығарған трансшекаралық схема әшкереленді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату бойынша белсенді жұмысты жалғастырып келеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерленді. Онда ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған. Қазақстан аумағында онлайн-казино қызметіне толық тыйым салынған. Мұндай платформалар салық төлемейді, клиенттерді сәйкестендірмейді, балалар мен жастарды белсенді түрде тартады, сондай-ақ халықтың моральдық және психикалық денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған «сұр» POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған. Қазір заңсыз операциялардың…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне арнап маңызды мәлімдеме жасады. Бұл жазба спортшыға қатысты соңғы күндері тараған допинг дауынан кейін пайда болды. Спортшы өзінің мансабында ең қуанатыны – ешқашан «жаман ниеттегі» жанкүйер жинамағаны екенін айтты: «Менің бір қуанататыным, бокс мансабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын!» Әлімханұлының айтуынша, нағыз жанкүйер тек жеңіс кезінде емес, қиын сәтте де қолда көрсететін адам. «Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен! Бұл түсіне білгенге спортшы үшін үлкен бақ!» Спортшы өзіне…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге тағы да шүйлікті. Одан «көңілі қалғанын» айтты. Трамптың сөзінше, Зеленский әлі күнге дейін «бейбіт келісім» құжатының жаңартылған нұсқасын оқымаған. 7 желтоқсанда Дональд Трамп Вашингтондағы Кеннеди орталығы сыйлығын табыстау рәсімінде журналистердің сауалдарына жауап берді. Ол «АҚШ-тың бейбітшілік жоспарына Украина зор ықылас танытып отыр, алайда президент Зеленский бұл құжатпен әлі таныспаған» деді. «Өткен аптадағы келіссөздерден соң біз Ресей президенті Путинмен де, Украина басшылығымен де, оның ішінде президент Зеленскиймен де сөйлестік. Ашық айтайын, президент Зеленскийдің бейбітшілікке арналған соңғы ұсынысты әлі оқымағаны мені сәл қынжылтты. Бұл – бірнеше сағат бұрынғы жағдай»,…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Қостанайда лицензиясыз дерматокосметологиялық қызмет үшін салон әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі. 2025 жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1 200 000 теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен салон әкімшілігіне келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы талап қойған. Салон бұл талап арызға жауап бермеген, сондықтан әйел Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінді. Департаменттің тексерісі салонның талап арызға жауап бермегенін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар келісімшартқа тұтынушылардың құқықтарын шектейтін шарттарды, оның ішінде ақшаны қайтармау туралы ережені алып тастау жөнінде нұсқама берілді.…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Грекиялық «Олимпиакос» командасының футболшылары UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Кайратпен» Астана қаласында кездеседі. «Астана-арена» стадионында өтетін ойын 9 желтоқсан күні сағат 20:20-да басталады. Кездесуді «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. «Олимпиакос» командасы «Кайратпен» ойын алдында төмендегі құрамын жариялады. Қақпашылар: Николаос Ботис, Георгиос Кураклис, Константинос Дзолакис; Қорғаушылар: Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Алексиос Калогеропулос, Коштинья, Родиней, Бруно Оньемаечи; Жартылай қорғаушылар: Диогу Насименту, Желсон Мартинш, Дани Гарсия, Лоренцо Шипиони, Чикиньо, Габриэль Стрефецца, Сантьяго Эссе, Даниэл Поденсе, Ставрос Пневмонидис Христос Музакитис; Шабуылшылар: Аюб эль-Кааби, Роман Яремчук, Мехди Тареми. Кездесуде испаниялық Хуан Мартинес бас…

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Елордада Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана өртеніп, салдарынан жүк көлігіне де зақым келді. Ведомство мәліметінше, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. — Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана мен сыртқы қаптамасы өртенген. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автокөлігіне зақым келді, — делінген хабарламада. Бұдан бұрын елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртеніп жатқанын жазғанбыз.

Толығырақ

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Еңбекмині баспасөз қызметі. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды. — Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің…

Толығырақ