Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Әйел адам мен кішкентай қыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған. Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті. Жанындағы әйел жүргізушіні қолындағы сөмкеге ұқсас затпен бірнеше рет ұрған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Halyqstan. Оқиға 8 желтоқсанда түстен кейінгі уақытта Әбілқайыр хан даңғылы маңындағы Мир даңғылында болған. Полиция мәліметінше, әйел адам мен кішкентай қыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған. Сол сәтте қыз алға қарай жүгіріп шыққан, нәтижесінде Hyundai маркалы көлік оны қағып кеткен. Қызбен бірге келе жатқан әйел (алдын ала дерек бойынша – туысы) бірден оқушыға көмектесудің орнына, көлік жүргізушісіне тап беріп,…
Автор: erimbetkaz
Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Бүгін Үкімет отырысында ең алдымен күн тәртібінен тыс мәселе — еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету жайы қаралды. — Отырыстың күн тәртібінен тыс алдағы вегетация кезеңінде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесін тыңдаймыз. Өткен аптада Қанат Алдабергенұлы (Премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев) және Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрлерімен бірге оңтүстік аймақтарға барып, жергілікті халықпен бірнеше кездесу өткізіп, тиісті түсіндірме берген болатын, — деді отырысты ашқан Премьер-министр Олжас Бектенов. Негізі мәселе бойынша сөз алған Қанат Бозымбаев 4-5 желтоқсан аралығында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында Су ресурстары министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері, құқық қорғау органдары, су шаруашылығы…
Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде заңсыз схема ұйымдастырғаны анықталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол сатып алуды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, кейін көптеген келісімшарттар жасау арқылы мемлекеттік қаражатты жымқыруға жағдай жасаған. Схеманы іске асыру үшін күдікті медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан. Ол өзіне бағынысты, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы фирмалар атынан бағасы негізсіз көтерілген коммерциялық ұсыныстар әзірленген. Тергеу деректеріне сәйкес, жабдықты іс…
Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Алматы халықаралық әуежайындағы желілік полиция бөлімі ірі көлемдегі есірткіні анықтады. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, «Пхукет–Алматы» әуе рейсімен келген 42 жастағы Үндістан азаматынан тыйым салынған заттар табылды. Оның жүгін тексеру кезінде полиция қызметкерлері салмағы 2 кг 995 грамм болатын марихуананы тәркілеген. — Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты шетел азаматын кінәлі деп танып, оны 15 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті, — деп хабарлады департаменттен. Жалпы 2025 жылдың 11 айында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткіге қатысты 347 за бұзушылықты анықтаған. Оның…
Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әуесқой бокстан Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы, әйгілі боксшы кіші Рой Джонспен кездесті. Кездесу барысында министр кіші Рой Джонстың Қазақстанға арнайы жасаған сапары үшін алғыс білдіріп, оның заманауи бокс тарихында алар орны ерекше екенін атап өтті. Кіші Рой Джонс – спорттағы бірегей шеберлігімен, ерекше стилімен және тарихи жетістіктерімен әлемдік бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. – Әлемдік спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылған, заманауи бокстың ұлы тұлғаларының бірі ретінде елімізге келуіңіз біз үшін үлкен мәртебе. Сіздің спорттағы теңдессіз жетістіктеріңіз, жарқын мансабыңыз бен бірегей шеберлігіңіз әлемнің…
Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Бүгін «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы Чемпиондар лигасының матчы өтетін «Астана Арена» стадионына арнайы шаттл қатынайтын болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Қала әкімдігі матч күні стадионға қатынайтын шамамен 25 автобус ұйымдастырады. Автобустар мына орындардан қатынайды: 1.«Қалалық цирк» автотұрағы; 2. «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы; 3. «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы; 4. Орталық парк автотұрағы; 5. «Бас Мешіт» автотұрағы. Автобустар 18:00-де қозғала бастайды және екі бағытта қатынайды. Көрермендерге жиналу орындарына 17:30-ға дейін келу ұсынылады. Матч кезінде Астана қаласының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шамамен 2800 полиция қызметкері жұмылдырылады, оған патрульдік бөлімшелер, учаскелік…
Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу енгізу туралы шұғыл ақпарат жариялады. 9 желтоқсан сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының күрт нашарлауына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Ақмола облысы: «Астана–Шідерті–Павлодар–Үспенка–РФ шекарасы» автожолы, 36–200 км, а.Софиевка – Павлодар облысының шекарасы учаскесі. Қарағанды облысы: «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолы, 231–324 км, Павлодар облысының шекарасы – а.Ботақара учаскесі. «Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті» автожолы, 1067–1135 км, а.Молодёжный – Павлодар облысының шекарасы учаскесі. Павлодар облысы: «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолы, 0–231 км, а.Қалқаман – Қарағанды облысының шекарасы учаскесі. «Астана–Шідерті–Павлодар–Үспенка–РФ шекарасы» автожолы, 200–431 км, Ақмола облысының шекарасы – а.Атамекен учаскесі. «Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті» автожолы, 1135–1206 км, а.Шідерті –…
Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. — «Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық…
Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Астанада күндіз қар тазалау жұмысына 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қала әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес қала көшелерін қардан тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. 8 желтоқсан күні таңертеңнен бастап елорданың алты ауданында үш мыңға жуық жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника қар күреуге шықты. — Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Осыдан кейін қозғалыс қарқындылығы орташа учаскелерде — аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі, — делінген хабарламада. Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша…
Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов қызметінен босатылды. — Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданды. Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін аймақ басшысының протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша басқарма басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды, — деп хабарлады ШҚО әкімі баспасөз қызметінен. Әкімдік мәліметінше, іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді. — Облыс әкімдігі ашықтықты қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр,…