Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Ақтауда алғаш рет адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағдай тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі хабарлайды. Облыстық көпбейінді ауруханасында 45 жастағы ер адамның ми өлімі тіркелген. Осы жағдайға байланысты өңірлік үйлестіруші Индира Аманқосқызы мен стационарлық координатор Ілияс Юсупұлы туыстарына қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Жақындары батылдық танытып, донорлыққа келісім берген соң аурухана базасында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мамандарымен бірлесіп жүрек алу операциясы жасалды. Донордың жүрегі ұзақ уақыт күту парағында тұрған науқасқа сәтті трансплантацияланды. Отаны Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация орталығының мамандары сәтті жүзеге асырды. — Бұл —…
Автор: erimbetkaz
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Мойынты-Шығанақ учаскесінің Шешенқара–Қаражанғыл аралығында ірі теміржол апаты болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бағыт бойымен келе жатқан жүк пойызы машинисі жолдағы теміржолшыларды байқап, шұғыл тежеу қолданған. Ол сәтте Сарышаған станциясының жол жөндеу бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатқан. — Алайда қабылданған барлық қауіпсіздік шараларына қарамастан, апатты болдырмау мүмкін болмады. Төрт жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — делінген ақпаратта. Оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау үшін ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұлттық компанияның бас инженері басқарады. Оның құрамына «ҚТЖ — Жүк…
Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген ресми құжатта. Еске салайық, ол биылғы маусым айынан бері ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келген.
Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech «электрондық үкіметі» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі. Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.
Мессенджер әзірлеушілерінің айтуынша, ел Президентінің үндеуінен кейін Aitu-ға тек қана қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер емес, шетелдіктер де қосыла бастаған. Қазіргі таңда пайдаланушылардың шамамен 10%-ы – шетел азаматтары. Мессенджер алты тілге аударылған. Aitu-дың ұлттық мессенджер мәртебесін алғанына үш ай өтті. Осы қысқа уақыт ішінде сервиске барлық мемлекеттік құрылымдардан пайдаланушылар ағылды. Ал ол — ондаған мың аккаунт. Play Market-тегі жүктеу саны қазірдің өзінде бір миллионнан асып кетті. BM.KZ тілшісі әзірлеуші — BTS Digital-дан Aitu осындай орасан жүктемеге қалай төтеп беріп жатқанын және пайдаланушылардың жеке деректерін қалай қорғайтынын анықтап көрді. «BTS Digital» компаниясының баспасөз қызметі ел Президентінің барлық мемлекеттік қызметкерлерді Aitu мессенджеріне көшу туралы тапсырмасынан…
2025 жылдың 27 қарашасында Байқоңырда болған апат бірден әлем назарын аудартты. «Союз MS-28» ғарыш кемесі екі ресейлік ғарышкер мен бір NASA астронавтын орбитаға сәтті жеткізді. Бірақ салдарынан ғарыш айлағы үшін маңызды мәселелер пайда болды. BM.KZ редакциясы осы оқиғаның қалай болғанын, оның неге маңызды екенін және бұлдан кейін Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын түсіндіреді. Space.com дерегінше, зымыранның ұшырылуы 31/6 алаңындағы маңызды инфрақұрылым элементтерін бұзған. Бұл — «Роскосмостың» адам тасымалдайтын зымырандарды ұшыратын жалғыз жұмыс істеп тұрған платформасы болатын. Яғни Ресей уақытша Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) адам жіберу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен мамандардың айтуынша, апат өте күрделі болғанымен, оны «қайтымсыз апат» деп…
Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — «Қазақмыс» корпорациясы жаңа акционерге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға бақылау жүргізу құқығын өткізуді көздейтін келісімнің негіздемелік шартына қол қойылғанын хабарлады. Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, келісімге «Қазақмыс» президенті Владимир Ким мен Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың ортақ шешімі бойынша қол қойылды. Құжатқа қол қою бақылауды тапсыру процесінің басталғанын білдіреді. Таяуда белгіленген рәсім аясында келісім бойынша барлық тиісті іс-шаралар мен міндеттемелер жүзеге асырылып, компанияның үлесін сатып алу-сату келісімшарты жасалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Салалық нормаға сәйкес, тау-кен-металлургия секторында компания үлесінің не акциясының иесін ауыстыру үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сонымен қатар…
Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Биылғы жылдың 21 ақпанында жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан, осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды. Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен. — Осы жылдың наурыз…
Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Ақмола облысында полицейлер қаза тапқан әріптесін соңғы сапарға шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақмола облысының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Асанәлі Әскербековті соңғы сапарға шығарып салды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атынан көңіл айту жеделхаты оқылды. Жеделхатта Асанәлі Әскербековтің есімі өз халқына адал қызмет еткен тұлғаның жарқын үлгісі ретінде мәңгі жадымызда сақталатыны атап өтілді. Марқұм Асанәлі көптеген жыл бойы ішкі істер органдарында абыроймен қызмет етті. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі жас қызметкерлерге үлгі болды. Ол әрқашан жұмыста да, күнделікті өмірде де нағыз тұлға болды. Облыстық полиция департаменті басшылығы офицердің…
Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Түркістан облысы Кентау қаласындағы аулалардың бірінде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Облыстық полиция департаменті қазір баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. – Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады. – ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады полииця департаменті.