Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстанға жұмыртқа әкелуге тыйым салынғанын хабарлады. «Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды. Айта кету керек, тыйым Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты…
Автор: erimbetkaz
Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған. — Мемлекет басшысы президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Жетісуда полицейлер мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтап, 9 жылқы аман сақталып, ірі шығынның алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісу облысында полиция қызметкерлері Ескелді ауданында болған жылқы ұрлығын дер кезінде әшкерелеп, тағы бір ауыр қылмыстың жолын кесті. Түнгі мезгілде белгісіз тұлғалар Беғаш ауылының шетіндегі жайылымға жасырын кіріп, 11 жылқыны айдап әкеткен. Келтірілген залал шамамен бес млн теңгеге бағаланған. Жедел жұмылдырылған тәртіп сақшыларының кәсібилігі арқасында қылмыс қысқа уақыт ішінде ашылды. — Облыстық криминалдық полиция басқармасы мен Ескелді аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел тобы өңірде кешенді іс-шаралар жүргізді. Тінту нәтижесінде күдіктілердің ізі анықталып, ұрланған малды сойып жатқан бір…
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Иран мұрағаттарында Қазақ хандығы және қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталған. Бұл туралы Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен келіссөздер қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. — Иран халықаралық беделі зор мемлекет әрі біздің Орта шығыстағы сенімді серіктесіміз. Бауырлас қос халықтың тарихы тамырлас, салт-дәстүрі және мәдениеті ұқсас. Қолымда бірқатар тарихи деректер бар екен. Мысалы, Ұлы жібек жолы қазіргі Қазақстан мен Иран даласы арқылы өткен. Ұлы жібек технологияның, діннің таралуына, сондай-ақ мәдени-рухани қатынастың тереңдеуіне ықпал етті, — деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақ ханы Керей Сефеви шахы Исмаилмен…
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. — Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры…
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Алматы-Өскемен трассасының 462-шақырымында 10 желтоқсанда боран мен көктайғақ салдарынан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ZTB. Алдын ала ақпарат бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Полиция хабарлағандай, апат салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 4 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Елімізде 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балалардың тамақтануын, жатын орнын қамтамасыз ету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында кенеттен тексеруге құқық береді. Бұл бақылау шараларын жедел жүргізуге және ықтимал бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға жағдай жасайды. Мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңымен реттеледі. Ол бақылаудың арнайы тәртібін бекітіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді. – Кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы…
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — «Irtysh Riverside» тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған. Осыған қарамастан құрылыс компаниясы пәтерлерді нарықтағыдан төмен бағамен сатылатынын жарнамалаған, деп хабарлайды ҚМА Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, «Dala SK Construction» ЖШС мен оған байланысы бар бірқатар компанияның басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тарту фактілері бойынша тергеу аяқталды. Екі жыл бойы компания басшылығы қажетті рұқсат беру құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз тұрғын үй кешендерін салумен айналысқан. Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны туралы…
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Киев АҚШ-тың Украинадағы дағдарысты реттеу жөніндегі жоспарына өз жауабын Вашингтон әкімшілігіне жолдады, деп хабарлайды Axios порталы. «Украина сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігіне АҚШ-тың соңғы бейбіт жоспар жобасына өзінің жауабын ұсынды», деп жазды Axios порталының журналисі Барак Равид X желісінде. Ол мұндай ақпаратты өзіне украиналық және америкалық ресми тұлғалар жеткізгенін айтқан. Өз кезегінде Bloomberg агенттігі Киев билігі АҚШ-тың бейбіт жоспарының қайта өңделген нұсқасын Вашингтонға жолдағанын хабарлайды. Бұдан бөлек, агенттік еуропалық елдер үш құжат бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтеді: олардың бірі — қақтығысты аяқтау шарттарына қатысты ортақ көзқарасты, екіншісі — Киевтің қауіпсіздік кепілдіктерін, ал…
Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Павлодарда екі сотқар бала жеті жасар жеткіншектің тілін қайшымен тілгілегені туралы ақпарат жалған болып шықты. Бала әкесінің назарын аударту үшін оқиғаны ойдан шығарған. Жергілікті полиция қызметкерлері қозғалған қылмыстық іс шеңберінде аумақта кешенді іс-шаралар жүргізген. Көршілерді сұрастыру, оқиға орнын қарау және бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдау нәтижесінде кәмелетке толмаған баланың соққыға жығылғаны туралы деректер расталмады. — Анықталғандай, жасөспірім аулада әткеншекте ойнап жүріп, қызығушылықпен ерні мен тілін металл бөлікке өзі тигізген. Аяздан тілі мен ерні қанап қалған. Ал бала қанды көрген соң қорыққан әрі әкесінің назарын аударту мақсатында «сотқарлар ұрды, қайшымен тілімді кескіледі» деген оқиғаны ойдан шығарған, —…