Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 мемлекеттің ішінде 5-ші орынға тұрақтады. Аталған жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарыс барысында пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алынды. Сонымен қатар голболдан ұлттық…
Автор: erimbetkaz
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылында күшті жел үш қабатты жатақхананың шатырын ұшырып әкетті. БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, оқиға 14 желтоқсан күні сағат 14.00-де Абай көшесі 32-мекенжайында болды. Ғимарат шатырының жалпы ауданы 1 500 шаршы метр болса, алдын ала мәлімет бойынша соның 600 шаршы метрі жерге түскен. — Жатақханада 60 бөлме болса, соның 25-інде 57 адам тұрады. Тұрғындарды уақытша орналастыру мәселесі бойынша бір отбасы (2 адам) аудандық «Шұғыла» лагеріне көшуге келісім берді. Басқалары өз бөлмелерінде қалатыны немесе жақын-жуықтарына баратыны жөнінде айтты. Жөндеу жұмыстары 15 желтоқсан күні таңмен басталады, — деп хабарлады ведомстводан. https://youtu.be/plvKOFNlZbM?si=g4vtJBpSwpf7xuUO Әкімдік…
Астана. 14 желтоқсан. BM.KZ — Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі ауа райына байланысты өңірдегі барлық қызметті үйлестіру үшін жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Облыс аумағында кешелі бері дауыл тұрып, екпінді жел әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып кеткен. бірнеше ауданда электр қуаты өшіп қалған. Атап айтқанда, төтенше жағдай Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында тіркелді. Жергілікті тұрғындар табиғи апаттан кейінгі жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап жатыр. Мәселен, Алмагүл ықшамауданындағы 31-үйдің шатыры ұшып кеткен. Ал Индер ауданының тұрғындары жарықсыз қалған. Атырау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста 14 желтоқсанға қараған түні ауа райының күрт нашарлап, күшті циклон…
Астана. 14 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Есірткі заттарын сақтау немесе тарату фактілері өрескел қылмысқа жатады. – Біздің міндетіміз – мұндай құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтап, күдіктілерді оқшаулау арқылы қала тұрғындарына келуі мүмкін қауіптің алдын алу. Полиция Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, — деді Алматы қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дархан Әбіқұлов. Тексеру барысында күдіктіден өсімдік тектес есірткі – гашиш тәркіленді. Аталған затқа тиісті сараптама тағайындалды. Ер адам…
Астана. 14 желтоқсан. BM.KZ — Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды. Қараша айында қазанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,9%-ға дейін баяулады, ал азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен ай деңгейінде (1%) сақталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған баға индексі соңғы төрт апта бойы өзгеріссіз қалып отыр. Серік Жұманғарин жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауын ескере отырып, шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне шұғыл түрде «жасыл…
Астана. 14 желтоқсан. BM.KZ — Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі) шаршы алаңға шықты. Отандасымыз финалда ресейлік Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірсе, қалғаны ресейлік боксшының басымдығын мойындады. Екінші раундта ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да Сәкен жинақы қимылдады. Осылайша ол екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қазірге дейін отандасымыз Факи Исса Факи (Танзания), Катего Кеорапетсе (Ботсвана), замбиялық Муенго Муале сынды қарсыластарын қапы қалдырды. Оның алдында рингке көтерілген Оразбек Асылқұлов (57 кг) тәжік боксшысы Хусравхон Рахимовты тізе бүктірді. Жекпе-жек 5:0 есебімен қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды.…
Астана. 14 желтоқсан. BM.KZ — Биыл Ақмола облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықтады. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аймақта адам саудасына қатысты істерді анықтауға бағытталған «Стоп трафик» операциясы жүргізілді. «Үш күн ішінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері рейдтер мен жедел тергеулер жүргізді. Соның нәтижесінде жезөкшелер үйін ұйымдастыру және ұстау, сутенерлік, сондай-ақ онлайн-ресурстар арқылы жезөкшелікті жарнамалау және насихаттау оқиғалары анықталды», деп хабарлады департамент. Мәселен, Көкшетауда интимдік қызмет ұсынатын массаж салоны жұмыс істейтіні белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу барысында мекеме иелерінің Қарағанды тұрғындары екені анықталды. «Сондай-ақ қызметкерлер бейәдеп жыныстық қатынас пен отбасылық құндылықтарды жоққа…
Астана. 13 желтоқсан. BM.KZ — Еуропалық футбол жанкүйерлері ұйымы (Football Supporters Europe, FSE) Халықаралық футбол федерациясын (FIFA) 2026 жылғы әлем чемпионатына билеттер сатуды дереу тоқтатуға шақырды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, белгіленген бағалар жанкүйерлерді турнирге бару мүмкіндігінен іс жүзінде айырып отыр, деп хабарлайды Reuters. Әңгіме ұлттық қауымдастықтар арқылы ресми фан-клубтар мен адалдық бағдарламаларына қатысушылар арасында таратылатын билеттер турасында. FSE мәлімдемесінде мұндай билеттердің бағасы тым шарықтап кеткені және қарапайым жанкүйерлер үшін қолжетімсіз екені айтылған. Ұйым дерегінше, өз құрамасының ойындарын топтық кезеңдегі алғашқы матчтан бастап финалға дейін көргісі келетін жанкүйер кемінде 6900 доллар (шамамен 3,59 млн теңге) төлеуге мәжбүр болады. Бұл 2022 жылғы Катардағы әлем…
Астана. 13 желтоқсан. BM.KZ — Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Мойынты станциясындағы кафеде болған 300 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметінше, газ баллонының жарылуына газбен жабдықтау жүйелерін, соның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы себеп болған. Оқиға бір қабатты ғимаратта орын алған. Жарылыс салдарынан шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциялары құлап, қазір құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақты деректерге сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, он бір адам аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді. Құтқару қызметі зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Оқиғаның…
Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясында орналасқан бір кафеде газ баллоны жарылып, соның нәтижесінде өрт шыққан. Төтенше жағдай министрдігі таратқан мәлімет бойынша, алғашқы бөлімшелер келген кезде кафе толық көлемде ашық және қарқынды өртеніп тұрған. Қазір зардап шеккен 9 адам жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр, онда оларға төсек орындары мен қажетті медициналық көмек көрсетілуге дайындалған.