Автор: erimbetkaz

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Лос-Анджелес аймақтық прокуроры Натан Хохманның нақтылауынша, Ник Райнерге ауырлататын мән-жайлармен бірінші дәрежелі кісі өлтіру бойынша айып тағылады, деп хабарлайды BBC. Оның айтуынша, қылмыс пышақтың көмегімен жасалған. Өткен жексенбіде актер және режиссер Роб Райнер мен оның зайыбы Мишель Лос-Анджелестегі үйлерінде өлі күйінде табылды. Олардың көптеген жерінен пышақталған денелерін кіші қызы Роми анықтады. Әкесі режиссерлік еткен «Чарли болу» фильмінің сценарийшісі және бірлескен авторы болған ортаншы ұлы Ник кісі өлтірді деген күдікке ілініп қамауға алынды. Полиция Ник Райнердің оқиғадан кейін Лос-Анджелес саябағында табылып, оқиғасыз қамауға алынғанын хабарлады. Хохманның айтуынша, Ник Райнерге тағылған айыптар бойынша өлім жазасы немесе шартты…

Толығырақ

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ -Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Бүгін сағат 07:38-де  Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында «Эйр Астана» АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды. «Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған. Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.…

Толығырақ

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Италияның солтүстігіндегі ұлттық саябақта мыңдаған динозавр ізі табылды. Олардың кейбіреуінің диаметрі 40 см-ге дейін жетеді. Ғалымдар бұл іздердің пайда болғанына шамамен 210 миллион жыл болған деп есептеді. Бұл туралы ВВС агенттігі жазды. Іздер бір-біріне параллель орналасқан. Олардың көбінде саусақ пен тырнақ таңбалары анық көрінеді. Мұны прозауроподтар қалдырды деген болжам бар. Бұл мойыны — ұзын, басы — кішкентай, өткір тырнақтары бар шөпқоректі динозаврлар. Миландық палеонтолог Криштиану Даль Сассо өзі өмір сүріп жатқан аймақта мұндай жаңалықты кездестіремін деп ойламағанын айтты. Былтыр қыркүйек айында әуесқой фотограф Элио Делла Феррера Миланның солтүстік-шығысындағы Стелвио ұлттық саябағында тік тау баурайында жүздеген метрге…

Толығырақ

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Ақ Жайық. Тұрғындардың айтуынша, сүйектің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде белгілі болған. Осыған дейін дәлізде қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған дейді көршілері. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар өз күшімен тазалдап, ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр. «Иіс бүкіл подъезді алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, «Белизнамен» жудық, Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрыс екенін де білмейміз», — дейді көршілердің бірі. Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық…

Толығырақ

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны белгілі болды. Жәнібек ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Күйгенкөл ауылдық округінде бүгін сағат 15.57-де Жасқайрат ауылынан 10 шақырым жерде 59 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Ол 13 желтоқсан күні 57 жастағы ер адаммен бірге Бұқар қыстағынан мал бағуға кеткеннен оралмаған. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бұған дейін үш адамның мүрдесі табылған еді. Олар әр түрлі жағдаймен осындай жағдайға ұшыраған. Бірі мал іздеуге шықса, бірі адасып кеткен. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Толығырақ

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толықтай іске қосылды. Әкімдіктің хабарлауынша, «жаңартылған жарықтандыру қаладағы ең танымал инженерлік нысандардың бірі саналатын телемұнараның бірегей құрылымын айқындап, оны мегаполистің кешкі келбетінің айшықты нүктесіне айналдырған». «Осылайша нысан тек қалалық инфрақұрылымның функционалдық бөлігі ғана емес, сонымен қатар Алматының заманауи сәулеттік жарықтандыруының маңызды элементіне айналды. Жоба аясында заманауи жарық прожекторларын орнату, жаңа кабель желілерін тарту, сондай-ақ әртүрлі жарық үлгілерін жасауға мүмкіндік беретін интеллектуалды басқару жүйесін енгізу бойынша кешенді жұмыстар атқарылды», — делінген әкімдік хабарламасында.

Толығырақ

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Илон Маск байлығы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды. Бұл туралы Forbes хабарлады, деп жазды Report. Басылым оның капиталының өсуін ғарышты игеруге мамандандырылған SpaceX компаниясының нарықтық құнын қайта қараумен байланыстырады. Тендерлік ұсыныс іске қосылғаннан кейін оның құны тамыз айында 4 400 миллиардтан желтоқсанда 8 800 миллиардқа дейін өсті. Журналдың бағалауы бойынша осыдан кейін SpaceX акцияларының шамамен 42% иелік ететін Масктың байлығы 168 миллиард долларға өсіп, 677 миллиард долларға жетті. Алдыңғы рекорд та Илон Маскқа тиесілі. Ол қазан айында байлығы 500 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды.

Толығырақ

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. — Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы…

Толығырақ

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңында 57 жастағы ер адамның денесі табылды. Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адамның қаза тапқаны белгілі болды. Марқұмдар үсіп кеткен. Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның аяқ-қолы үсіген, Орал қаласына жеткізіледі. — Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника…

Толығырақ

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына байланысты тергеудің жаңа кезеңі басталды. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, допинг-бақылау нәтижелері бойынша алынған B сынамасын ашу күні мен уақыты белгіленген. Федерацияның түсіндіруінше, бұл кезең спортшының құқықтарын сақтау және процестік ашықтық тұрғысынан аса маңызды. — Халықаралық тәжірибеде B сынамасын талдау тек A сынамасының бастапқы нәтижелерін растау немесе жоққа шығару қажеттілігі туындаған жағдайда ғана жүргізіледі. Процедура тәуелсіз, аккредиттелген зертханада жүзеге асады және барлық хаттамалық талаптар қатаң сақталады. Сонымен қатар спортшының және мүдделі тараптардың өкілдерінің қатысуына мүмкіндік беріледі. Дәл осы тетік объективтілікті қамтамасыз етіп, кез келген қателік…

Толығырақ