Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру) айыпталған, деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі. Сотта анықталғандай, А. 2025 жылдың қаңтар айында «Instagram» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасы арқылы «инвесторлар ақшалай қаражат берген жағдайда, тендер арқылы ақшалай қаражатты көбейтіп беретіні туралы жалған ақпараттарды жарнамалап, алайда ол ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Сөйтіп, жәбірленушілерге 35 419 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген. Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Прокурор сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін…
Автор: erimbetkaz
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның жеткіліксіздігі кедергі болып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылы Іле-Алатау ұлттық паркіне 901 мың турист келсе, «Шымбұлақ» курортына 1,1 млн адам барған. Ал демалыс және мереке күндері онда келушілер саны тәулігіне 15 мың адамға дейін жетеді. Бұл трасса мен аспалы жолдарға шамадан тыс жүктеме түсіреді. — Осы мәселелерді шешу үшін «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттарын аспалы жол арқылы біріктіретін Алматы тау кластерін дамыту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба шетелдік туристер санын 1 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді, ал қаланың экономикасына жыл сайынғы үлес 300 млрд теңге көлемінде кіріс әкеледі…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Ұлыбританиялық BAE Systems корпорациясы Air Astana-дағы үлесінің жартысына жуығын сатпақшы. Сатылымнан кейін BAE Systems корпорациясының Air Astana әуе компаниясындағы үлесі 9%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Компания былтыр IPO-дан кейін үлесін 49%-дан 16,95 %-ға дейін азайтқан болатын. Air Astana BAE Systems-дің үлесі азаятынын ресми түрде растады. «Air Astana АҚ BAE Systems компаниясы үлесінің бір бөлігін жеделдетілген букбилдинг процесі арқылы сатуды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты назарға алғанын хабарлайды. Мәміленің егжей-тегжейі жария ақпараттарда көрсетілген», – деп мәлімдеді 17 желтоқсанда компания. BAE Systems Ұлыбританияның ірі компаниясы. Ол – қару-жарақ, киберқауіпсіздік және аэроғарыш технологиясы саласында қызмет істейді. 2021 жылдан бері әуе…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында үш адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 желтоқсан күні сағат 20.30 шамасында Бәйтерек ауданы Володар ауылынан 2 шақырым жерде болды. Аудандық маңызы бар Орал-Кирсанов жолының 14-шақырымында 1989 жылғы жүргізуші «KIA K5» автокөлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Содан кейін 1974 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2104» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген. Жол апатынан «ВАЗ-2104» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. — Автокөліктер арнайы тұраққа…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Заң жобасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушілерін күш көрсетуден және қатыгездік танытудан қорғаудың құқықтық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Құжат 2025 жылғы 26 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. — Заң жобасы 26 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды. Негізгі жаңалық – Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бабын енгізу. Бірінші оқылым барысында және жұмыс тобында қызу талқылаулар болды, маңызды ұсыныстар айтылды. Жұмыс тобында осы ұсыныстарды ескере отырып, екінші оқылымға…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіретінін атап өтті. Мемлекет басшысы қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп жатқанын алға тартып, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, бұл болашақта еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға ықпал етеді. – Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ ядролық энергетика сияқты маңызды салада жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізетін болады. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жеке меншік мектептерді қаржыландыратын орталық Оқу-ағарту министрлігінен Қаржы министрлігінің құзырына берілгенін айтты. — Шынымен де жеке меншік мектептерді қаржыландыру мәселесі туындаған болатын. Өңірлерден шағым көп түсті. Үкімет Оқу-ағарту министрлігіне қарасты болған Қаржы орталығын Қаржы министрлігіне бағынышты етіп, жеке меншік мектептердегі қаржы бөлу процесін цифрландыру керек деген шешім қабылдады. Бұған дейін өтінімнің бәрі қағаз нұсқада жиналды. Қаржы орталығы конкурс жариялап, жабық режимде өткізді. Бәрі қағаз нұсқада жүрген. Біз не істедік? 12 қарашада «Орта білім» деген жаңа жүйені енгіздік. Осы интернет ресурсқа кез келген адам кіріп,…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Биыл 11 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3 пайызға артып, 18,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. — Экономика тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Биылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6,4 пайызды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,3 пайыз болды және қызмет көрсету өндірісінің 5,3 пайызға өсуінен жоғары болып қалыптасты. Негізгі драйверлер – көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі. Сауда — 8,8, ауыл шаруашылығы — 6,1, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға өсті, — деді ол. Министрдің айтуынша, инвестициялар өсім факторы болып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласында қазақтың әйгілі опера әншісі, ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр әуен төкті. Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері әйгілі әншіні Тәуелсіздік күнімен және 96 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Олар өнер иесіне гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстап, көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін алғыстарын білдірді. Туған күні еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Ахметқызы үйінің терезесінен концертті жылы жүзбен тамашалады. Әскери оркестрдің әуенін тек әншінің өзі мен жақындары ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да ерекше ықыласпен…
Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді. Командалар биыл плей-офф сатысына жолдама алуға күш салып келеді. Осы мақсатта әрбір кездесуде ұпай қорын молайтуға күш салып жүр. Әзірге «Автомобилист» командасының турнир кестесіндегі жағдайы тәуір. Турнир кестесінде «Барыс» 30 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Автомобилист» 39 ұпаймен 10-орында келеді. Кездесу барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Алғашқы кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде қазақстандық команда қатарынан екі шайба соғып кетті. Алдымен Семён Симонов 25-минутта есеп ашса, 37-минутта Майк Веккионе мергендік танытты. Үшінші кезеңде «Автомобилист» сапынан…