Автор: erimbetkaz

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Астананың барлық алты ауданында 19 желтоқсан күні бір уақытта 40-тан астам жаңа жыл шыршасының шамы жағылмақ. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтары үшін концерттер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады, деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер «Алау» мұз сарайы жағындағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығыс жағындағы көшеге қатысты болады. Қозғалыс шектеулері шырша шамын жағу басталғанға бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және барлық мерекелік іс-шара аяқталған соң алынады. Жүргізушілер алдын ала жүру бағытын жоспарлауы…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін The Ring беделді басылымының орта салмақ дәрежесі бойынша рейтингінен шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Америкалық журнал X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жазбада Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты рейтинг өзгертілгені айтылған. Бұған дейін қазақ боксшысы рейтингте бірінші орында тұрған еді. Енді ол рейтингтен шығарылғаннан кейін қалған боксшылар бір саты көтерілген. Осылайша, үздік ондықты кіші Хесус Рамос түйіндеді. Жаңартылған рейтингте бірінші орында Карлос Адамес, екінші орында Йоэнлис Эрнандес, үшінші орында Эрисланди Лара тұр.

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — ҚР Тәуелсіздік күніне орай Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосқанын жариялады. Бұл — ең озық саналатын ЖИ-моделінің тілдік қолдауын кеңейтуге бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәліметінше, қазақ тілі Gemini 3 буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде қолдануға мүмкіндік береді. Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі қазірдің өзінде веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ Gemini…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Жетісу облысы Бақтыбай ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуге жабылып, әлі күнге пайдалануға берілмеген. Қаржы мониторингі агенттігінің облыстағы департаменті бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті мәліметінше, 2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында күрделі жөндеуден өткізуге 753 млн теңге сомасына шарт жасалған. Шарт талаптарына сәйкес мердігер жұмысты 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтауға тиіс болған, алайда нысан осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген. Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлем жүргізілген бірқатар жұмыстың нақты орындалмағаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 212 млн теңгеден асты. Қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеулер…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Украинаға алдағы екі жылға қаржылай қолдау көрсету көздерін іздеуге арналған Еуроодақтың ең ұзақ әрі ең күрделі саммиттерінің бірі Брюссельде жұмаға қараған түні, 19 желтоқсан шамамен түнгі үште аяқталды. Келіссөздер барысында Еурокомиссияның екі ұсынысы қаралды: мұздатылған ресейлік активтер есебінен берілетін так называемый «репарациялық несие» және ЕО-ның ортақ қарыз алуы арқылы қаржыландыру нұсқасы, деп жазады DW. Саммит қатысушылары соңғы сәтке дейін «репарациялық несие» тетігін пысықтағанымен, бұл идеядан уақытша бас тарту туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде ЕО елдерінің көшбасшылары Украинаға Одақ бюджетінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 90 млрд еуро көлемінде несие беру жөнінде келісімге келді. Ал Ресейдің мұздатылған активтерін пайдалану мәселесін…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісі Шинго Уэномен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады. Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — 18 желтоқсанда Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды. Негізгі мерекелік іс-шара Абай алаңында, Республика сарайының алдында өтті. Бұл жерде биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылды. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бас шыршаны безендіруге 7 шақырымнан астам жаңа жылдық гирляндалар, сондай-ақ сәндік элементтер, үлкен және кіші шырша ойыншықтары, жаңа жылдық әшекейлер мен жарық кескіндемелері пайдаланылды. – Қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи мультимедиялық технологияларды, ауқымды жарық безендіруді және қазақстандық эстраданың танымал орындаушыларының өнерін біріктірген мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Қаланың жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімінің алдында Республика сарайының қасбетінде екі минуттық лазерлік…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Орал қаласында бір отбасының балалары газдан уланған деген ақпарат тарады. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, оқиға 18 желтоқсан күні болды. Қазіргі уақытта бір үйдің бес баласы Зачаган кентіндегі облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауына алынған. — Балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем алуда. Жағдайы орташа ауыр. Олардың бәрі де табиғи газдан уланған, — деп хабарлады ведомстводан.

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Астана маңындағы Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Балалар көлігі қаладағы мемлекеттік мектепке тиесілі. Төтеншеліктер тілсіз жауды тез арада сөндірген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған көрінеді. «18 желтоқсан таңертең сағат 8:04 шамасында Қосшы қаласының мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустардың бірі жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу 35-мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ», – деді Қосшы қаласы…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде елдің мемлекеттік туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, автокөлік сыртына мемлекеттік туды ілген азаматтарды жол-патрульдік полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды. Айта кетейік, мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған. — Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ…

Толығырақ