Автор: erimbetkaz

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Оқиға сенбі күні болды. Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде өз-өзіне қол жұмсаған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. — Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов та оқиғаны растады. — Мұндай оқиға болғаны рас. Қазіргі таңда жан-жақты қаралып, тергеу жүріп жатыр. Балалары бар, — деді аудан әкімі. Әкімдік ақпаратына сүйенсек, оқиға сенбі күні кешкілік тіркелді. Ол сол күні жолдастарымен қонақта болды.

Толығырақ

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты. Күдіктілер екі жыл бойы «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген. Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған. — Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған, — делінген ҚМА хабарламасында. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толығырақ

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Алматыда Бутаков сарқырамасы маңында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсанда «102» қызметіне марқұмның туысы хабарласып, қыздың таулы аймаққа сноуборд тебуге кеткенін және содан кейін байланысқа шықпағанын айтқан. Ақпарат түсе салысымен ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер дереу жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының жедел штабы құрылды. Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Бутаков сарқырамасы ауданынан әйел адамның мәйіті табылды. Кейін мәйітті теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін…

Толығырақ

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Президент Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. – Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі…

Толығырақ

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz жазды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құжаттандыру саласында цифрландыруды белсенді түрде енгізіп келеді. Қазіргі таңда паспорттарды электронды түрде рәсімдеу мүмкіндігі тек ел ішінде ғана емес, шетелдерде де қолжетімді. Бұл қызмет 71 елдегі 99 шетелдік мекемеде іске асырылған. Шетелде жүрген қазақстандықтар енді паспортты бұрынғыдай 6 ай күтпей, небәрі 30 күн ішінде ала алады. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін құжаттарды беру үдерісін жеңілдету және цифрландыру жұмыстары алдағы уақытта да…

Толығырақ

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары барысында жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын 40-тан астам коммерциялық келісімге қол қою жоспарланып отыр. Мәлімделген негізгі бағыттар қатарында энергетика, жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру, көлік және тау-кен өнеркәсібі бар. Сапар аясында мемлекет басшысы Sumitomo, Mitsui, Komatsu және Hitachi Construction Machinery сынды ірі жапон корпорацияларының басшыларымен кездесті. Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, келіссөздер барысында атом өнеркәсібі, логистика, машина жасау, геологиялық барлау, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру және кадр даярлау мәселелері талқыланды. Бірқатар бастамалар әлі пысықтау кезеңінде, олардың ішінде «Қазатомөнеркәсіппен» бірлескен ядролық медицина саласындағы жобалар мен Астанада өндірістік және сервистік…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Батыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Апат 19 желтоқсан күні сағат 10:05 шамасында Самара – Шымкент тасжолының 270-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. «ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен Volkswagen көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал Passat көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада. Қазіргі уақытта полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды. – Осы айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған Мемлекет басшысы атану – мен үшін зор мәртебе. Мұны халықаралық аренадағы рөлі артып келе жатқан Қазақстанға шынайы құрмет деп қабылдаймын. Сондай-ақ біздің мультилатерализмді ілгерілетуге әрі жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған табанды еңбегімізді мойындаудың белгісі ретінде қарастырамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Дональд Трамп Браун университетіндегі атыстан кейін АҚШ иммиграциялық визаларын алуға арналған грин-карта лотереясы бағдарламасын тоқтатты, деп хабарлайды CBS News. Бұл туралы АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді. Оның айтуынша, Браун университетіндегі атыс пен Массачусетс технологиялық институтының (MIT) профессоры Невес Валентенің өліміне күдікті ер адам елге сегіз жыл бұрын грин-карта лотереясы бағдарламасы арқылы келген. — Бұл адамды біздің елімізге ешқашан кіргізбеу керек еді. Президент Трамптың нұсқауы бойынша мен АҚШ-тың Азаматтық және иммиграция қызметтеріне DV1 бағдарламасын тоқтата тұруды тапсырамын, бұл апатты бағдарламадан басқа америкалықтардың зардап шекпеуін кепілдендіру үшін қажет, — деп мәлімдеді Ноэм. Еске сала кетсек,…

Толығырақ

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Жаңа Су кодексінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың суды қайта пайдалану және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу талаптары бекітілген. Бұл мақсатқа 7 жыл мерзім белгіленді, оның ішінде 2 жыл – өтпелі кезеңге, 5 жыл — жоспарларды жүзеге асыруға арналған. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында атап өткендей, бұл шешім 2030 жылға қарай суды қайта және айналымды пайдалану үлесін 13%-дан 28%-ға дейін, яғни екі еседен астамға арттыруға мүмкіндік береді. Заңда белгіленген шараларды орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген. Ондай жағдайда су пайдалану лимиттері 20%-ға дейін қысқартылуы мүмкін.

Толығырақ