Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Санкт-Петербор қаласындағы Смольнин аудандық соты блогер Екатерина Биволдың бұрынғы күйеуі — боксшы Дмитрий Биволға қатысты жария айтқан пікірлері мен жазбаларын жалған және оның ар-намысына нұқсан келтіретін деп таныды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, сот Екатерина Биволды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшаларында өз сөздерін ресми түрде жоққа шығаруға міндеттеді. Сот шешімінде жауапкер таратқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні, талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні көрсетілген. Осыған байланысты Екатерина Бивол өзіне тиесілі және өзі басқаратын барлық сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда және мессенджерлердегі арналар мен топтарда сот шешімінің қарар бөлігін жариялап, үшінші тұлғаларға кемінде алты…
Автор: erimbetkaz
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Азамат Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ — Таразда полиция қызметкерлері Mitsubishi Pajero маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік жүргізушісі ұзақ уақыт бойы жол ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтарған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру барысында жүргізушінің 43 жол ережесін бұзғаны, олардың барлығы жылдамдықты асыруға қатысты екені анықталған. Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын жүйелі түрде елемей, басқа қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. Құқықбұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. «Жылдамдықты асыру – ауыр жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі болып қала береді. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық шектеулерін сақтауға шақырамыз», — деп ескертеді полиция.
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Елордада тұрғындардың, әсіресе балалар мен ересектердің қысқы демалысын қызықты әрі денсаулыққа пайдалы ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Астананың алты ауданындағы 34-тен астам локацияда мұздан жасалған сырғанақтар, мұз айдындары, түрлі-түсті фотоаймақтар мен ерекше шағын сәулеттік формалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жалпы қала бойынша 57 сырғанақ пен мұз айдыны пайдалануға берілді. Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдыны жабдықталған. Қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны орнатылып, мерекелік фотосуреттерге арналған тақырыптық фотоаймақтар мен шынайы шырша қойылған. Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекенжайындағы гүлзарда ортасында үлкен шыршасы бар мұз айдыны ашылды. «Көктал» саябағында әртүрлі…
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Венесуэла жағалауындағы танкерлерден тәркіленген мұнай АҚШ-та қалады және сатылуы немесе стратегиялық резерв ретінде пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform. Тілшілердің 10 желтоқсанда тәркіленген 1,9 миллион баррель мұнаймен не істеуді жоспарлап отырғаны туралы сұрағына АҚШ президенті оны сақтайтынын мәлімдеді. — Мүмкін біз оны сатамыз. Мүмкін сақтаймыз. Мүмкін стратегиялық резерв үшін пайдаланамыз. Біз оны сақтаймыз. Кемелерді де сақтаймыз, — деді Дональд Трамп. «Сіз активтері тәркіленген америкалық мұнай компанияларымен сөйлестіңіз бе?» деген сұраққа Дональд Трамп «сөйлестім» деп жауап берді. Алайда, нақты ештеңе айтпады.
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Алматы қаласының экс-әкімі, қазір Президент әкімшілігінде жұмыс істейтін Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды. Ресми дереккөз мәліметіне сүйенсек, Ерболат Асқарбекұлы аталған құрылымның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде бекітілген. Осылайша бүгінгі таңда алқалы органның құрамы 7 адам мен 1 виртуалды жүйеден жасақталып отыр. Кеңеске төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жүктелген. Басқарушы топтың қатарында Ерболат Досаевпен бірге қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов бар. Сондай-ақ маңызды шешімдерді қабылдауға тәуелсіз директорлар атсалысады. Олардың санатында белгілі қаржыгер Болат Жәмішев, шетелдік сарапшылар Вонг Хэн Файн, Сутера Лука және Мұхаммед Жәмил…
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды. Медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді. — Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты, — делінген хабарламада. Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді. — Тергеу шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды, — делінген хабарламада. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәлеметтер Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын таныстырды. «Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Қаржылық шарттар Бағдарламада екінші деңгейлі банктер арқылы жыл сайын 400 млрд теңге несие бөлу қарастырылған. Несие: бір жобаға 200 млн теңгеге дейін. Мөлшерлемесі: ~8,8% (40%-ы мемлекеттен субсидияланады). Мерзімі: 3 жылға дейін. «Даму» беретін кепілдік: кепілге қоятын заты жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін. Ресурстар…
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – «Электрондық қаржы орталығы» қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Тексеру барысында мемлекеттік қаржы саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу бойынша жұмыс бағаланды. Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында назар аударуды және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар кемшілік анықталды. — Мәселен, стратегиялық басқаруда олқылықтар бар: 2023-2024 жылдардағы даму жоспарларының орындалуы туралы есептілік жоқ, жекелеген көрсеткіштер орындалмаған, ішкі аудит қызметінің іс-шаралары толық орындалмайды не мерзімі сақталмайды, — делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында. Бюджет процесінің интеграторы ретінде ЭҚО жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланады, алайда ұйымның ішкі нормативтік құжаттары жаңартылмаған. Бұл жүргізілетін жұмыстың тиімділігін шектеуі мүмкін. Қызметтер құнын есептеуде ЭҚО әртүрлі тәсілдерді…
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. — Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады. АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, — делінген хабарламада.