Автор: erimbetkaz

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Бас прокуратура қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Алаяқтардың әдістері қиындап барады, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалған. Жәбірленушінің телефонына «1414» қысқа нөмірінен SMS-код келеді. Алаяқтар мемлекеттік орган, банкт немесе курьерлік қызметтің қызметкері ретінде хабарласып, телефонға жолданған кодты айтуды сұрайды. Осыдан кейін бірден екінші адам банк, полиция немесе ҰҚК-нің жалған қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрғандай сыңай танытып хабарласады. Кейбір жағдайларда олар тіпті бейне байланысқа шығады. Олар алдында хабарласқан адамдар аляқ екенін айтып, сіз айтқан 4 таңбалы сан арқылы сіздің есебіңіздегі ақшаны алып қоюлары мүмкін екенін ескертеді. Олар несие рәсімдеуді және қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынады. Бұл алаяқтық топтың құрып…

Толығырақ

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – ТЖМ жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету шеңберінде бірқатар алдын алу шаралары жүргізілуде. ІІМ бірлесіп профилактикалық іс-шаралардың бірлескен жоспары шеңберінде 20 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрттер мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған «Пиротехника» акциясы өткізілуде. Акция аясында пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату орындарына бірлескен рейдтер ұйымдастырылды. Акция басталғаннан бері 1200-ден астам бірлескен рейд жүргізіліп, 200 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық акция ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Мереке оқиғасыз өтуі үшін ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады. Үй-жайда отшашуларды, петардаларды және басқа да өрт қауіпті…

Толығырақ

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады. 2014–2016 жылдары А.Байжұманов «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы Астана қаласының әкімдігі салып бітірген. — Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған. Нәтижесінде…

Толығырақ

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Орал қаласындағы № 28 түзету мекемесіне есірткі және басқа тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау дерегі анықталды. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, режимдік талаптарды қамтамасыз ету аясында жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкер ұсталды. Кәсіпкер аталған колонияға марихуана салынған 7 ZIP-пакетті, 17 ұялы телефонды, 6 USB-кабельді, 8 SIM-картаны, аудио және бейнежазба құрылғысын әдейі жасырын жолмен жеткізген. — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел іздестіру іс-шараларын атқарды. Қазіргі кезде департамент сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Толығырақ

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – КазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновты ұстағаннан кейін бір күн өткен соң, үй қамаққа жіберді. — Әмір Қасеновты үй қамаққа жіберді. Жаңа жылды үйінде қарсы алатыны жақсы, бірақ байланыссыз қалатыны жаман, — деп мәлімдеді «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова. Бұған дейін Астанада «ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы қамауға алынғанын жазғанбыз.

Толығырақ

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте елорда әкімі Жеңіс Қасымбекті мақтады. – Ақыры, менің не қалайтынымды, не талап ететінімді түсінетін адамды таптым. Бұған дейін, ондай түсіністік болған жоқ, – деді Президент. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елорда заманауи урбанистиканың үлгісіне айналып келе жатқанын, қалалық ортаны дамытудың бірыңғай тәсілі айқындалғанын атап өтті. Мұны биыл жазда елімізде өткен саммиттер кезінде өзге де мемлекеттер басшылары байқаған. – Мысалы, Төраға Си Цзиньпин қаламыздың келбеті айтарлықтай жақсарғанын айтып, жоғары бағасын берді. Бұл – әлемдік ірі державалардың басшылары Қазақстанға келгенде біздің қалаларымыздың келбетіне мән беріп қарайды деген сөз. Мұны қаперде ұстау…

Толығырақ

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Алайда бұл Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингідегі көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингінің бірінші сатысында тұр. Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр. Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен…

Толығырақ

Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды — Бұған дейін менің тапсырмам бойынша Астанада Smart City жобасы қолға алынды. Жақын арада Жедел басқару орталығы іске қосылады. Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер осы орталықтан басқарылады. Бұл жүйе түрлі қауіп-қатерге дер кезінде назар аударуға және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір платформаны іске қосу үшін Деректерді талдау орталығы салынып жатыр. Осы цифрлық инфрақұрылымды құқық қорғау органдары да қолдана алады. Сол арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік туады, — деді Мемлекет басшысы. «Заң және тәртіп» қағидаты іс жүзінде…

Толығырақ

Сырт көзге Дональд Трамптың Ақ үйіндегі жағдай тыныш көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Бұған Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзи Уайлстың Vanity Fair журналына берген сұхбаты дәлел болды. Бұл сұхбатты Reuters агенттігі қысқаша мазмұндап жариялады. Сьюзи Уайлс — Дональд Трамптың екінші президенттік мерзіміндегі негізгі тұлғалардың бірі. Сарапшылардың айтуынша, ол Ақ үй жұмысын Трамптың алғашқы мерзімімен салыстырғанда әлдеқайда тәртіпті еткен. Ол АҚШ тарихында Ақ үй аппаратының басшысы болған алғашқы әйел. Бұған дейін Уайлс өте тұйық адам ретінде танылған: сұхбат бермейтін, пікір айтпайтын, тек жұмысқа ғана мән беретін. Сондықтан оның ашық сұхбаты үлкен резонанс тудырды. Уайлстың сөздері Ақ үйде шешімдер сырт көзге көрсетілгендей…

Толығырақ

Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4×4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар. Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс…

Толығырақ