Автор: erimbetkaz

Астана. 28 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтіргені үшін іздеуде жүрген Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады. Күдікті 2023-2024 жылдары Алматыда коммерциялық құрылымды басқара отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы іс жүзінде жұмыстарды орындамай жалған шот-фактураларды жазу схемасын ұйымдастырған. Заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке шамамен 1,3 млрд теңге көлемінде салық төлемеген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Грузияда ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Абай гарнизонында еліміздегі ең бойы ұзын сарбаздардың бірі – қатардағы жауынгер Илья Хальчуков мерзімді әскери қызметін өтеп жүр. Оның өмір жолы мінез, тәртіп және Отанға қызмет етуге деген ниет болса, бойдың стандарттан артық болуы әскерге кедергі емес екенін айқын көрсетеді. Илья Петропавл қаласының тумасы, мамандығы – автокөлік жөндеуші. Әскерге бару туралы шешімін туыстары да қолдаған. Отбасында алып адамдар жоқ: әкесінің бойы – 1 метр 90 сантиметр, анасының бойы – 1 метр 60 сантиметр. Мұндай антропометриялық деректер сирек кездескенмен, әскери қызметші қызмет жағдайына тез бейімделіп, жөндеу ротасында өз міндеттерін сенімді атқарып жүр. Ол әскери техникаға техникалық…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Уимблдонда өнер көрсеткен тұңғыш қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев жаңа маусымға Новак Джоковичпен бірге бір кортта жаттықты. Жыл сайынғы Қазақстан теннис федерациясының оқу-жаттығу жиынына Жұқаевтан бөлек Қазақстан құрамасының басқа да теннисшілері қатып жатыр. Атап айтсақ, Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Денис Евсеев. 24 жастағы Жұқаев үшін бұл маңызды кезең. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 280-орында, ал мансабындағы ең жоғары көрсеткіші – 2024 жылдың мамырындағы 171-орын. Новак Джокович сияқты шебермен бірге жаттығу жасау топ-200-ге қайта оралу жолында құнды тәжірибе болмақ. Бейбіт Жұқаев Ақтау қаласының тумасы. Бұл қаланы теннис…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Елордада Дінмұхамед Қонаев көшесі бойында орналасқан мейрамханалардың бірі өртенді. Қазіргі уақытта Төтенше жағдай министрлігінің күштері өртті оқшаулады. — Нақтыланған мәліметтер бойынша, Дінмұхамед Қонаев көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде үйдің сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінің жылытқышы жанған. Зардап шеккендер жоқ, — деп атап өтеді ведомстводан. Айта кетейік, кеше Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Оның барысында мереке күндері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де көңіл аударылды. – ТЖМ күштерімен адамдар көп жиналатын 7 мыңнан астам нысанға тексеру жүргізілді және өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындар тексеріліп,…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстан-Ресей бірлесіп іске асырып жатқан «Бәйтерек» жобасы аяқталу кезеңіне жақын. Қазіргі уақытта старттық кешенде «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы ұшырылуына дайындық аясында сынақ жалғасып жатыр. Мамандар зымыранның барлық жүйесі мен старттық кешен элементтерінің сенімділігін растау мақсатында кеңейтілген сынақ бағдарламасын орындап жатыр. Бұл «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышын әзірлеу кезінде де, старттық кешен инфрақұрылымын құру барысында да бұрын қолданылмаған жаңа инженерлік және технологиялық шешімдердің енгізілуімен байланысты. Қосымша тексеру барлық жүйенің штаттық және штаттан тыс режимдегі тұрақты жұмысын растауға, ұшу сынақтарын өткізуге барынша дайындықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ алғашқы ұшырылымды қауіпсіз әрі сәтті жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. — «Бәйтерек» —…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды. Олжас Бектенов еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр. 2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – 2025 жылғы 25 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құқықтары…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Үш қазақстандық АҚШ-тағы «ең сорақы қылмыскерлердің» («worst of the worst») тізіміне енді. Бұл туралы ақпарат АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің дерекқорында көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Посткеңестік елдерден шыққан мигрант-қылмыскерлердің осы антирейтингінде 27 украиналық, 18 ресейлік, 22 Армения азаматы, Грузияның екі азаматы және Беларусьтің екі азаматы бар. Тізімде көрсетілген адамдардың басым бөлігі — Латын Америкасы елдерінің азаматтары. Мысалы, дерекқорда бірнеше мың мексикалық бар.

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде америка әскері Нигерияның солтүстік-батысында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына тиесілі нысандарға «қуатты әрі жойқын» соққы жасағанын мәлімдеді. Трамптың айтуынша, аталған лаңкестік топ «көп жылдар, тіпті ғасырлар бойы ең алдымен жазықсыз христиандарды қатыгездікпен өлтіріп келген». «Бұған дейін мен бұл террористерге егер христиандарды қырып-жоюды тоқтатпаса, ауыр жауапкершілікке тартылатынын ескерткенмін. Бүгін кешке сол ескерту жүзеге асты», – деп түсіндірді Ақ үй басшысы АҚШ-тың әрекетін. Сонымен қатар Трамп өз басшылығы кезінде Америка Құрама Штаттары «радикалды исламшыл терроризмнің өркендеуіне жол бермейтінін» мәлімдеді. Қараша айының басында ол Нигерияға қатысты әскери қимылдардың түрлі нұсқалары, соның…

Толығырақ

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігі «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С. Г. Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. — 2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен. Ұрланған мүлікті Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған, —…

Толығырақ