Автор: erimbetkaz

Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Өскемен қаласында із-түссіз жоғалған ер адамның денесі табылды. Қала тұрғыны Ринат Ахметов бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен. Белгілі болғандай, ол жұмыс орнынан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Азаматтың туыстары өз беттерімен іздеп таба алмаған соң полицияға хабарласқан. — Іздеу шаралары барысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды. Денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Марқұмның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп жазады Ақорда. Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады. Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді. Кеңесте отандық электр қуатын қажеттілікке қарай икемдеп өндіру мәселесі қозғалды. Соның ішінде газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту жоспарларымен қатар гидроэнергетиканың әлеуеті өзекті саналады. Мемлекет басшысының айтуынша,…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданына қарасты «Кеңқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті әшкереленіп, тоқтатылған. Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан келтірілген экологиялық залал көлемі 54 млн теңгеден асқан. — Тергеу барысында қылмыскерлер осы жағдайды пайдаланып, күдіктілердің біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге көмектесеміз деген желеумен 10 мың АҚШ долларын талап еткені анықталған. Қабылданған…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – 2019 жылдан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болған Мария Хаджиева қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. — Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (18-9) «еуропалық UFC» деп те аталатын Oktagon лигасында титул үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz порталы. Жұмағұлов Чехияның Прага қаласында өткен Oktagon 81 турнирінде бақ сынасты, онда ол чехиялық боксшы Давид Дворжакпен (22-6) кездесті. Жалғас бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белдігін сынап көрді. Чемпион мәртебесіне қарамастан, Дворжак бұл жекпе-жекте фаворит болып саналды. Дегенмен, Жұмағұлов сенсация жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, қарсыласы төртінші раундқа өте алмады. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабындағы он тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Oktagon лигасының ең жеңіл салмақтағы титулын сәтті қорғады, ал Давид Дворжак кәсіби MMA-да жетінші рет…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – 2022 жылы аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Ресей азаматы Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды. «Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады. Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада. Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Осы жылдың қыркүйек айында Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, жас ғалым Айжамал Байсейітова цикорий өсімдігінің қасиетін жан-жақты зерттеп, оның диабетке қарсы тиімді әсері бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлайды. Зерттеу барысында цикорий құрамындағы биологиялық белсенді заттардың қандағы қант деңгейін төмендетуге, сондай-ақ зат алмасу процесін реттеуге оң ықпал ететіні анықталған. Сонымен қатар адам ағзасында стресс әсерінен пайда болатын радикалдарға қарсы антиоксиданттық белсенділігі да бар екені белгілі болған. Бұл өсімдіктің денсаулықты нығайтудағы әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда аталған ғылыми жоба аясында халықаралық ғылыми журналдарда екі мақала жарияланған. «Біздің мақсатымыз –…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді», — делінген хабарламада. Ақорданың хабарлауынша, тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған.

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде үш адам газдан уланып, қайтыс болды. Бұл жөнінде облыстық ТЖД хабарлады. Оқиға Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылында болған. — Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында Полиция департаменті қызметкерлерімен сот-медициналық сараптама тағайындалды. Атырау облысы ТЖД азаматтарды газ қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты барлық мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazinform. Шешім Бішкек қаласы Первомайcкий аудандық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы үкімі бойынша қабылданды. Құжатқа сәйкес, елдің бұрынғы президенті өзіне берілген Қырғыз Республикасының мемлекеттік марапаттарынан айырылды: * Қырғыз Республикасының ең жоғары дәрежелі «Қырғыз Республикасының Батыры» белгісі; * II дәрежелі Манас ордені; * «Данакер» ордені; * «Даңқ» медалі. Сонымен қатар, Қырғыз Республикасы президентінің осы марапаттар берілген жарлықтары күшін жойды. Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Сот орындаушылары қызметіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік марапаттар мен оларға ілеспе құжаттарды кейіннен мемлекеттік марапаттар қорына аудару…

Толығырақ