Автор: erimbetkaz

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Мәжіліс депутаттары бастамашы болған туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Түзетулер ішкі туризмді дамытуға, туристік саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңға уәкілетті органның: – Ел ішінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін туристік өнімге кіретін билет бағасын субсидиялауға құқылы туристік өнімге; – келу туризмі саласындағы туристік ооператорлардың шығындарын субсидиялау мөлшеріне; – туристерді орналастыру орындарын, визит-орталықтарды салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қойылатын талаптарын анықтау құзыреттерін нақтылауға бағытталған түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар әкімдіктерге мемлекеттік қолдау арқылы құрылған немесе жаңғыртылған туристік…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Қасақана ауыр дене жарақатын салу салдарынан жәбірленушінің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. – Алдын ала мәліметке сәйкес, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген Астана қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада. Сонымен қатар ведомство азаматтарды ойын-сауық мекемелеріне барған кезде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауға және жанжалдан аулақ болуға шақырды. – Заңға қайшы кез келген әрекет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген,…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні Флорида штатына АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін келді. Кездесудің басты мақсаты — Ресеймен қақтығысты тоқтату жөніндегі жоспарды талқылау, деп хабарлайды Kazinform, Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында бір-бірімен амандасқаннан кейін, келіссөз басталмас бұрын журналистердің сұрағына жауап берді. Трамп «келісім жасауға алғышарт бар» екенін айтып, Ресей де, Украина да берік әрі тұрақты бейбітшілік орнатуға өте байыпты түрде ниетті екенін мәлімдеді. Ал Зеленский бүгінгі кездесу 20 тармақтан тұратын жоспарды ілгерілетуге арналғанын айтып, оның аясында аумақтық ымыралар жасау мүмкіндігі де талқыланатынын жеткізді. Кездесуден кейін екі лидер еуропа елдерінің басшыларымен…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасының сегіз мүшесі табиғи газдан уланды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды. — Алдын ала болжам бойынша, улану себебі — түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы. Улану салдарынан сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда, — делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Осы орайда, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға улы газдың иіссіз әрі аса қауіпті екенін ескертеді. Сондай-ақ өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, газ жабдықтарын уақытылы тексертіп, түтіндік мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалауға және үй…

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Франциялық актриса Брижит Бардо 92 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды ВВС. Оның қазасы туралы Брижит Бардо қоры хабарлады. Брижит Бардо 1934 жылы 28 қыркүйекте Франция астанасында дүниеге келген. Кинодағы жолы 1950 жылдардың басында басталды. Араға 6 жыл салып түскен «И Бог создал женщину» фильмі актрисаның жұлдызын жақты. Актрисаның ең танымал туындыларының қатарында «Презрение» (1963), «Вива, Мария!» (1965), «Бабетта идет на войну» (1959), «Ох уж эта девчонка!» (1956) и «Истина» (1960) фильмдері бар. Бардо кинодағы мансабын шамамен 50 жыл бұрын аяқтап, содан бері өмірін жануарлар құқығын қорғауға арнады.

Толығырақ

Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында World Tennis Continental Cup көрме турнирінде екінші кездесуін өткізді. Кеше қазақстандық теннисші әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке 3:6, 3:6 есебімен жол берген еді. Бүгін Рыбакина әлемнің 11-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасты. 2021 жылы Токио Олимпиадасының жартылай финалында Елена дәл осы Бенчичтен жеңіліп қалған еді. Токиода швейцариялық теннисші чемпион болса, Рыбакина қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Элина Свитолинадан жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы қазақстандық спортшы 6:3, 6:4 есебімен басымдылық танытты. Енді Елена Рыбакина ресейлік Андрей Рублевпен бірге монаколық Валентен Вашеро – И.Швентекпен кортқа шығады. Еске сала…

Толығырақ

Астана. 28 желтоқсан. BM.KZ – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті. — Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес кибералаяқтар WhatsApp аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып отыр. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар WhatsApp-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді, — делінген хабарламада. Пайдаланушыға Facebook немесе WhatsApp атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол Facebook пен WhatsApp интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды. — Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау…

Толығырақ

Астана. 28 желтоқсан. BM.KZ – Екі спортшы бір-бірін жылы қарсы алды. «Сені көргеніме қуаныштымын, бауырым», деп Геннадий Головкинді Криштиану Роналду құшақ жая қарсы алды. World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Футболшы GGG-ден мұнда қандай мақсатпен жүргенін және әлі де бокспен айналысып жүр ме деп сұрады. Головкин алдағы жылы, мүмкін, бір жекпе-жек өткізуі ықтимал екенін айтты. 43 жастағы боксшы мансабын ресми түрде аяқтаған жоқ және егер қызықты ұсыныс түссе, рингке қайта оралуға дайын екенін бұған дейін де мәлімдеген. Роналду қазақстандық спортшыны Жаңа жылмен құттықтап, оған бар жақсылықты тіледі. Эр-Риядта салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) боксшылардың жекпе-жектері өтіп…

Толығырақ

Астана. 28 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. — Нұрлан Санжарұлы — қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық…

Толығырақ

Астана. 28 желтоқсан. BM.KZ – Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Ресей президенті Қазақстанның бұрынғы басшысын өзінің резиденциясында қабылдаған. Жарияланған кадрлардан Путин мен Назарбаев дөңгелек үстел басында отырғаны көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін осы резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев та болған. Кездесудің өзге егжей-тегжейі әзірше жарияланған жоқ. Бұл – олардың осы жылдағы өткен алғашқы кездесуі емес. Путин Нұрсұлтан Назарбаевты биыл мамыр айында да қабылдаған болатын.

Толығырақ