Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысының өкімімен Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Автор: erimbetkaz
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты Ұлттық тасымалдаушы өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында 13 қала маңындағы пойызды тағайындады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Жолаушыларды тасымалдау үшін төмендегі қала маңындағы пойыздар қатынайды: Астана – Павлодар бағыты бойынша: • №7502 Астана – Павлодар • №6832 Астана – Павлодар Павлодар – Астана бағыты бойынша: • №7501 Павлодар – Астана • №7509 Павлодар – Астана Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша: • №6804 Атбасар – Астана • №6831 Астана – Жалтыр Астана – Көкшетау…
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қауіпсіздік үшін: аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды; алыс сапарларды кейінге қалдыруды; жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды; қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды; көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз. — Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, — деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – ХХV қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлайды. Ведомстовның мәліметінше, жабдықтың техникалық талаптарын келісу, үлгілерін бекіту және жеткізілетін спорттық киімнің сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал отандық спортшылар кірген. Жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекіткен. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр. Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсіміне арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер,…
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты негізгі тасжолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге нұсқаулық өткізіп, қалалар арасындағы автоколонналардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр. 2025 жылғы 30 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа райының нашарлауы барлық бағыттағы жолдардың жабылуына әкелді. Ауа температурасы төмендеп, қарлы жаңбыр мен көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар сегіз, облыстық маңызы бар үш жол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс шектелді. — Қазіргі таңда Теміртау қаласынан Қарағандыға және кері бағытта автоколонналарды қауіпсіз сүйемелдеу ұйымдастырылып отыр. Жолда шамамен 500 автокөлік бар. Сонымен қатар, Теміртаудан Қарағандыға қайтып келе жатқан 300 көлікті де сүйемелдеп жеткіземіз, — деп…
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өткен. Бұл туралы Президенттің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден аса өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрген. Сондай-ақ, Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдаған. Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шыққан. Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды. Ресей (екі рет), АҚШ (екі рет), Түрікменстан (екі рет), БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан…
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметте 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларымыздың дайындығы жөнінде баяндады. XXV Қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д’Ампеццо қалаларында өтеді. Жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Барлығы 116 марапат жиынтығы ойнатылады. — Ұлттық команда спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынасады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар, — деді Е. Мырзабосынов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Салтанатты ашылу рәсімі 2026 жылдың 6 ақпанында Милан…
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті, деп жазды бүгін ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында. — 2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды, — деп жазды Руслан Желдібай. Сонымен қатар ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көргенін атап өтті. Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық…
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Түркістан облысында полиция ұрлықтың бетін ашты. Тәртіп сақшылары енесінің алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізген келіннің қылмысын әшкерелеген. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы хабарлады. Тұрғын үйінен алтын зергерлік бұйымдар мен ақшаның жоғалғанын полицияға хабарлаған. «Кінәліні табу қиынға соққан жоқ, ұры алыстан келмепті, сол үйдің келіні болып шықты. Тергеушілер оның мамыр айынан бастап үйден зергерлік бұйымдар мен ақшаны жасырын түрде алып, алтынды ломбардқа кепілге қойып, түскен қаражатты құмар ойындарға жұмсағанын анықтады. Жалпы шығын 8,5 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Бүгін Астанада жауын-шашын жаңбыр түрінде жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтауға шақырады: көшеде қозғалған кезде, әсіресе жолдан өту барысында мұқият болу, таймайтын табаны бар аяқ киім кию және мүмкіндігінше алыс жолға шықпау ұсынылады. Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың…