Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында бүлдіршіндерге арнап Президенттік шырша тойы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жаңажылдық бағдарламада қонақтар ауқымды интерактивті спектакльді тамашалады. Балалар басты кейіпкер Азаматпен бірге «Болашақта кім болу керек және қандай адам болу керек?» деген маңызды сұраққа жауап іздеді. – Бүгінгі шырша «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр. Бұл бағдарламада балалар, ең бастысы, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бойына көбірек сіңіреді. Қойылым жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке және тазалыққа баулиды. Оқиғалар желісінен жас жеткіншектеріміз түрлі мамандық иелеріне құрмет пен заң мен тәртіпке бағынушылық қағидаларын жадына түйіп жүретін болады деген ойдамын. Театр…
Автор: erimbetkaz
Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы 2025 жылғы 25 желтоқсан ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2025 жылғы 25 желтоқсан № 1137
Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Жаңа жыл мерекесіне арнап шырша тігу мен пиротехника қолданудың тәртібін түсіндірді. — Шыршаларды құламайтындай етіп, дұрыстап бекіту керек. Сонымен қатар эвакуация кезінде қолданылатын шығу жолдарына орнатуға болмайды. Шырша безендіруге арналған электрлі әшекей шамдар зақымдалмаған, зауыттан шыққан болу керек, — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Сондай-ақ, ол базардан пиротехника сатып алған кезде неге мән беру керектігін айтты. — Ал пиротехниканы ашық алаңда қолдану керек. Автокөлікпен пен ғимараттардан 50 метр қашықтық сақтап қолдану қажет. Балаларға беруге, желді күні қолдануға, шатыр асты мен ағаштардың…
Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Ресей Федерациясының халық әртісі Вера Алентова 83 жасында қайтыс болды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, әртістің қайтыс болғанын Мәскеудің А. С. Пушкин атындағы драма театры растады. Бүгін Алентова Маяковский театрында актер Анатолий Лобоцкиймен қоштасу рәсіміне қатысып, жағдайы аяқ асты нашарлаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті. Өкінішке қарай, олар оны құтқара алмады. Әртіс ауруханада қайтыс болды. Алентова кинодағы дебютін 1965 жылы Николай Литус пен Леонид Ризиннің «Ұшу күндері» драмасында мұғалім Лидия Федоровнаның рөлін сомдады. Барлығы 30-дан астам фильмдер мен телехикаяларда ойнады. Ең танымал кинотуындыларының бірі — Владимир Меньшовтың «Мәскеу көз жасына сенбейді» мелодрамасындағы Катерина…
Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналымға шығаратын болды. Банк мәліметіне сәйкес, бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын «Сақ стилі» элементтеріне негізделген. — Жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында жаппай қолданысқа шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет, — деп атап өтті ведомство. Банкноттардың түсі — көк. Оның бет жағында мына заттар бейнеленген: — көкте қалықтаған…
Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Бүгін Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram желіcіндегі парақшасында мемориалдық тақтаның ашылуына қатысқанын мәлім етті. «Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті – шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы», — деп жазды министр. Сондай-ақ Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады – аудиториялардың біріне оның есімі беріледі.
Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Жыл соңында көптеген ұйымдарда жұмыс жүктемесі әдеттегіден арта түседі. Есептер, қорытындылар, жобаларды жабу және келесі кезеңді жоспарлау бір жыл бойы жиналған шаршаумен қатар келеді. Соның салдарынан тіпті тұрақты ұжымдардың өзінде тиімділіктің төмендеуі мен ішкі шиеленістің өсуі байқалуы мүмкін. Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) сарапшыларының пікірінше, жыл соңындағы өнімділікке әсер ететін негізгі фактор — тапсырмалардың көлемі емес, команда ішіндегі күйзеліс деңгейі. Созылмалы стресс қызметкерлердің эмоционалдық жағдайына ғана емес, қабылданатын шешімдердің сапасына да тікелей ықпал етеді. Үздіксіз қысым жағдайында назар шоғырлануы төмендеп, коммуникация әлсірейді және кәсіби күйзеліске түсу қаупі артады. МТАЖО мамандарының байқауынша, бұл кезеңде қызметкерлер…
Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды. — Бүгін біз адам өмірі үшін «алдыңғы шепте» жүрген медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғауға бағытталған өте маңызды заң жобасын қарастырып отырмыз. Неліктен бұл заң қажет? Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы 5 жылда медиктерге 280 шабуыл жасалған. Бірақ бұл — «айсбергтің шыңы» ғана, өйткені дәрігерлер көбіне арыз жазбайды. Зардап шеккен бір дәрігер — бұл көмексіз қалған мыңдаған пациент. Мысалы, Қостанайда хирург алған жарақатынан 4 ай жұмыс істей алмай, 960 адам білікті көмектен айырылды,…
Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – 2027 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы ілкі жоба ретінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл турал Сенатта БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты. — Америкалық компаниямен енді жұмыс істей бастаймыз. Бастапқы кезең процесі — келіссөздер, меморандум жасасу болды. Бұл бір күннің не бір жылдың жұмысы емес екені түсінікті. Ол барынша ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, осыған орай, алдағы 2026 жылы ҰБТ-ның форматы да, мазмұны да өзгермейді, — деді вице-министр. Осы орайда ол ҰБТ форматын өзгерту ілкі жоба ретінде 2027 жылдан бастап кезең-кезеңмен қолға алынуы мүмкін екенін айтты. — Әрине, бұл мәселелердің…
Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 7 жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оқиға биыл жазда Бәйдібек ауданында болған еді. Қошқарата ауылындағы 14 жастағы жеткіншек 1-сынып оқушысын алдап көпір астына алып барған. Сөйтіп ауылдасына ойына келгенін істеген. Қыздың зорлағанын білген жақындары бірден полицияға арызданып, ақыры алыстан келмеген жау құрықталған. Сотта күдікті өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот медициналық сараптама нәтижесінде бүлдіршінді қорлағаны толықтай дәлелденген. Енді ол 10 жылын темір торда өткізіп, 8 млн теңге моральдық шығын өтеуі керек. “Басты сот талқылауында сотталушы тарап яғни кәмелетке толмаған сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші…