Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Жыл бойы Қарулы күштерде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі. Ол 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1932 жылы әскерге шақырылды. Орта Азия әскери округі 3-ші Түркістан атқыштар дивизиясының 14-ші таулы атқыштар полкінде бір жылдық курсты тәмамдағаннан кейін взвод командирі қызметін атқарды. 1936 жылы Қиыр Шығыста 105-ші атқыштар дивизиясының 315-ші атқыштар полкінде артиллериялық дивизион командирі болып қызмет етті. 1938 жылы Хасан көлі маңында жапондықтармен болған шайқастарға қатысты. 1940 жылғы ақпанда Киев айрықша әскери округіне ауыстырылып, 24-ші атқыштар…
Автор: erimbetkaz
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Швециялық климат белсендісі Грета Тунберг Лондонның орталығында палестиналықтарды жақтаған наразылық шарасы кезінде ұсталды, деп хабарлайды DW. Іс-шара қамаудағы Палестина әрекетінің белсенділеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілді. «Палестина тұтқындары» наразылық тобы Тунбергтің «Мен Палестина әрекетінің тұтқындарын қолдаймын. Мен геноцидке қарсымын» деген жазуы бар тақта ұстаған видеосын жариялады. Акция Ұлыбритания астанасында өтіп, аштық жариялап жатқан белсенділерге назар аударуды мақсат еткен. Лондон полициясының мәліметінше, таңертең Фенчерч-стрит ауданындағы ғимарат зақымдалып, қызыл түске боялған. Екі қатысушы ереуіл кезінде бір ер және бір әйел адамға қасақана зиян келтіргені үшін қамауға алынды. Кейінірек оқиға орнына 22 жастағы әйел келген. Ол 2000 жылғы Терроризм…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Бұл туралы кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне жүргізілетін аудит бойынша есепті жариялау кезінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты. — Жоғары аудиторлық палатаның бағалауынша, қаржылық қолдау шараларын алған жобалардың 64 пайызында төленген салықтың өсімі қамтамасыз етілген. Бірақ олардың барлығы мемлекеттік қолдау есебінен деп айтуға болмайды. Мәлімделген өндіріс іске қосылмай, жабдық әлі де қаптамада болса да, төленген салық көлемі артқан жобалар бар. Бұны кәсіпкердің қолдау шараларын алғанға дейін ретке қойған қызметімен түсіндіруге болады… Жалпы, мемлекеттік қолдаудың 1 теңгесіне төленген салықтың көлемі негізінен 1 теңгеден кем келеді, — деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында. Оның айтуынша,…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Америка президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты. Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды. Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Польшадан адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті. Ол 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінді. — Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды, — делінген хабарламада. Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарымен 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Анкарадан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай бортында Ливия армиясы Бас штабының бастығы Мохаммед Али-Ахмед аль-Хаддад болған жеке ұшақ радардан жоғалып кеткен. Анкарада ұшақ апатына қатысты Бас прокурордың бірінші орынбасары бастаған төрт прокурордан тұратын тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Анадолы. Хаймана ауданы Кесиккавак ауылы маңындағы таулы аймақта құлаған ұшақ туралы ақпарат түскен соң оқиға орнына жандармерия бөлімшелері, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен медициналық топтар жөнелтілді. Ауа-райының қолайсыздығы мен жолды лай басып қалғандықтан құтқарушылар оқиға орнына жаяу жетті. Қазір төтенше жағдайлар қызметі апат орнында жұмыс істеп жатыр. Түркияның Әділет министрі Йылмаз Тунч Ливия Бас штабының басшысы генерал-полковник…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық: «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке; «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа; «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке; «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Индексацияға сәйкес, бұл төлемдер шамамен 10 пайызға өседі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. «2025 жылғы әлеуметтік бюджет шамамен алты триллион теңгені құрайды. Жыл басында ол 5,9 триллион теңге болды, ал келесі жылға біз әлеуметтік бюджетті 6,8 триллион теңгеге жеткіздік. Яғни биылмен салыстырғанда 887 миллиард теңгеге өсім бар. Бұл қандай қаражат? Зейнетақы мен жәрдемақы 10 пайызға ұлғаяды», — дейді вице-премьер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. Серік Жұманғарин әлеуметтік төлемдердің жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, биыл зейнетақы мен жәрдемақы 8…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Астанада «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады. «Сағат 19:00-де тергеу әрекеттеріне шақырылған бас редактор Әмір Қасеновтың ұсталғанын оның қорғаушылары жаңа ғана мәлімдеді. Бұл – құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілердің заңсыз әрекеті. Тапсырыс берушілердің қатарында Турлов пен Freedom Finance компаниясы тұр. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Әмір тағылған айыптар алынып, ол бостандыққа шығуы тиіс!» – деп жазды агенттіктің бас директоры Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында. Қорғаушы Рена Керимова Қасеновты қамауға алу – орташа ауырлықтағы айыпқа тым қатал шара деп санайды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігі бойынша айып…
Астана. 24 желтоқсан. BM.KZ – Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Абай облыстық ПД баспасөз қызметі. 2025 жылғы 23 желтоқсанда шамамен сағат 08:20–да Алматы — Өскемен автожолының 681-шақырымында Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. — Автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш адам медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері мен сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейді, —…