Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Алатау қаласында жол -көлік оқиғасы салдарынан біршама үйге жылу беру тоқтатылды. Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше сағат 21:40–та газ құбырының орташа қысымдағы аркасын автокөлік соғып кету салдарынан апаттық жағдай болған. Осыған байланысты Речная, Садовая, Новая, Некрасов, Ленин, Калибеков, Жампейісов, Мақатаев, Момышұлы, Уәлиханов көшелерінде (Калибеков көшесінен Жамбыл көшесіне дейін) газ беру уақытша тоқтатылды. — Бүгін таңертеңнен бастап жауапты мекеме — «NatGas» ЖШС тарапынан арнайы бригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, авариялық-қалпына келтіру дәнекерлеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізілмейді. Газ беру бүгінгі күннің соңына дейін толық қалпына келтіріледі деп жоспарланған. Осыған байланысты тұрғындардан газ есептегіштің алдындағы кранды жабуды…
Автор: erimbetkaz
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Өскемендегі сауда орталықтарының біріндегі зергерлік бөлімде қымбат алтын жүзік ұрланды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті. Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 40–50 жас аралығында еуропалық сырт келбеттегі белгісіз ер адам мен әйел неке жүзігін сатып аламыз деп сатушының сеніміне кірген. Әйел адам бұйымды тағып көріп жатқанда, ер адам сауда орнынан шығып кеткен. Көп ұзамай әйел де белгісіз бағытта кетіп қалған. Кейін дүкен қызметкерлері құны 200 000 теңгеден асатын алтын жүзіктің сырттай түпнұсқаға ұқсас бижутерияға алмастырылғанын анықтаған. Алмастыру фактісі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау барысында расталды — бейнежазбада әшекейдің ауыстырылған сәті анық көрінеді. Аталған факті бойынша Өскемен қалалық…
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Атырауда әйелін оқтаумен басынан бірнеше рет ұрып өлтірген 41 жастағы адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Тыныштық Нуримова оқыды. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігі «Адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату» бойынша кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Жаза өтеу мерзімі 2025 жылдың 19 тамызынан есептеледі. Уақытша ұстау изоляторында отырған әр күні жазасын өтеу кезінде 1,5 күн болып есептеледі. Айыпталушы соңғы сөзінде марқұмның ата-анасынан, жақындарынан және туған 2 қызынан кешірім сұрады. Бұл іске қатты өкінетінін жеткізді. Оқиға осы жылдың 19 тамызында…
Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ – Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар қыздың елге аман-есен оралғанын айтты. Жағдай жедел әрекет етуді талап етті, себебі Ұлыбританияның уәкілетті органдары баланы британдық отбасында қалдыру мәселесін қарастырған. Алайда қазақстандық тараптың үйлестірілген және жедел іс-қимылының арқасында баланың азаматтығын және туыстық байланыстарын сақтау құқығы қорғалды. Нәтижесінде қыз бала туған әжесімен және биологиялық әкесімен қайта қауышты. Мамандардың туыстарымен жүргізілген профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының барысында қыздың әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алып, отбасында тәрбиелеуге ниетті екендерін білдірді. — Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып ауқымды жұмыс істелді. Біз сәбидің жақын…
Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Президент ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді. Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. Әсіресе «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды. Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.
Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. Әкімнің айтуынша, биыл 41 елді мекенде 66 жобаны іске асыруға 15 млрд 155 млн теңге бөлінген. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылды. — Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 млрд 200 млн теңге бөлініп,…
Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Оқиға Жетісу облысында тіркелді. Әйелдің өзі түсіріп алған видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен, деп хабарлайды ZTB. Кадрдан кір жуғыш машина ішінде шошынып тұрған мысық көрінеді. Желі қолданушылары жағдайға бей-жай қарамай, e-Otinish арқылы полицияға шағым жолдаған. Қазіргі уақытта әйелдің жеке басы анықталды. Ол бұл әрекетін қызына жасалған «пранк» деп түсіндірген. «Тексеру барысында мысық ветеринар дәрігердің қарауынан өтті. Жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Иесі әкімшілік жазаға тартылды», — дейді полиция.
Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Мәскеуде Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабының жедел дайындық басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты. Тергеу деректеріне сәйкес, оның көлігіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғы қойылған, деп хабарлайды Ulysmedia. Сарваровтың көлігі Мәскеудегі Ясеневая көшесіндегі автотұрақта шамамен таңғы 7:00-де жарылған. Ресейдің құқық қорғау органдарына жақын «База» және «Mash» Telegram-арналарының деректеріне қарағанда, жарылыс жүргізуші көлікке отырып, бірнеше метр жүрген кезде болған. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, көлік астына қойылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған. «Тергеу кісі өлтірудің әртүрлі нұсқаларын пысықтап жатыр. Соның бірі — қылмыстың украин арнайы қызметтерінің ұйымдастыруы», — деп мәлімдеді тергеу комитеті. Тергеу комитеті…
Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов биыл 15-26 қараша аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті. Премьер-министр Олжас Бектенов спортшыларды қолдау Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Ұлттық құрамаға, оның мамандары мен бапкерлер құрамына жеңіске жету жолында табандылық пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткен үйлесімді және нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді. 2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты.…
Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Маңғыстау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің инспекторлары бақылау мақсатында сатып алу барысында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дизель отынын сату фактісін анықтады. — Зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша ДТ-Л-К4 маркалы дизель отыны Кеден одағының «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» ТР ТС 013/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, тексерілген өнімдегі күкірттің массалық үлесі 115 мг/кг, ал рұқсат етілген норма 50 мг/кг-дан аспауы тиіс, бұл белгіленген көрсеткіштен 65 мг/кг-ға артық екенін көрсетеді, — делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында. Анықталған заң бұзуға байланысты уәкілетті орган сотқа талап…