Автор: erimbetkaz

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — «Киік — 2025» жедел алдын-алу іс шарасы аясында Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз сақталған киік мүйіздерін анықтады. Жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы азаматтан 322 киік мүйізі, сондай-ақ аталған жануардың өлекселері тәркіленді. Ер адамның айтуынша, 2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін ол дала аумағында киік мүйіздерін жинап, кейіннен сату мақсатында үйінің шатырында сақтаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы және заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Парламент Сенаты «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бүгін Сенат отырысында аталған заң жобасы алғашқы оқылымда қолдау тапты. Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Руслан Рүстемовтің айтуынша, бұл бастама өскелең ұрпақты қоғамға жат құндылықтарды насихаттаудан қорғауға, неке мен отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған. Депутаттың сөзінше, заң жобасы аясында 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Олардың қатарында «Масс-медиа туралы» заң мен Еңбек кодексі де бар. Құжаттың толық атауы — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев пара алғаны үшін 12 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол мердігерден пара алып, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысын қабылдауға уәде берген. «Диапазон» басылымының жазуынша, айыптау қорытындысына сәйкес, аудан орталығының әкімі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстарды еш кедергісіз қабылдағаны үшін мердігерден 400 мың теңге көлемінде пара алған. Пара алуға делдалдық жасаған әкімнің досы Нұрбек Қазбек есімді азамат. Ол мердігермен келіссөз жүргізген. Қазбекке тек делдалдық емес, сонымен қатар бопсалау арқылы ақша алу бабы да тағылған, алайда бұл эпизод бойынша мердігер оны кешірген. Сотта қос айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, Хромтау аудандық сотының судьясы Ерлан Бақытжан Сағындық Шабықбаевты пара алғаны, ал…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Ауғанстан апат төніп тұр. Осы қыста 17 миллионнан астам адам аштықтан қаза табуы мүмкін. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы дабыл қағып отыр, өйткені көптеген отбасы бірнеше күн бойы ас-ауқатсыз отыр, деп хабарлайды BILD. — Біздің топтарымыз отбасылардың бірнеше күн бойы тамақ ішпей, аман қалу үшін ең шектен шыққан шараларға барып жатқанын көріп отыр. […] Балалар арасындағы өлім-жітім артып келеді, ал алдағы айларда жағдай одан әрі ушығуы мүмкін, — деді ДАБ-тың Ауғанстандағы директоры Джон Эйлифф. ДАБ-тың мәліметінше ел экономикалық дағдарыстан, сондай-ақ қуаңшылық пен жер сілкіністерінің салдарынан қатты зардап шегіп отыр. Азық-түлік бұрыннан тапшы болса, енді оған көршілес елдерден ауған азаматтарының жаппай…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Сәрсенбі күні Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен елге қарсы жалғасып жатқан АҚШ агрессиясын талқылау үшін жиналуды сұрады, деп хабарлайды Reuters. Агенттігінің хабарлауынша, кездесу келесі сейсенбіге жоспарлануы мүмкін. Бұдан басқа, Венесуэла президенті Николас Мадуро БҰҰ Бас хатшысына АҚШ-пен арадағы шиеленісті талқылау үшін қоңырау шалды. Әңгіменің қысқаша мазмұнына сәйкес, Антониу Гутерриш мүше мемлекеттердің халықаралық құқықты сақтау және шиеленісті азайту қажеттілігі туралы мәлімдеді. Венесуэла СІМ басшысының The New York Times газеті алған хатында «АҚШ президенті біздің ұлттық егемендігімізді, сондай-ақ «елдің аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігін» жазасыз және бүкіл әлемнің көз алдында бұзып жатыр» делінген. Басылым сонымен қатар Венесуэла үкіметі…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Бүгін Алматы – Бангкок бағытында ұшуға тиіс KC931 рейсі техникалық себептерге байланысты Үндістанның Дели әуежайына қонуға мәжбүр болды. Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, бортта 138 жолаушы болған. Ұшақ Алматыдан сағат 01:00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05:51-де Делиге қонған. Қазіргі уақытта барлық жолаушыға тамақ берілген, уақытша визалар ресімделген. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. – Сонымен қатар рейсті Бангкокқа дейін жалғастыру үшін резервтік ұшақ дайындалып жатыр, — делінген хабарламада. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар +7 702 702 00 74 нөмірі арқылы әуе компаниясының WhatsApp жедел желісіне хабарласуға болады.

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің елдегі елшісін шақырып, нота тапсырды. Онда Мәскеу облысының Горки-2 кентіндегі мектептің 4-сынып оқушысына жасалған «ұлт араздық негізіндегі шабуылды» қатаң айыптайтыны туралы мәлімдеме жариялады. Құжатта Ресей тарапынан қайғылы оқиғаны тез арада әрі объективті түрде тергеп, кінәлілердің барлығын заң бойынша қатаң жауапқа тарту талап етілген. Сондай-ақ, Тәжікстан Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцевпен телефон арқылы сөйлесіп, тергеудің дұрыс жүргізілуін сұрады. Колокольцев өз кезегінде тергеу жұмыстары қатаң бақылауда екеніне сендірді. 16 желтоқсанда ресейлік 10-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, күзетшіні пышақтап, газ баллонын шашып, артынша он жасар тәжік баласын пышақтап кеткен. Оқиға Мәскеу облысының…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының соты бірнеше рет алаяқтық жасаған көпбалалы анаға қатысты үкім шығарды.  Бұл туралы Шымкент қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 2025 жылдың қаңтар айында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы «инвесторлар ақшалай қаражат берген жағдайда, тендер арқылы ақшалай қаражатты көбейтіп беретіндігі туралы жалған ақпараттарды жарнамалап, алайда ол ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Жәбірленушілерге 35 419 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген. Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер жаза тағайындау барысында соттың қарауына қалдырды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сот, сотталушының қылмыстық…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады. Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында хабарлады. «Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды», деп жазды Р.Желдібай. Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың…

Толығырақ

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның 14 өңірінде ескерту жариялады. Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы – 15–20 м/с. Күндіз Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар жауады. Түнде және таңертең аталған өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Ал өңірдің батыс бөлігінде тұман түсуы ықтимал. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Таңертең және түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында қар түседі. Бұрқасын күтіледі. Аталған өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және…

Толығырақ