Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп тану туралы қаулы шығарды. Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Іс материалдарында айыпталушының биыл қыркүйек айында Ұлттық ұланның үш әскери қызметкеріне күш қолданғаны айтылады. Кешкі сағат 21.00 шамасында дәмхана маңында тоқтатқан патрульдердің сұрақтарына балағат сөзбен жауап беріп, күш көрсеткен. Атап айтқанда біреуін кеудесінен итерсе, наряд бастығын иығынан қағып жіберген. Ал үшіншісінің көзінен ұрған. Павлодар қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Дәулет Шабанбай жазасын орта қауіпсіздікке ие мекемеде өтейтін…
Автор: erimbetkaz
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — ҚХР инвесторлары Тараз қаласында су ресурстары мен ирригация жүйелерін басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт ашады. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Министрлік мәліметінше, құжатқа Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Yellow River Engineering Consulting Co. Ltd компаниясының директоры – бас экономисі Ин Дэвэнь қол қойды. Шетелдік делегация құрамында Leture Technology және Cheng Cheng Group компанияларының басшылары да болды. Кәсіпорын цифрлық шешімдер өндіруге маманданады. Атап айтқанда, су ресурстарын бөлуді автоматты түрде бақылау және басқару жүйелері, су деңгейі мен сапасын өлшейтін датчиктер, ирригация желілерін диспетчерлеуге арналған бағдарламалық-аппараттық…
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық маман Дмитрий Огай қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. 65 жастағы Дмитрий Огай футболшы, сондай-ақ бапкер ретінде де кеңінен танымал. Ол «Ертіс» (Павлодар) клубымен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Енді Д.Огайдың басты мақсаты – «Шахтерді» Премьер-лигаға шығару. Биыл қарағандылықтар Бірінші лигада төртінші орынға табан тіреп, жолдамадан тыс қалды. «Шахтер» клубы өз тарихында екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ қазақстандық командалар арасынан алғаш рет 2013-2014 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық бәсекесінде өнер көрсетті.
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін Жөкей көлінде заңсыз балық аулаған браконьерлерге қатысты сот үкімі шықты. Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 4-бөлігінің 1) тармағы бойынша тергелген. Тергеу барысында 2024 жылдың қыркүйек айында үш азаматтың алдын ала сөз байласу арқылы түнгі уақытта үрлемелі қайықтарды пайдаланып, көлден жабынды тормен 640 килограмнан астам балықты заңсыз аулағаны анықталған. Аталған әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген залал 9 млн теңгеден асқан. — Аудан прокуроры қылмыстық істі Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдап, сот процесінде мемлекеттік айыптауды қолдады. Сот пен алқабилер алқасы алдында айыпталушылардың кінәсі толық…
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан заң бұзушылықтар анықталып, 12 сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Қадағалау органы жеке сот орындаушыларының борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастағанын, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғағанын анықтаған. Атап айтқанда, кейбір жеке сот орындаушылары еңбек демалысында болған кезеңде олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған фактілер тіркелген. — Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты ҚР Әділет министрінің атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Ұсынысты қарау нәтижесінде 85 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, олардың бірқатарына қатысты жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік…
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында екі ер адам жоғалып кетті. Жәнібек ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 желтоқсан күні Күйгенкөл ауылдық округінде болды. Сол күні таңмен 57 және 59 жастағы ер адамдар Бұқар қыстағынан мал бағуға кеткеннен оралмаған. Ұялы телефондары болмаған. — Екі адамның жоғалып кеткені туралы хабар 13 желтоқсан күні сағат 20.39-да түскен. Оларды іздестіруге 40 адам, 6 техника жұмылдырылды. 15 желтоқсан күні таңмен сағат 07.00-де іздестіру жұмыстары қайта жалғасты, — деп хабарлады аудан әкімдігінен. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жәнібек ауданында осыған ұқсас тағы бір оқиға болды. 13 желтоқсан күні…
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Sincere Systems Group LTD» («S-Group») қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. «S-Group» компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметтерін ұсынатынын мәлімдеген. Салымшыларға айына 15%-20%, жылына 120%-180% көлемінде табыс уәде етілген. Инвестициялық қызметтің шынайы жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке қолжетімділік берілген, онда виртуалды депозиттер, «табыстың өсімі» және есептелген қаражат көрсетілген. Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Келтірілген залалдың…
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — 14 желтоқсан күні Колумбияның солтүстігіндегі ауылдық жерде мектеп автобусы 80 метрлік жартастан құлап, салдарынан 17 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі күні кешке жергілікті губернатор хабарлады, деп жазды Reuters агенттігі. Антиокия департаментінің губернаторы Андрес Хулиан X әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында оқушылар автобусының Кариб теңізі жағалауындағы Толу қаласынан Медельинге қарай бағыт алғанын және мектептегі сапардан кейін Антиокияның орта мектеп оқушыларын алып келе жатқанын мәлімдеді. Губернатордың айтуынша, жексенбі күні кешкісін оқушылар жағажайда өздерінің мектеп бітіру кешін атап өткен. «Бұл желтоқсан айындағы бүкіл еліміз үшін өте ауыр қайғылы жағдай болды», — деп жазды Андрес…
Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Түркістан облысы Отырар ауданында мақта зауытынан өрт шықты. — 2025 жылы 14 желтоқсан күні сағат 03:57–де Отырар ауданы, Темір ауылында мақта пунктінің ашық аумағында ауданы 360 шаршы метр аумақта жиналған мақта жанды. Жалпы салмағы — 260 тонна. Қоймада жалпы 4500 тонна мақта сақталған. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54–те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр, — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен — 30 жеке құрам, 7 техника, ауыл құтқарушыларынан — 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан — 3 адам,…