Автор: erimbetkaz

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты. – Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Пластикалық оталарға арналған өтінімдер саны 130 есеге артқан. Осыған орай enpf-otbasy.kz платформасында БЗҚ қаражатын бұл мақсатта пайдалану бойынша өтінім қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады. Еnpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмологияға БЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаңа мақсатты жаппай таңдай бастады. Ол реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары. Бұл бағытқа әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету және туа біткен ақауларды коррекциялау үшін сұраныс артты. Отбасы банк мұндай өтінімдердің саны бойынша күрт өсімді байқады. Бұрын банкке пластикалық оталарға БЗҚ қаражатын пайдалану туралы азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түсетін. Алайда қыркүйекте стоматология…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық Kundelik электронды күнделігіне тіркелген кемінде бірнеше мың оқушының жеке мәліметтері ашық қолжетімді болып қалды. Желілерде жарияланған деректердің ішінде баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген. Выход к морю телеграм арнасының мәліметінше, ақпарат желтоқсанның басында мәлім болған, ал деректердің өзектілігі биылғы қыркүйекке сәйкес келеді. Бұл дерек соңғы айларда тарағанын аңғартады. Платформа операторлары ресми түсініктеме берген жоқ. Darknet алаңдарында бірнеше мың жолдан тұратын файлдар сатылымға қойылған. Әдетте мұндай ақпарат тек «бер жағы» және толық база әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін. Kundelik — Қазақстандағы мектептердің басым бөлігінде міндетті жүйе, сондықтан онда миллиондаған оқушы, ата-ана және мұғалім…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату ісіне қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады. «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді: барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты. Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. — Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан…

Толығырақ

Елордалық тілшілер алдында Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желілерде отырмайтынын айтты. Базарларды реттеу, қаланың ауасын тазарту, жасөспірімдер суициді сынды маңызды мәселелер тұрғанда әкімнің әр постқа лайк басып отыратын уақыты жоқ. Тіпті атышулы деген Берденов ісі де әкім араласатын шаруа емес. Ол құзырлы органдардың ісі. Астанаға есеп бере келген өзге әріптестері секілді Ғабит Сыздықбековтің баяндамасы да оптимизмге толы. Айталық Шымкент, Астана мен Алматы секілді республикалық бюджеттің доноры болмаса да өңірдің  экономикалық өсім көрсеткіштері де баршылық. Халықпен тығыз жұмыс істейтінін білдірген әкім әлеуметтік желілерінде үнемі белсенділігін көрсетіп келеді. Бірақ, ол баспасөз қызметінің жұмысы екен. Өз басы әлеуметтік желі,…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша рейтингіде көш бастады. Қазір Sofascore рейтингінде UEFA Чемпиондар лигасының биылғы маусымында ойын көрсетіп жатқан тек төрт футболшы ғана 8.00 және одан жоғары балл жинай алған. Бұл тізімде танымал футболшыларды артта қалдырған Темірлан Анарбеков көш бастап келеді. Отандасымыз 8.90 балл жинаса, одан кейінгі орындардағы Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») — 8.34, Виктор Осимхен («Галатасарай») — 8.33, Никита Хайкин («Будё-Глимт») — 8.10 балл жинаған. Айта кетсек, Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасындағы үздік ойынын жалғастырып, спорт мамандарының жоғары бағасын алды. Астанада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы кездесуде…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Қарағандыда әлеуметтік желіде қалада жалдамалы пәтерлердің бірінде жасөспірімдердің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті. Ал зардап шеккендер қазір дәрігерлердің бақылауында. Қаланы дүр сілкіндірген қайғылы жағдай орталықтағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Пабликтердің бірінде жалға алынған пәтерде алдын ала болжам бойынша жасөспірімдердің есірткілік затты шектен тыс қолданғаннан көз жұмғаны туралы хабарланды. Алдын ала деректерге сәйкес, пәтерді ересек ер адам жалға алған. Қоныстанған соң ол пәтерге бірнеше жасөспірімді ертіп келген. Таңертең үй иесі кілтін алу үшін келгенде жантүршігерлік көрініске куә болған: бір жасөспірім жан тәсілім еткен, тағы үшеуі ес-түссіз жатқан. Пәтер…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Абай облысында әскери прокуратура әскерге шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізуге 40 млн теңге артық төленгенін анықтады. Әскери прокуратура емханаға қатысты тексеріс жүргізді. Соның барысында іс жүзінде тексерілген әскерге шақырылушылар саны келісімшартта көрсетілген мөлшерден аз екені анықталған. Алайда емхана өзіне тағылған айыппен келіспеді. Іс Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Белгілі болғандай, мобилизациялық дайындық және мобилизацияны қамтамасыз ету қызметі мен емхана арасында 2023 және 2024 жылдары әскерге шақырылушыларды медициналық қарап-тексеру бойынша жалпы құны 99 млн теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған. — Медициналық мекеме өкілдері шарттағы сандық көрсеткіштер қате енгізілгенін, 4300 және 2200 адамды тексеру…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік мәлім еткендей, нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9 Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды. Лицензия бойынша ақпарат: 2000 м (микст) — 1 лицензия Ерлер: 500 м — 2 лицензия 1000 м — 1 лицензия Әйелдер: 500 м — 2 лицензия 1000 м — 1…

Толығырақ

Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Алматы-2 теміржол вокзалында болған жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеген. – Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Алматы-2 теміржол вокзалында адамдар табиғи газдан уланып, 52 адам медициналық көмекке жүгінген. ҚТЖ мәліметінше, пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қарауында емес. Бұл…

Толығырақ