Автор: erimbetkaz

Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Астана мектептерінде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «2025 жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасы хабарламасында.

Толығырақ

Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Мереке кезінде сұраныс артқандықтан бірнеше бағытта қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Жаңа жылдық маусымда жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздарды іске қосып жатыр.  Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Жалпы жолаушыларға 53 мыңнан астам орын ұсынылады. Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды: • № 201/202 «Алматы-2 — Астана-1» Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар. Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.…

Толығырақ

Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Украина президенті Владимир Зеленский сайлаудың қауіпсіз жағдайда өтуі қамтамасыз етілсе, алдағы екі-үш ай ішінде президенттік сайлау өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды BBC. Ақ үй президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украинада жаңа президент сайлауын өткізуді қолдайтынын айтты. Америкалық көшбасшы Украинада жалғасып жатқан қақтығысқа қарамастан, жаңа президент сайлауын өткізетін уақыт келгенін мәлімдеді. Оның пікірінше, сайлау өткізуден бас тарту демократия қағидаттарына қайшы. Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің тағы да жеңіске жету мүмкіндігі бар екенін атап өтті. — Кімнің жеңетінін білмеймін. Бірақ оларда сайлау көптен бері болған жоқ. Білесіздер ме, олар демократия туралы айтады, бірақ қандай…

Толығырақ

Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті. Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин негізгі құрамада Темірлан Анарбеков (Қ) (К), Луиш Мата, ​Александр Широбоков, Егор Сорокин, Еркін Тапалов,Олжас Байбек, Дан Глейзер, Александр Мрынский, Гиорги Зария. Рикардиньо, Эдмилсонға сенім артты. Бірінші кезеңде басымдық негізінен грекиялық футболшылар қолында болды. Олар жиі шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған алматылық клуб ойыншылары лайықты тойтарыс берді. Ұрымтал сәттерде өздері алға қарай ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. Екінші кезеңде екі команда толассыз шабуылға иек артты. Ойынның 73-минутында грекиялық клубтан Желсон…

Толығырақ

Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Петропавлдағы «Галактика» сауда үйіне өрт қойған күдікті ұсталды. 4 желтоқсан күні таңғы сағат 5.00 шамасында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты сауда үйінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, жалынның жайылуына жол бермеді. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы болжамда электр сымдарының қысқа тұйықталуы қарастырылды, бірақ зергерлік шеберханаға көп зиян келуі мамандардың күдігін тудырды. Тәртіп сақшылары сауда үйінің маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Нәтижесінде оқиғадан біраз уақыт бұрын сол маңда болған және «Галактикаға» қарсы орналасқан бос сауда павильонына бірдеңе жасырып кеткен күдіктіні анықтады. Павильонды тексеру барысында полицейлер оның ішінен…

Толығырақ

Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Мемлекет басшысына экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтылды. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Мемлекет басшысына қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет…

Толығырақ

Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Полиция Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2025 жылғы 5 желтоқсанда болған. Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан. – Жол апатынан екі жүргізуші және екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, — делінген ведомство таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Тергеуді полиция департаменті басшылығы бақылауға алған.

Толығырақ

Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі, Чех Республикасындағы, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшілер бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды; Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы…

Толығырақ

Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен мұнай өнімдері нарығындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті. Қатысушылар бақылау механизмдерін жақсарту бойынша ағымдағы нәтижелер мен қосымша қадамдарды талқылады. Кеңесте Роман Скляр ішкі нарық ЖЖМ қажетті көлемімен тұрақты қамтамасыз етілгенін, мұнай өңдеу зауттары және логистика жұмысы штаттық режимде жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар көрші елдермен жанар-жағармай бағасының айтарлықтай айырмашылығын ескере отырып, отынды елден заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. Жауапты органдарға профилактикалық және бақылау іс-шараларын жоспарлы түрде жалғастыру тапсырылды. Үкімет шекарада және ел ішінде өзара іс-қимылдың жедел тетіктерін жетілдіру жөніндегі…

Толығырақ

Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Биылғы жылдың 3-тоқсанында елімізде фамилиясын, есімін немесе әкесінің атын өзгерту бойынша 14 мың жағдай тіркелген екен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім қылды. Аталған құжаттық өзгертуге қай өңір көбірек жүгінгені белгілі болды. — Алматы – шамамен 3 мың адам. — Астана – 2,4 мыңнан астам адам. — Қарағанды облысы – 849 тұрғын. — Ақтөбе облысы – 741 тұрғын. — Шығыс Қазақстан облысы – 673 тұрғын. Айта кетейік, аты-жөнін өзгерту қызметіне барлық өңірде тұрақты сұраныс бар.

Толығырақ