Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара–Шымкент тасжолында болды. Ұлғайсын ауылы маңындағы жол апатынан 5 жолаушы көз жұмды. – Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Автор: erimbetkaz
Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Астаналық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы өртке жедел жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. — Елордада құтқарушылар осы сәтте Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда шыққан өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр.
Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Ақмола облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан инспектордың өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға 7 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. – Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты азайтуды және жолдың тарылуын ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын соғып кетті, – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті. Департамент оқиға бойынша объективті тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Әскерилер Бенинде билікті басып алып, президент Патрис Талонды тақтан тайдырды, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Бенин мемлекеттік телерадиокорпорациясы мәлімдеді. Мәлімдемеге сәйкес, подполковник Тигри Паскаль басқаратын әскери комитет елдегі билікті толық өз қолына алды. Әскерилер барлық мемлекеттік органyың таратылғанын жариялады. Талонның орналасқан жері белгісіз. Хабарламада мемлекеттік төңкерістің 2026 жылдың 12 сәуіріне жоспарланған Бениндегі президенттік сайлауға дайындық аясында болғаны атап көрсетілген.
Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Грузия қаржы министрлігінің тергеу қызметі кедендік алымдар салынбайтын 10 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз сатты деген күдікпен «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның үш жоғары лауазымды қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Тергеу органының мәліметінше, күдіктілер 3 желтоқсанда қолға түскен. Тергеу дерегінше, Қазақстанның үш азаматы бір топ құрамында әрекет етіп, ірі көлемдегі шикі мұнайды кедендік рәсімдерден айналып өтіп сатқан. Олар құны 15 млн лариден асатын 10 мың тоннадан астам жоғары сапалы мұнайды заңсыз сатқан. Айыпталушылар сатылған мұнайдың нақты көлемін жасыру үшін терминал қоймаларындағы өнімді ластанған және пайдалануға жарамсыз қалдықтармен алмастырып, кедендік бақылауда тұрған мұнай өнімдері сол күйі сақталғандай көрсеткен.…
Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық спортшы Батырхан Төлеуғали (87 келі) Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Финалда ирандық Мохаммед Ализадені тізе бүктірді. Оған дейін отандасымыз аустралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді айқын басымдықпен жеңді. Осылайша таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі алтын, бір қола жүлдемен аяқталды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жеңімпаз атанса, Тамерлан Тілеулес (63 келі) қола жүлдеге қол жеткізген еді. Мұндай көрсеткіш осыған дейін Қазақстан таеквондо (WT) тарихында тіркелмеген. Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Ақбота Желеу (46 келі), Аяулым Асқар (62 келі), Арсылан…
Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Бүгін 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасында өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндірді. Төтенше жағдай салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты. «Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астана. 6 желтоқсан. BM.KZ – Лисаковск қаласының экс-депутаты болды деген бизнесмен кәмелетке толмаған өгей қызына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл туралы 31 арна хабарлады. Сот үкімі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылған. Іс жабық режимде қаралған. Мұның алдында «НеМолчи» қоры осы жағдайға қатысты мәлімет таратқан еді. Олардың дерегінше, ұсталған адам – Лисаковск қаласында белгілі бизнесмен. 2020 жылы қалалық мәслихат депутаты болған. Сонымен қатар, ол көптеген жылдар бойы мешіттерге қаржылай көмек көрсетіп келген. Қоршаған орта оны позитивті және ақжарқын адам ретінде сипаттаған. Тексерілмеген мәлімет бойынша, бала қорлық әрекеттерінің аудиожазбасын жасауға мәжбүр…
Астана. 6 желтоқсан. BM.KZ – «Үлкен жетілік» елдері мен Еуропалық одақ Ресей мұнайының экспортының бағасын шектеуді теңіз тасымалына толық тыйым салумен алмастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресейдің Украинадағы соғысты қаржыландыруға жұмсалып отырған мұнай кірістерін осылай азайту кіріспек. Бұл туралы Reuters дереккөздеріне сүйеніп хабарлады. Ресей өз мұнайының үштен бірінен астамын Батыс елдерінің танкерлерімен, негізінен Үндістан мен Қытайға, батыстық кеме компанияларын пайдалана отырып экспорттайды. Мұндай тыйым салынса, бұл сауда тоқтайды. Ал қазіргі тасымалдың басым бөлігі Грекия, Кипр және Мальта сияқты ЕО құрамындағы елдердің флоттары арқылы жүзеге асып отыр. Экспортталатын ресейлік мұнайдың қалған екі үштен бірі Батыстың бақылауы мен стандарттарынан тыс жұмыс істейтін, «көлеңкелі…
Астана. 6 желтоқсан. BM.KZ – ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 06 желтоқсанда, Астана уақытымен 02 сағат 04 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырымда қашықтықта болған. ТЖМ мәліметінше, Тараз және Шымкент қалаларында 2 балл деңгейінде сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.