Автор: erimbetkaz

Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Қарағанды маңындағы тас жолда инкассаторлық көлік пен жеңіл автокөлік қатығысып, салдарынан инкассатор бірер сәтте отқа оранып, жүргізушісі қаза болды. Құжатталған үш миллион теңгеден астам қаражат түгелімен жанып кетті, ал апатқа себепкер болған жүргізуші қамауға алынды. Қайғылы оқиға «Қарқаралы–Қарағайлы» автожолында болған. Облыстық полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлық Lada Largus көлігімен қатты соқтығысқан. Соққының салдарынан инкассатор көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы әріптесі және Camry автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry тізгіндеген ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне ІҚМ етін әкетуге квоталар бөлу қағидалары күшіне енгізілді. Аталған норма 2025 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданылады. ІҚМ етін әкетуге арналған сандық лимит 13 000 тоннаны құрайды. Бір тұлғаға арналған квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді: бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 (бес мың) басталғанда – 1 000 (бір мың) тонна; бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 (он мың) басталғанда – 2 000 (екі мың) тонна; бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000 (он бес мың) басталғанда – 3 000 (үш мың) тонна; бордақылау алаңының…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қарағандыда пилоттық режимде бірқатар тұрғын үйге іздеуде жүрген адамдарды танып, анықтай алатын «ақылды» домофондар орнатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкий жүйе кіреберіс маңындағы күдікті азаматтарды тіркеп, ақпаратты автоматты түрде тиісті қызметтерге жолдайтынын айтты. — Біз домофондарды деректер базасына қосамыз. Егер іздеуде жүрген адам домофон камерасының алдынан өтсе, жүйе оны бірден танып, полицияға сигнал жібереді, — деді Константин Ильницкий. Бұл — өңірде цифрландыру бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың бірі. Бүгінде облыс аумағында шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар нәтижесінде есірткі заттарын жасырын орындарға қоюмен айналысқан екі шетел азаматын ұстады. Тексеру барысында олардың бірінен алдын ала өткізуге дайындалған 8 орама есірткі және скотчпен қапталған полиэтилен пакетіне салынған ұнтақ түріндегі есірткі заты тәркіленді. Салмағы — 200 грамм. Белгілі болғандай, ол қаладағы қонақ үйлердің бірінде тұрып, қала аумағында байланыссыз жолмен есірткі таратумен айналысқан және жасырын орындардың мекенжайымен мессенджерде бөлісіп отырған. Екінші күдіктіден өткізуге дайындалған 25 орама есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Өскемен қаласында көшеде қолына пышақ алып, үсті-басы қан-жоса болып жүрген ер адам елді шошытты. Оқиға Протозанов көшесі бойындағы жағалауда болған. Қолында пышағы бар, жалаңаш кеудесі қан-жоса ер адам жұрттың көзіне бірден түсті. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Куәгерлер оның денесінде жарақаттар барын байқаған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері келіп жетті. — Тәртіп сақшылары 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Мас күйдегі азаматтың денесінде кесілген жарақаттар бар. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне жарақат салған. Пышақ тәркіленіп, ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Қазіргі уақытта оқиғаның…

Толығырақ

Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Джунёнды сенімді түрде жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды. Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады. – Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін,…

Толығырақ

Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ – Алматы жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік-оқиғасы бүгін сағат 00:40–та Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Саин даңғылымен келе жатып, бұрылмақ болғанында Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан. — Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары дене жарақатын алды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2002 жылғы өкілі бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тапсырды, — деп хабарлады департаменттен. Қазір полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Толығырақ

Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 93 жасқа қараған шағында әйгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, Мемлекет қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден өтті. «Қаралы хабар: Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин дүниеден озды. Түнде қызы хабарласып айтты. Ыстанбұлға емге апарған екен отбасы. Бейсенбі күні Ыстанбұлдан таңғы рейспен ылып келеді. Жаназасы 5 желтоқсан, жұма күні Астана қаласының Бас мешітінде», — деп әлеуметтік желіге Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жазды. Жабайхан Әбділдин 16.02.1933 жылы Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында дүниеге келшен. Әйгілі ғалым, философия ғылымының докторы (1968),…

Толығырақ

Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ – 2019 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау үдерісін жеңілдетуге бағытталған «E-freight» жүйесі іске қосылды. Бірақ бүгінге дейін бұл жүйенің қызметі шектеулі күйінде қалып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңесте айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласын цифрландыруға баса назар аударды. — Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау нарығындағы өзара ықпалдастық «бірыңғай цифрлық терезе» қағидаты бойынша жүргізілуге тиіс. 2019 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау үдерісін жеңілдетуге бағытталған «E-freight» жүйесі іске қосылды. Бірақ бүгінге дейін бұл жүйенің қызметі шектеулі күйінде қалып отыр. Құжаттарды ресімдеуді кешіктіру фактілері бар, — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзекті мәселенің…

Толығырақ

Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ – Жастар тренд қуып, дене мүшесін үлкейтумен әуре боп жүргенде, аға буын керісінше «ұят болады» деп, «артық» жерін алдырту үшін пышаққа түседі. Егде жастағы ерлердің бүгінде өз трендтері бар. Соның бірі – сүндетке отырғызу. Соңғы жылдары осы «балалар» операциясына жасы келген ер адамдар жиі барып жүр. Кезінде діни «гештальтын» бітірмегендер екені айтпаса да түсінікті. Ара-тұра қарт кісілер жайлы естіп қалатын әңгімелер де осыдан туады. «Зейнеткер сүндетке отырғызылмақшы» дегенді естігенде балалары мен немерелері: «ата, қойыңызшы!» дейді. Ал ол болса «жуындырып, ақтық сапарға аттандырарда бәрі менің қандай мұсылман болғанымды көретін болады» деп қысылып жатады. Мұндай мысалдар өте көп. Осыған…

Толығырақ