Автор: erimbetkaz

Астана. 22 қараша. BM.KZ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркияға ресми сапары барысында Анкарадағы Түркия Құрлық әскерлері әскери институтына барды. Оқу орнында ол әскери борышын атқару барысында қаза тапқан қазақстандық бітімгерге арналған мемориалдық тақтаны ашып, сонда білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің офицері, Ирактағы бітімгерлік миссияны орындау кезінде қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіш тақтаның ашылуына офицердің жұбайы мен екі қызы қатысты. Жиналғандар бітімгердің рухына бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. «Ескерткіш тақтаның дәл осы әскери оқу орнында ашылуы бекер емес. Қайрат Құдабаев осы институттың түлегі. Қазақстандық офицер жарылыс кезінде өз денесімен…

Толығырақ

Астана. 22 қараша. BM.KZ – Жақында Жетісайда болған өрттен зардап шеккен үшінші адам Шымкентке жеткізілді. Тасымалдау үшін «Қазаэиаспас» тікұшағы пайдаланылды. Бұл туралы ZTB хабарлады. 2018 жылы туған жеткіншек гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген. Қонғаннан кейін науқас дәрігерлерге тапсырылған. Айта кетейік, Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы қайғылы жағдай 18 қарашада болған еді. Өрт сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды.

Толығырақ

Астана. 22 қараша. BM.KZ — Жетісу облысының денсаулық сақтау мекемелерінде тиісті сертификаттарсыз және лицензиясыз қызметтер көрсетілген. Бас прокуратураның мәліметінше, Қаратал ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті маманның сертификаттары мен медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ болғандарына қарамастан халыққа медициналық қызметтер көрсетіп жатқанын анықтады. «Аудандық прокуратураның қадағалау актілері бойынша, ӘҚБтК-нің 424-баптың 1-бөлігі, 426-баптың 1-бөлігі және 464-баптың 1-бөлігі бойынша 20 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 3 басшыға – орталық аудандық аурухананың бас дәрігері және оның орынбасарларына 4 049 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», – деп жазылған прокуратура мәлімдемесінде. Сонымен қатар, тексеру…

Толығырақ

Астана. 22 қараша. BM.KZ – Оны 23 қараша күні Римде ұйым конгресінің отырысында бекітпек. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған. «Геннадий Головкин 2025 жылдың 23 қарашасы, жексенбі күні өтетін конгрессте аккламация жолымен World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалады. Осы сәтте ол қазіргі президент Борис ван дер Ворсттан өкілеттікті қабылдайды», – делінген хабарламада. Аккламация процедурасы – шешім қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі. Геннадий Головкиннің кандидатурасы тәуелсіз үш сыртқы сарапшыдан құралған тексеру комиссиясымен бағаланып, сайлауға қатысуға мақұлданғаны атап өтілді. Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) 2023 жылдың сәуірінде ХОК-пен өзара әрекеттесу және бокс спортын Олимпиада бағдарламасына қайтаруға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Себебі Халықаралық бокс қауымдастысы (IBA)…

Толығырақ

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Алматы әуежайында тексеріс кезінде 22 жастағы жолаушыдан оқ-дәрі табылған. Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мәлік Қайбардың айтуынша, әуе кемелерінде және пойыздарда кастет, пышақ, электршокер, оқ-дәрі, қару-жарақ, пиротехникалық бұйымдар және өзге де қауіпті заттарды тасымалдауға қатаң тыйым салынған. Алайда жолаушылар тыйым салынған заттарды тасымалдауға тырысатынын жағдайлар кездеседі. — Алматы әуежайында 22 жастағы студенттен ұшу алдындағы тексеру кезінде 9×18 мм калибрлі патрон табылып, тәркіленді. Сот шешімімен оған 200 АЕК (786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, — деді ол. Жалпы 2025 жылдың басынан бері департамент суық қаруды заңсыз алып жүру, сақтау және тасымалдау фактілері бойынша 496 қылмыстық іс…

Толығырақ

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының айтуынша, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған. «Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай-ақ Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрінің қатысуымен ресми делегация мүшелері төмендегідей үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;…

Толығырақ

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, екі адам жарақат алды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы — Өскемен автожолының 94-шақырымында жол апаты болған. Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жүк көлігінің артына соғылған. Одан кейін көлік жол қоршауына түйіскен. Ал Toyota Estima жүргізушісі Changan автокөлігіне соқтығысқан. Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Сондай-ақ соққы салдарынан Changan автокөлігінің қозғалтқышы жолдың қарсы бағытына ұшып, Ford Focus автокөлігіне тиген. — Жол-көлік оқиғасы салдарынан Changan көлігінің жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Аталған көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, — деп…

Толығырақ

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Әйелдің денесінде зорлық белгілері бар. Ал ер адам асылып қалған. Ақтөбеде кеше 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов, оның әйелі Гүлжахан Шектібаева із-түзсіз кетіп, іздеу жұмысы жүргізілді. Олар Ақтөбе қаласы 41-разьездегі үйінен шығып, хабарсыз қалған. Бүгін екеуінің де денесі қала шетінен табылды. — Полиция 1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуі асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Қажетті процестік әрекеттер жасалып, аумақ тексеріліп, заттай дәлелдемелер жинақталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Толығырақ

Астана. 21 қараша. BM.KZ — Солтүстік Қазақстан облысында түлкілер ауылдарға кіріп кетті. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Қарабек көлінің маңындағы үйлердің бірінің ауласына түлкі кірген. Жабайы жануар мысықты талап, кейін итке ұмтылған. Тұрғындар бірден арнайы қызметтерді шақырды. Мамандар келгенше түлкі ұстатпай қашып кеткен. Аудандық әкімдік өкілдері осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Айтуларынша, оқиға 18 қараша күні сағат 20.00 шамасында болған. Екінші күні түлкі қапқан мысықтың және эвтаназия жасалған иттің өлігін облыстық зертханаға жіберді. Ал аулада дезинфекциялық шаралар жүргізілген. Осыған ұқсас оқиға Тайынша ауданының Большой Изюм ауылында да болды. Көшеге кірген түлкі тауықты талаған. Тұрғындардың…

Толығырақ