Автор: erimbetkaz

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында болды. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қараша күні Ақжар ауданындағы ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел биіктен астық сақтау қоймасына құлап кеткен. Еңбекті қорғау заңнамасын бұзу дерегіне орай полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы әйел 30 метрлік биіктіктен астық толы қоймаға құлап кеткен.

Толығырақ

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Өскемен қаласындағы түзету мекемесінде 6699 әскери бөлімінің сарбазы сотталғандардың тыйым салынған аумаққа заңсыз өтпек болған әрекетін дер кезінде байқап қалған. Оқиға колонияға тыйым салынған заттар лақтырылғаннан кейін болған. Белгілі болғандай, түрме аумағына барлығы 9 түйіншек тасталған. Олардың бірі ішке түспей, қоршауға ілініп қалды. Сол соңғы затты алу мақсатында төрт сотталған адам ішкі тыйым салынған аймаққа өтіп кеткен. ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, күзетші жағдайды дер кезінде байқап, нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. — Әскери қызметші сөзбен ескертулер жасап, жағдай туралы бірден қарауыл бастығына хабар береді. Алайда сотталғандар оның талаптарына құлақ аспаған, — делінген ақпаратта.…

Толығырақ

Астана. 20 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Эпштейн ісі бойынша файлдарды құпиясыздандыру туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді. — 2019 жылы Трамп кезіндегі Әділет министрлігі (демократтар емес!) айыптаған Джеффри Эпштейн өмір бойы демократ болған, ол демократ саясаткерлерге мыңдаған доллар қайырымдылық жасаған және Билл Клинтон (оның ұшағымен 26 рет ұшқан), Ларри Саммерс (Гарвардты қоса алғанда, көптеген кеңестен кеткен), қара ниетті саяси белсенді Рид Хоффман, азшылық көшбасшысы Хаким Джеффрис (Эпштейн айыпталғаннан кейін Эпштейннен науқанға қайырымдылық сұраған), демократиялық конгресс өкілі Стейси Пласкетт және Демократиялық партияның басқа да көптеген қайраткерлерімен тығыз байланыста болған. Мүмкін, бұл демократтар және олардың Джеффри…

Толығырақ

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Бұдан былай Қазақстанда жұмыс берушілерге қызметкерлерді келісімшартпен алуға тыйым салынады. Яғни зейнетақы жарнасы, медициналық сақтандыру және өзге де төлемдерді өтемейтін жұмыс берушілермен күрес күшейеді, деп хабарлайды «Хабар» арнасы. Сондай-ақ бірдей лауазымдағы мамандарға әр түрлі жалақы төлеушілер жазаланады. Еңбек қатынасындағы өзге де мәселелер мәжілісте талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған заң жобасын талқылауға депутаттар бастамашы болған. Мәжілісте құжаттың негізгі бағыттарын әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов танысты. Ол азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істеу басты мәселенің бірі ретінде атады. Себебі бұл қаржысын үнемдеу мен әлеуметтік кепілдіктен жалтаратын жұмыс…

Толығырақ

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильдің Газа секторына жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 25 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. — Израильдің Газа және Хан-Юнис қалаларына жасаған соққыларынан әйелдер мен балаларды қоса алғанда, кемінде 25 адам қаза тапты. Бұл соққылар — (Израиль премьер-министрі Биньямин) Нетаньяхудың палестиналықтарға қарсы геноцидті қайта жандандырып, жағдайды ушықтырған әрекеті, — делінген хабарламада. ХАМАС өз жасақтары израильдік әскерилерге шабуыл жасады деген айыптауларды теріске шығарып, атысты тоқтату режимі күшіне енген сәттен бері анклавта 300-ден астам палестиналық қаза тапқанын алға тартты. Еске сала кетейік, Трамп пен Нетаньяху Ақ үйдегі кездесуде Газадағы соғысты тоқтату туралы…

Толығырақ

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Абай облысында маусымдық инфекциялардың өршуіне байланысты мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр. Шешім облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №6 қаулысына сәйкес қабылданған. Соған сәйкес, сыныптағы науқастар үлесі 30 пайыз және одан жоғары деңгейге жеткен жағдайда оқыту онлайн форматқа ауыстырылады. Қазіргі уақытта өңір бойынша 10 073 оқушы қашықтан білім алып жатыр. Оның 9 870-і – Семей қаласының оқушылары. Ақсуат, Аягөз және Бесқарағай аудандарындағы 203 бала да мектепке бармады. — Облыста 304 мектеп бар, оларда жалпы саны 99 391 оқушы білім алады. Бүгінде 246 мектеп дәстүрлі форматта жұмыс істеп жатыр, ал…

Толығырақ

Астана. 20 қараша. BM.KZ — Қазақстандық теннисші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бангалор қаласында (Үндістан) 17-20 желтоқсан аралығында өтетін Әлемдік теннис лигасында (WTL) өнер көрсетеді. India Today сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Уимблдон чемпионы Е.Рыбакинадан басқа аталмыш турнирге белгілі теннисшілер қатыспақшы. Атап айтқанда, ресейлік Даниил Медведев, аустралиялық Ник Кирьос, испаниялық Паула Бадоса, франциялықтар Гаэль Монфис пен Артюр Фис, Польша өкілі Магда Линетт, украиналық Марта Костюк және үндістандықтар Рохан Бопанна мен Сумит Нагал кортқа шығады. — Мен Үндістандағы теннис мәдениеті туралы көп естідім. Сондықтан WTL турнирінде алғаш рет ойнайтыныма қуаныштымын. Лиганың өту форматы тартымды. Өз командаммен бірге кортта әр сәттен ләззат алуға дайынмын,…

Толығырақ

Астана. 19 қараша. BM.KZ — 34 жастағы Ерлан Есмағамбетов жұмыстан шыққаннан кейін, үйіне оралмаған. Ол 17 наурыз күні Кендірлі демалыс аймағы маңындағы жұмыс орнынан бейтаныс адамның көлігіне отырған. Содан үйіне келмеген. — Жұмыстасы үлкендеу адам. Ол «Ерланның іші ауырды, сосын мен қорыққаннан жолға шығып, жолшыбай машинаға мінгізіп жібердім» деп отыр. Ол көлік жүргізушімен бізді полиция кездестірді. Ол растады. Бірақ, жолаушы 10-15 минуттан кейін өзі түсіп қалды деп отыр. Балам ұялы телефонын жұмысында қалдырып кеткен, — дейді анасы Гүлмира Есмағамбетова. 3 ай өткеннен кейін Ерланның күртешесі даладан табылған. Туыстары оны біреулер құлдықта ұстап отыр ма деп күдіктенеді. Осы оқиға бойынша облыстық полиция депаратаменті қылмыстық іс қозғалғанын, соның…

Толығырақ

Астана. 19 қараша. BM.KZ — Жылқы етін экспорттау мен терең өңдеуді дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдау керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай мәлім етті. — Жылқы — мінсек көлігіміз, ішсек сусынымыз, дастарханымыздың берекесі, қазанымыздың құты еді. Өкінішке қарай, қара базарлар мен көрші елдерге арзан бағаға сатудан басқа жылқыны пайда көзіне айналдырудың жолы табылмай отыр. Балабақшалар мен мектептерді, әскерді, өндіріс орындарындағы жұмысшыларды жылқы етімен қамтамасыз ету – халықтың денсаулығын реттеудегі аса маңызды қадам болар еді. Рационды әртараптандырудың (оның ішінде ұлттық тағамдарды енгізудің) нормативтік мүмкіндігі болғанымен, жылқы еті көптеген тапсырыс берушілердің үлгілік тізбелері мен сатып алу ас мәзірлері әдістемелерінде…

Толығырақ

Астана. 19 қараша. BM.KZ — Халықтың нақты табысы орта есеппен 2-3%-ға артады, деп хабарлайды Үкімет. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде елімізде тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілетінін атап өтті. «Бағдарламаның негізгі мақсаттары – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Толығырақ