Автор: erimbetkaz

Астана. 18 қараша. BM.KZ — 2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 161,2 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Өзбекстаннан, 42,3% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 2,9% – Монғолиядан, 2,6% – Ресейден және 2,5%-ы басқа елдерден. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,9%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,2%-ы жоғары білімді, 28,2%-ы орта кәсіби…

Толығырақ

Астана.  18 қараша. BM.KZ — Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды. Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды. Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталуда.

Толығырақ

Астана.  18 қараша. BM.KZ — Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, жасөспірім күндіз үйден шығып, қайта оралмаған. — Қызды іздеу үшін аудандық полицияның жеке құрамы жұмылдырылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеу барысында полицейлер оның таныстарын, байланыстарын және болуы мүмкін жерлерін анықтады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 15 жасар оқушыны Алматыдан тапты, — делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта. Белгілі болғандай, ол мегаполиске өз бетімен кетіп, серуендемек болған. Қыз аман-есен үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Қазіргі уақытта полицейлер жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізді, сондай-ақ оның ата-анасына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ

Астана.  17 қараша. BM.KZ — Бангладеш бойынша Халықаралық қылмыстық трибунал бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны өткен жылғы тәртіпсіздіктер кезінде жасалған адамзатқа қарсы қылмысы үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды \. Сот Хасинаны үш бап бойынша кінәлі деп тауып, бірнеше айға созылған сот процесінде ол өткен жылғы «Авами Лигасы» үкіметінің құлауына әкелген студенттер көтерілісін қатыгездікпен басуға бұйрық бергені үшін кінәлі деп танылды. Судья Мохд Голам Мортуза Маджумдер басқаратын үш мүшеден тұратын трибунал Хасинаның екі көмекшісіне, бұрынғы ішкі істер министрі Асадуззаман Хан Камалға және бұрынғы полиция бастығы Чоудхури Абдулла Әл-Мамунға да осы айыптар бойынша үкім шығарды. Сот үш айыпталушының бүкіл ел бойынша наразылық…

Толығырақ

Астана.  17 қараша. BM.KZ — Иран билігі құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарда жасанды түрде жаңбыр жаудыру үшін химиялық реагенттерді шашыратуға кірісті, деп хабарлайды ВВС. Бұлттарды себу процесі ұшақтан немесе жерден су буы мен жауын-шашынның конденсациясын жеделдететін күміс немесе калий йодиді сияқты заттарды шашуды қамтиды. Сенбі күні бұл әдіс Иранның ең ірі тұзды көлі Урмия үстінде қолданылды. Ол соңғы жылдары құрғақшылыққа байланысты айтарлықтай кішірейіп, ішінара сортаңға айналды. Агенттік мәліметінше, бұлтты себу жұмыстары алдағы күндері Әзербайжан Республикасымен шектесетін Әзербайжанның Батыс және Шығыс провинцияларында жалғасады. Иран метеорологиялық ұйымының хабарлауынша, биыл елде әдеттегіден 89% аз жауын-шашын болған. Бұлттарды себу әдісі Біріккен Араб Әмірліктерін қоса алғанда…

Толығырақ

Астана.  17 қараша. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында 8 адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының 50-шақырымында болды. Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, оның біреуі өртеніп кетті. Жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша жүргізушінің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін. — Ауа райы қалыпты және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған, көрініс жақсы, қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары, жедел тергеу тобы және ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.…

Толығырақ

Астана. 17 қараша. BM.KZ – Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі хабарлады. Конкурс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында eGov Mobile платформасында өтті. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді. Барлығы конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысты. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну…

Толығырақ

Астана. 17 қараша. BM.KZ – Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовке қатысты үкімін жариялады. Сот шешімімен Қайыржанов пен Катимов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарында көзделген аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. — Жаза мерзімі олардың ұсталған күні — 2024 жылғы 22 қазаннан бастап есептеледі. ҚР ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, Қайыржанов пен Катимовтың үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақыты жазаның бір күніне бір күн есебімен толықтай қосылады, — деді судья. Сот азаматтық талапты да қарады. Марқұмның анасы Галина…

Толығырақ

Еліміздің тұрғын үй қорында 35 мыңдай лифт болса, соның бестен бірі жаңартуды қажет етеді. Астанадағы адам өліміне әкеліп соққан лифт апатынан кейін ескірген жеделсатылардың мәселесі қайта қызу талқыға түсіп жатыр. Оның үстіне, тұрғын үй құрылысын қабылдап алу жұмысына мемлекеттік инспекция қатыспайды. Мамандардың айтуынша, бұл да жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Ең ескі лифтілер Павлодар мен Өскемен және Семей қалаларында көп Қазақстан лифт жасаушылары ұлттық қауымдастығының мәліметінше, жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асқан жеделсатыларды қалайда жаңарту керек. Алайда ол жұмыс тым баяу жүріп жатыр. Айталық, Палодарда мыңнан аса ескі лифт болса, соның жылына он данасын жаңартқанның өзінде тым аз. Соңғы кездері…

Толығырақ

Астана. 17 қараша. BM.KZ – Құтқарушылар елорда тұрғындарының Есіл өзені мен Ботаникалық бақтағы су қоймаларындағы мұзға шығып кетулеріне байланысты ескерту жасады. — Астанада Есіл өзенінде және Ботаникалық бақтағы су қоймасындағы мұздың қалыңдығы қазір 2 см ғана, кей жерлерде тіпті қатпаған. Бұл қалыңдық адам салмағын көтере алмайды. Мұз қауіпсіз болуы үшін оның қалыңдығы 10 см-ден аз болмауы қажет, — делінген хабарламада. Осы ретте ТЖМ мұздың қалыңдығына көз жеткізбей оған шығуға болмайтынын, балаларды ешқашан бақылаусыз мұз үстіне жібермеу қажеттігін ескертті. — Қатпаған мұздың үстіне шығу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412 бабы бойынша шара қолданылатынын хабарлаймыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!, -…

Толығырақ