Автор: erimbetkaz

Астана. 16 қараша. BM.KZ — Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірқатар құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесі; 2. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі; 3. Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды:…

Толығырақ

Астана. 16 қараша. BM.KZ – Полицияға Сарыарқа ауданында 5 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған. Өз бетімен іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген. Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады. Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты. Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.

Толығырақ

Астана. 16 қараша. BM.KZ – Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Бельгиямен тең түсті. Командалар J тобының тоғызыншы турында кездесті. Матч «Астана Аренада» өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері Дастан Сәтпаевтың (9-минутта) жылдам гол соғуының арқасында алға шықты. Форвард бельгиялық қорғаушылардың қателігінен кейін допты қарсыластардың қақпасына түсірді. 17 жастағы Сәтпаев үшін бұл оның Қазақстан құрамасындағы дебюттік голы болды. Ол ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы атанды. Қонақтар үзілістен кейін таразы басын теңестірді. Бельгиялық жартылай қорғаушы әрі капитан Ханс Ванакен жақын қашықтықтан баспен гол салды (48). Қазақстан құрамасы матчты аяқтаған кезде қарсыласынан ойыншылар…

Толығырақ

Астана. 16 қараша. BM.KZ – Қызылорда облысының Арал ауданында Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн гектар жерге сексеуіл егу туралы тапсырмасы жалғасын тауып келеді. Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай ауданға сапары кезінде көрді. — 2021-2024 жылдар аралығында 659,1 мың гектар жерге фитоорман-мелиорация жұмысы жүргізілді. Биыл 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдар егіліп жатыр. Облыстық деңгейде 100 мың гектар жердің 15 мың гектарына 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылады, — деді Ғалымжан Еркебай. Бүгінгі күні орман шаруашылығы мекемелерінің уақытша тұқымбақтарынан 4,3 млн сексеуіл…

Толығырақ

Астана. 16 қараша. BM.KZ – Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінде үздік шықты. Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге фавориттер қатарында болмаса да, барлық төрт кездесуін жеңіспен аяқтады. С.Жиенбаева — С. Бродус финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен бетпе-бет келді. Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 4:0, 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін корт иелері есепті сәл қысқартқанымен, Жиенбаева — Бродус сетті тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Соня — Саванна брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3. Чемпиондық матч 1 сағаттан астам уақытқа созылды.…

Толығырақ

Астана. 15 қараша. BM.KZ – Жасөспірім қыз пышақ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға Астанаға жақын орналасқан Целиноград ауданының Ынтымақ ауылында жасалған. Halyqstan telegram- арнасының хабарлауынша, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің жеке басы анықталған, қазір оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысы полиция департаменті бұл қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында барлық мән-жай анықталып жатқанын мәлімдеді. Істің тергелу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Толығырақ

Астана. 15 қараша. BM.KZ – Шымкентте сот отырысы кезінде журналиске тіл көрсеткен судья ақыры жазаланды, деп хабарлайды ZTB. Оқиға сол кезде қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өткен процесс барысында болған. Судья Әбинұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға бұрылып, оған тілін шығарған. Қоғамдық резонанстан кейін мамандандырылған қылмыстық сотта тексеріс жүргізіліп, материалдар алдымен судьялық әдеп комиссиясына, кейін Судьялық алқаға жіберілген. Нәтижесінде Судьялық алқа Қарабаевты тәртіптік жауапкершілікке тартып, ескерту түріндегі жаза қолданған. Жоғары сот кеңесі жюри – «жазалаушы» емес, тәуелсіз тәртіптік орган екенін атап өтті.

Толығырақ

Астана. 15 қараша. BM.KZ — Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысын «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті. Сонымен қатар, өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді. «Бұл жоғары награда достық, бейбітшілік және құрмет секілді қазақстандықтардың жанына жақын құндылықтарды әрі сонымен үндес өзбек халқының рухын айшықтайды. Орденнің атауы елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын дәлме-дәл сипаттайды. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы – баға жетпес байлығымыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, бауырлас халықтардың игілігі…

Толығырақ

Астана. 15 қараша. BM.KZ — Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейнебайланыс арқылы екі елдің бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген. Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді. Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте «Tenge Bank» бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ, Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте «Астана» тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа…

Толығырақ

Астана. 14 қараша. BM.KZ – Белгілі ақын, журналист, аудармашы, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Күләш Ахметова 80 жасқа қараған шағында дүние салды. Күләш Ділдәқызы 1946 жылдың 25 сәуірінде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Оның «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары қазақ әдебиетінде үлкен із қалдырған.

Толығырақ