Астана. 12 қараша. BM.KZ – Оқиға 3 қараша күні Түркістан қаласының шетіндегі зираттардың бірінде болған. Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда оқушының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. — Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті шараларды жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысын сыныптасы кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиғаға қатысқандардың бәрінің ізін суытпай ұстады, — делінген облыстық полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде. Сондай-ақ жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті…
Автор: erimbetkaz
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. «Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Ресей Федерациясына қош келдіңіз!» — Мәскеу көшелерінде Қазақстан Президентінің құрметіне осындай жазулары бар билбордтар мен LED-экрандар орналастырылды. Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті Студенттер…
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып…
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Еліміздегі дәріханаларда тегін дәрі-дәрмектерді сатқандарға қатаң шара қолданылады. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, тегін берілетін дәрі-дәрмектері сату фактілерін анықтау 2024 жылғы шілдеден бастап енгізілген дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің нәтижесінде мүмкін болған. «Бүгінде дәрілік заттар нарығының барлық қатысушысы таңбалау жүйесіне қосылған. Бұл қадағалау мен реттеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Таңбалау жүйесін енгізу дәрілік заттардың айналым ашықтығын арттырды. Таңбалау жүйесінің көмегімен тұрғындарға тегін берілген амбулаториялық дәрілердің дәріханаларда сату фактілері анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Бас прокуратура бірлесіп жоспардан тыс тексерулер жүргізіп…
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Бельгияда АҚШ президенті Дональд Трамптың құрметіне аталған TRUMP атты оңшыл саяси партия құрылды. Бұл туралы еуропалық Politico басылымы хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі. Партияның атауының аббревиатурасы француз тілінде Tous Réunis pour l’Union des Mouvements Populistes деп жазылады және қазақ тіліне аударғанда «Популистік қозғалыстар одағы үшін біріккендер» деген мағынаны білдірсе керек. Партияның негізін қалаушы Сальваторе Никотра Трампты «популизмнің абсолютті символы» деп атап, «ол біздің көзқарасымыз бен ұстанымдарымызды толық бейнелейді» деді. Оның айтуынша, TRUMP — «әлеуметтік бағыттағы оңшыл-популистік партия». Никотраның мәлімдеуінше, партия Бельгиядағы федералдық деңгейдегі сайлауларға, сондай-ақ 2029 жылғы Еуропарламент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Бас прокурор Берік Асылов Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайтынын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. — Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды. Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды, — деп жазды Берік Асылов. Ол бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылғанын айтты. — Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. Осы жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен…
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Канадалық-венгриялық-британдық жазушы Дэвид Салейге «Тән» романы үшін Букер сыйлығы берілді, деп хабарлайды сыйлықтың веб-сайты. Венгриялық-британдық жазушы Дэвид Салей «Тән» романы үшін 2025 жылғы Букер әдебиет сыйлығының жеңімпазы атанды. Сыйлықтың веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл туралы Лондондағы рәсімде қазылар алқасының төрағасы, ирландиялық жазушы Родди Дойл хабарлады. Қазылар алқасы іріктеуден өткен алты кітапты бес сағаттан астам уақыт бойы талқылаған. — Біз қайта-қайта орала берген, басқа керемет романдардың арасында ерекшеленгені «Тән» романы болды. Біз мұндай кітапты ешқашан оқыған емеспіз. Көп жері бұлыңғырлау, бірақ оқып рахаттанасың, — деді Родди Дойл. Салейге 50 мың фунт стерлинг және өткен жылғы жеңімпаз Саманта…
Астана. 11 қараша. BM.KZ — Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес сотталушыға қатысты үкім жарияланды. Хасан Қасымбаевпен бірге айыпталушылар орындығында Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров отыр. Олардың бәріне Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және қорқытып ақша алу. Сот үкімімен Хасан Қасымбаев кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тергеу материалдарына сәйкес, айыптау екі эпизод бойынша тағылған. Жәбірленушілер ретінде кәсіпкер Әріпжан Тәжіев пен фитнес-жаттықтырушы Арман Әлімов танылған. Іс қоғам назарын аударғандықтан, Талғар аудандық сотының ғимараты күшейтілген…
Астана. 11 қараша. BM.KZ – Қазіргі әлемдегі қарма-қайшылықтарды Мәскеудің қатысуынсыз еңсеру мүмкін емес. Бұл жайында «Российская газета» басылымында жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» деген тақырыппен берілген авторлық мақалада айтылған. — Өткен жылдың қараша айында Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапар саяси және практикалық маңызы жағынан тарихи оқиға болды. Астанада біздің серіктестігіміздің жаңа көкжиегін ашатын маңызды құжаттар топтамасына қол қойылды. Ең бастысы санкциялық қысым мен халықаралық шиеленіске қарамастан, екі ел ынтымақтастықтың тұрақтылығын және серпінді дамуын сақтап әрі қорғап қалды, — деді Мемлекет басшысы. Президент Мәскеуге жасалатын алдағы мемлекеттік сапары қарсаңында Владимир…
Астана. 11 қараша. BM.KZ – ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Үш жыл бойы бір топ адам Алматы қаласындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің көмегімен көліктерді бастапқы тіркеу үшін белгіленген алымдарды төлемей, жалған тіркеу жүргізіп отырған. Схема ұйымдастырушылары алым төлеуден жалтарғысы келетін автокөлік иелерін іздеген делдалдар арқылы әрекет еткен. Заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында көліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеуді қамтамасыз еткен. Нәтижесінде 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі…