Автор: erimbetkaz

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 15 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, ветеринарлық анықтамалар мен мал қорымдарын күтіп-ұстау бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды. Қадағалау органы жүргізілген тексерулер аясында ветеринариялық заңнама талаптарын өрескел бұзушылықтарды анықтады. Уәлиханов ауданында ветеринария қызметі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) талаптарына қайшы, ауылшаруашылық жануарларының ауруларына қарсы вакцинациялау бойынша 10 мың басқа көрсеткішті қосу арқылы асыра бағаланған. Сол ауданда Қаратерек ауылында ветеринариялық тәртіп талаптарын бұза отырып, мал қорымының дұрыс күтімі қамтамасыз етілмеген. Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Шал ақын және Мамлют аудандарында ветеринарлық қызметтер заң талаптарын бұза отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне аулаған балықтың шығу…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – Қарағанды облысында археологтар сақ дәуіріне жататын жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бір метрден сәл астам тереңдікте зерттеушілер оң қолында қола қылыш ұстаған ер адамның қаңқасын тапқан. Қасында жебе ұштары мен алтын сырға жатқан. Бұл бірегей олжа биыл жазда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологтары Ақтоғай ауданындағы Қарабие қорымын қазу кезінде табылды. №1 қорғанның толығымен сақталғаны белгілі болды — мұндай жағдай сақ ескерткіштері үшін өте сирек кездеседі. — Қабірдің жабынды тастарын алғаннан кейін, біз қаңқаны толық анатомиялық қалпында таптық. Оның оң алақанында қылыш болды. Мұндай олжаға жолықпағанымызға көп жыл болды, —…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ – 2025 жылдың қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді. 40 қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскер отшашары, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастырып жатыр.

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жарияланды. Эр-Риядта өткен жылдың қорытынды турнирінде жеңімпаз атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы ығыстырып, бесінші сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингідегі үздік көрсеткіші — 3-орынға жақындап келеді. Жылдың қорытынды турниріндегі жеңісінен кейін Е.Рыбакина 2026 жылғы жаңа маусымда осы қарқынын жалғастыруға үміттенетінін жеткізді. — Титул маған бұрынғыдан да көбірек жұмыс істеуге ынталандырады. Біз жарыстар арасында жақсы ілгерілеуге қол жеткіздік. Тіпті бабымда болмағанның өзінде жақсы ойын өрнегін көрсеттім. Әр маңызды матчтан үлкен тәжірибе жинайсың. Бұл жолы бәрі мен ойлағандай болды. Осы турнирде болған барлық…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ — Қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, жиналған ондаған мың текше метр қарды арнайы полигондарға шығарып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 9 қараша күні күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер 1 633 рейс жасап, 20 мың текше метрден астам қарды арнайы полигондарға жеткізді. 10 қарашаға қараған түні қар тазалау жұмысына 415 жол жұмысшысы мен 1 143 арнайы техника жұмылдырылмақ. Қысқы мезгілі басталғалы бері елордадан 110 мың текше метрден астам, яғни 8 917 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған. Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалыс орындары – аулалар,…

Толығырақ

Астана. 10 қараша. BM.KZ — Дональд Трамп BBC тілшілерін 2024 жылғы АҚШ президент сайлауының қорытындысына әсер етуге тырысты деп айыптады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. — BBC-дегі басты тұлғалар, соның ішінде бастығы Тим Дэйви 6 қаңтарға қатысты менің өте жақсы (мінсіз!) сөзімді бұрмалап тастағаны үшін қызметінен кетіп жатыр/жұмыстан шығарылды. The Telegraph-қа осы жемқор «тілшілерді» әшкерелегені үшін рахмет. Бұлар президент сайлауының қорытындысына әсер етуге тырысқан опасыз адамдар. Оған қоса, олар көпшілік біздің бірінші одақтасымыз деп санайтын басқа елден. Демократия үшін қандай қорқынышты, — деп жазды Трамп Truth Social-да. Дэйви бұған дейін 2021 жылдың 6 қаңтарында Трамптың Капитолийге шабуыл жасау туралы сөзін…

Толығырақ

Астана. 9 қараша. BM.KZ — Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Анықталған ақпарат бойынша, балалар үйі ауласындағы асхана ғимаратынан өрт шыққан. Әкімшіліктің айтуынша,ғимаратта адамдар жоқ. Тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды. Жағдай бақылауда: сөндіруге оқпандар енгізілді, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында қала ТЖД бастығы жұмысты үйлестіріп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Толығырақ

Астана. 9 қараша. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде LRT вагонының ішінде түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Kazinform. Ролик авторы пойыздың ішкі безендірілуін көрсетіп, салонның заманауи дизайны мен жайлылығын атап өткен. Экраннан арғы жағындағы дауыс өзі көрген бейнеге түсініктеме беріп, таңданысын жасырмайды. Кадрлардан орындықтар вагонның қабырғасы бойымен орналасқанын, ортасы кең, еркін өтуге болатынын көруге болады. Машинистің аймағы желі қолданушыларының ерекше назарын аударды. Бейнежазбада ол жолаушылар бөлімінен бөлінбеген. Бұл көрініс қызу пікірталас тудырды. Астанада LRT жобасы біртіндеп аяқталуға жақын. Ал қала тұрғындары пойыздың сынақ жүрістерін қазірдің өзінде бақылап отыр.

Толығырақ

Астана. 9 қараша. BM.KZ — Астанада тоғыз қабатты үйдің қасбеті опырылды. Жедел жәрдем фельдшері оқиға орнында өте ауыр жарақат алған. Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлауының салдарынан зардап шеккен 5 адам 8 қарашада №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. «9 қарашадағы жағдай бойынша екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Үш науқас бейінді бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің екеуі еңбек міндеттерін орындау барысында жарақат алған фельдшерлер екенін хабарлаймыз. Жансақтау бөлімінде жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы – орташа, ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Барлық пациент дәрігерлердің бақылауында, оларға қажетті медициналық көмек…

Толығырақ

Астана. 9 қараша. BM.KZ — Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу мәселесі Ішкі істер министрлігінде ерекше бақылауда, — деп хабарлайды Polisia.kz. 2016 жылы Астана қаласында аса ауыр қылмыс 80 жастағы әйелді өлтіру орын алды. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оны соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрнетін биологиялық іздерді тапты. Сол іздерден ДНҚ-код алынды. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді. Қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді. — Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялармен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. …

Толығырақ