Автор: erimbetkaz

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Ел тұрғындары азық-түліктің қымбаттауына алаңдайды. 2025 жылғы 11–22 қыркүйек аралығында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы ел азаматтары арасында «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізді. DEMOSCOPE зерттеуі қоғамның көңіл-күйі алаң екенін көрсетіп отыр – жалпы азаматтардың 74,7%-ы кейінгі алты айда азық-түліктің бағасы өскеніне алаңдаулы. Оның ішінде 51,1%-ы қатты алаңдайтынын айтса, 23,6%-ы алаңдаймын деп отыр. Респонденттердің 16,5%-ы аса алаңдамайтынын айтса, 6,9%-ы ғана бағаның өсуіне еш алаңдамайтынын білдірген. ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, ел азаматтарының алаңдауы негізсіз емес: бір жыл ішінде азық-түлік өнімдері 11,7%-ға қымбаттаған, ал Қазақстанда үй шаруашылығына жұмсалатын шығынның жартысынан…

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Air Astana әуе компаниясы Boeing компаниясымен 15 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды. Әуе компаниясы тарихындағы бұл ең ірі тапсырыс: оған расталған бес ұшақ, бес опцион және бес сатып алу құқығы кіреді. Келісімшартты Air Astana директорлар кеңесі мақұлдап, қазіргі уақытта қажетті корпоративтік рәсімдер аяқталу үстінде. Бұл тапсырыс 2026-2027 жылдары жеткізілуі жоспарланған үш Boeing 787-9 ұшағына қатысты келісімшартты толықтырады. Осылайша, жалпы тапсырыс көлемі 18 әуекемесіне дейін ұлғайды. Жаңа ұшақтар 2032-2035 жылдар аралығында жеткізіледі. Қозғалтқыштарымен қоса есептегенде, Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының 18 данасының жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды. «Air Astana алдағы…

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Direct to Cell технологиясы елдің кез келген нүктесінде қосымша құрылғыларсыз мобильді байланысты қамтамасыз етеді. VEON Ltd. (Nasdaq: VEON), жаһандық цифрлы оператор, Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жерүсті желілерімен қамтылмаған шалғай өңірлерде де қолжетімді спутниктік байланысты қамтамасыз ету үшін Beeline Қазақстанның Starlink Direct to Cell-мен серіктесетінін жариялады. Қыркүйекте жасалған коммерциялық келісімге сәйкес, Beeline Қазақстан 2026 жылы хабарламалар алмасу қызметін, одан кейінгі кезеңде мобильді интернетке қосылу қызметін қосуды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаевтың АҚШ‑қа ресми сапары барысында үшжақты кездесу өтті. Кездесуде Beeline Қазақстан мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Direct to Cell…

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуын әлем елдері арасында алтын көпір орнатудағы маңызды қадам деп бағалады.  — Қазір ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестім. Қазақстан менің екінші мерзімімде Ибраһим келісіміне қосылған бірінші елге айналды және бұл басы ғана. Бұл — бүкіл әлем бойынша алтын көпір орнатудағы алғашқы үлкен қадам. Бүгінде көптеген ел менің Авраам келісімім арқылы бейбітшілік пен өркендеуді қабылдауға ниет танытып отыр. Таяу уақытта мұны ресми жасау үшін қол қою рәсімі жайын жария етеміз және де көптеген ел осынау күш клубына қосылуға тырысып жатыр. Елдерді…

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы ұйымның жаңа бас директоры ретінде Халед әл-Ананиді сайлады. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның сайтында хабарланды, деп жазды Белта. Айтылғандай, ол 179 дауыстың ішінен 172 дауыс жинады. Жаңа бас директор 15 қарашада өз қызметіне кіріседі. Ол бұл қызметте 2017 жылдан бері осы лауазымды атқарып келген Одре Азулені алмастырады. Халед Ахмед әл-Анани Әли Эзз — египтолог, Хелуан университетінің египтология профессоры, онда 30 жылдан астам уақыттан бері сабақ береді. Сондай-ақ, ол Францияның Монпелье қаласындағы Поль Валери университетінде египтология бойынша философия докторы дәрежесін алған, бұл оқу орнында бірнеше рет шақырылған профессор ретінде қызмет атқарған. 2014–2016 жылдары Египет өркениетінің…

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан теннисшілер белгілі болды. Штеффи Граф тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко соңғы кездесуінде америкалық, рейтингіде 3-орындағы Кори Гауфты 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты. Осылайша, қатарынан үш жеңіске қол жеткізген А.Соболенко Серена Уильямс тобында екінші орын алған тағы бір америкалық, әлемнің 4-ракеткасы Аманда Анисимовамен кездесетін болды. Бұған дейін әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина С.Уильямс тобында үш ойынында да жеңіске жетіп, қазақстандық теннисшілер арасында алғаш рет жартылай финалға жолдама алған еді. Ол енді әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен финал жолдамасын сарапқа салады. Д.Пегула соңғы матчында…

Толығырақ

Астана. 7 қараша. BM.KZ — Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP)…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ — Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды. Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ — Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады. Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың азаматтарды және ауруханаларды дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жұмысын тексерді. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде Жоғары аудиторлық палата тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Нәтижесінде мына тұлғаларға түрлі тәртіптік жазалар қолданылды: ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры; ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры; ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары; «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының»…

Толығырақ

Астана. 6 қараша. BM.KZ — Қазақстанның ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түліктік бидай жеткізді. Астық Әзербайжан аумағы арқылы транзиттеледі. Бұл жайлы ауыл шаруашылық министрлігі хабарлады. «Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдерді қолдау мақсатында Қазақстан жаңа теміржол бағытымен азық-түліктік бидайдың пилоттық партиясын жөнелтті», – деп хабарлайды ведомстводан. 6 қарашада 15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті. Бірнеше күннен кейін бидай Армениядағы Даларик станциясына жеткізілуі керек. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің сөзінше, жаңа транзиттік бағыттың ашылуы қазақстандық астық экспортының аумағын кеңейтеді. Кавказ өңірі елдері арасындағы логистикалық байланыстарды дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға зор…

Толығырақ