Астана. 2 қараша. BM.KZ — Астанада түнгі рейд кезінде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған судьяны ұстады. Тексеру барысында жүргізушінің азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы екені анықталған. Қазір ол сараптамаға жіберіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылды. Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға рейд кезінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің жағдайына күмән келтірген. Медициналық сараптама нәтижесінде әйелдің алкогольдік мас күйде болғаны дәлелденді. — Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Көлікті мас күйінде басқару – заңның өрескел бұзылуы және айналадағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мұндай құқықбұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады, – деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаментінің…
Автор: erimbetkaz
Астана. 2 қараша. BM.KZ — Әлемде журналистер өлімінің 90 пайызы ашылмаған күйі қалып отыр. Ал Газа журналистер үшін тарихтағы әскери қақтығыстар арасында ең қауіптісі болып отыр. Бұл туралы тілшілерге БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик апталық брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА. 2 қарашада Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықты тоқтатудың халықаралық күні аталып өтуіне байланысты Дюжаррик әлем бойынша БАҚ өкілдері бетпе-бет келіп жататын жерлер, әсіресе Газадағы қауіптер туралы ескертті. — Журналистер өлімімен байланысты 10 қылмыстың 9-ы ашылмай қалып жатады. Газа барлық қақтығыс аймақтарының ішінде журналистер үшін ең қауіптісі болып қалып отыр, — деді ол. Дюжаррик БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің…
Астана. 2 қараша. BM.KZ — Қазақстан оқушыларынң робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен қазақстандық оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды: GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) — Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі. ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) — Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат. Бұл марапатта кешенді артықшылық пен инновация ескеріледі.…
Астана. 2 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Нигерияда христиандарды өлтіру жалғаса берсе, елге қарулы күштерін жіберетінін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, мұндай жағдайда АҚШ Нигерияға кез келген көмек пен қолдауды бірден тоқтатады және “осы қорқынышты қылмыстарды жасап жатқан ислам террористерін толық жою үшін” өз күштерін бұл елге енгізуі әбден мүмкін. Трамп сонымен қатар елдің әскери ведомствосына “ықтимал іс-қимылдарға дайындалуды” тапсырғанын айтты. Президенттің бұл сөзіне Пентагон басшысы Пит Хегсет жауап берді. “Нигерияда және кез келген басқа елде кінәсіз христиандарды өлтіру дереу тоқтауы тиіс. Соғыс министрлігі әрекетке дайындалып жатыр. Немесе нигериялық үкімет…
Астана. 2 қараша. BM.KZ — Бұл шара – ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы аясында халықаралық деңгейде жүзеге асқан маңызды мәдени бастама. Жобаны жүзеге асыруға Абай облысы әкімдігі мен өңірдің меценат азаматтары айрықша үлес қосты. Бюстің орнатылуына қажетті барлық қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етті. Рим қаласындағы Вилла Грациоли саябағына орнатылған мүсін мәрмәрдан жасалған. Туындының авторы – семейлік танымал мүсінші Нұрбол Қали. Ол бұған дейін Семей қаласындағы «Абай ұлдарымен», Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткіштерін жасаған болатын. Бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, еліміздің Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат…
Астана. 2 қараша. BM.KZ — Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 10-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен бетпе-бет келді. Бұл кездесудің қос спортшы үшін де маңызы зор еді. Өйткені Италияның Турин қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін соңғы, сегізінші жолдамадан екеуі де үмітті болатын. Биыл Дубайдағы додада канадалық теннисші А.Бубликті 2 сағат 51 минутқа созылған тартысты бәсекеде 7:6 (9:7), 6:7 (4:7), 6:3 есебімен жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Оже-Альяссим мүлт кеткен жоқ – 7:6 (7:3). Екінші сетте Бублик брейк жасап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, ізінше өз геймін беріп қойды. Сосын ашуға бой алдырып, ракеткасын кортқа ұрып сындырды. Бұдан кейін қазақстандық теннисші…
Астана. 2 қараша. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін айқын жеңіспен бастады. Әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі қатысатын айтулы жарыста қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында алғашқы матчын әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен өткізді. Рыбакина бәсекені сәтті бастады – 2:0. Содан соң сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Екінші партияда Елена 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Небәрі 57 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Анисимова 2 эйспен шектелді. Қазақстандық спортшымен бір топта…
Астана. BM.KZ – Оңтүстік Кореяда өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммитінің жабылар күні ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жасанды интеллектті басқару жөніндегі халықаралық орган құру туралы идеясын қайта көтерді. Бұл туралы DW жазды. Бұған дейін бұл бастама АҚШ тарапынан қолдау таппаған еді. Си Цзиньпиннің пікірінше, жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастық ұйымы басқару ережелерін белгілеп, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды ынталандыра алар еді. Осы арқылы ЖИ «халықаралық қауымдастық үшін ортақ игілікке айналуы» мүмкін. «Жасанды интеллект – болашақ дамудың маңызды бағыты. Ол барлық елдер мен өңірлердің игілігіне қызмет етуі тиіс», – деп келтіреді оның сөзін «Синьхуа» агенттігі. Reuters агенттігінің мәліметінше, Қытай билігі биыл…
Астана. 1 қараша. BM.KZ — Елде өткен жалпыұлттық сайлаудан кейін үш күнге созылған наразылықтар барысында Танзанияда жүздеген адам қаза тапты, деп хабарлады елдің басты оппозициялық партиясы. Бұл туралы BBC жазды. Оппозициялық «Чадема» партиясының өкілі AFP агенттігіне «шамамен 700 адам қауіпсіздік күштерімен қақтығыстар кезінде қаза тапқанын» мәлімдеді. Ал Танзаниядағы дипломатиялық дереккөз BBC-ге кем дегенде 500 адамның қазасы расталғанын хабарлаған. Құрбандар санына қатысты мәліметтер әртүрлі, ал ел бойынша интернеттің өшірілуі ақпаратты тексеруді қиындатып отыр. Билік зорлық-зомбылықты тоқтату үшін шаралар қабылдап, тәртіпсіздіктерді басу мақсатында коменданттық сағатты ұзартқан. Наразылықтар негізінен жастар арасында өтіп жатыр – олар бүкіл Танзания қалаларында көшеге шығып, әділетсіз сайлауға қарсы…
Астана. 1 қараша. BM.KZ — Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері такси қызметінің алтын жамылып, интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Тергеу барысында қыздардың қаладағы бірнеше саунаға жеткізіліп, онда интимдік қызмет көрсеткені анықталды. Тізімде 12 сауна бар. Полиция сауналардың әкімшілерін және ақылы интимдік қызмет көрсеткен тұлғаларды анықтады. Қылмыстық топ ауылдардан шыққан, әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған отбасылардан шыққан жас қыздарды алдап, қорқыту және күш қолдану арқылы жезөкшелікке тартқан. Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап отырған. Қазір Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар күдікті…