Астана. 31 қазан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін алты рет кездескен, есеп тең еді – 3:3. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Бублик табандылық танытты – 7:6 (7:5). Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасап, өз геймін де алды – 5:2. Содан кейін матчты екінші брейкпен түйіндеді – 6:2. Бір сағат 26 минутқа созылған бәсекеде Бублик 11 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Фриц 15 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады. Осылайша, А.Бублик спорттық…
Автор: erimbetkaz
Астана. 30 қазан. BM.KZ — ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев халықаралық іздеуде болған Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті елге қайтару процесіне қатысты пікір айтты. — Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды. Экстрадициялық шараларға қатысты қамауға алынды. Осыған қатысты қазір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан түрлі ақпарат шындыққа жанаспайды. Атап айтқанда, экстрадиция процесі жүріп жатыр. Сондықтан ресми ақпарат көздерінде жарияланған деректерге мән беру керек. Оны елге қайтару бойынша Германия жағынан бас тарту мәлімдемесі болмады, — деді Ғ. Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы қатысатын орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек ресми түрде жарияланды. Отандасымыз қазірге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған. Енді Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді. Аталған бокс кешінде Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус та өзара кім мықтыны анықтайды. Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атағынып, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 2015 жылдан бері…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық қаруды сынақтан өткізуді бастағанын жариялады. Ол Пентагонға осындай бұйрық берген. Бұйрық Truth Social желісінде жаияланған. Дональд Трамп басқа елдерге қарағанда АҚШ-та ядролық қару көбірек екенін мәлімдеді. — Бұған менің президент лауазымына алғаш сайланғаннан кейінгі мерзімде қол жеткізілді. Ол уақытта қолданыстағы қарудың барлығы жаңартылып, жаңғыртылды. Қарудың жойқындылығына қарай мен бұл істі жек көрдім. Бірақ, амал жоқ атқару керек болды. Ресей екінші орында тұр. Қытай беснші орында, алайда олар алдағы бес жылда теңесіп қалады. Өзге елдер сынақтан өткізіп жатқандықтан мен министрлікке өзіміздің яһдролық қарымызды сынақтан өткізуге бұйрық бердім. Бұл іс мейлінше…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. – Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды, — делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді. Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған. Әр жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығын басқарған, Дін істері және азаматтық қоғам…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты іске түсінік берді. — Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ретте, адам азаптауға қатысы дерек тексеріліп жатыр. Жақында сот санкциясымен оған екі айға үйқамақта ұстау шешімі шығарылды, — деді Ғ. Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Айта кетейік, биыл шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель адам азаптауға қатысы бар деген күдікке ілінді. Еске сала кетейік, 2019 жылы Бас прокуратураға бір азамат оны тергеушілер өзіне…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Атырау облысы прокуратурасы Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа айыптау қорытындысын бекітті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Адвокаттың мәліметінше, жаңа айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары, сондай-ақ 202-баптың 2-бөлігі бойынша айыпталып отыр. – Сот процесі аяқталуға жақын. 5 қарашада сот жарыссөздері өтеді, — деп жазды Ажар Әбділ. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» – аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Аталған баптың 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған, сондай-ақ пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан мерт болды. Қайғылы оқиға 30 қазан күні түнде орын алған. Сол түні Ержан Бабақұмаров таныстарының ортасында болған. Таныстар арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде жарақат алған экс шенеунік мерт болған. Қайғылы оқиғаны Астана қалалық полициясы растап, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. — Бұрыннан таныстар арасында келіспеушілік орын алып, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жарақат алған 56 жастағы ер адам қаза болды. Күдікті ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, — деді департаметтен. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ержан Бабақұмаров 1990-жылдары…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Айтулы доданың 13-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 32-орында тұрған франциялық Корентен Мутемен ойнады. Қарсыластар бұған дейін үш рет кездесіп, бәрінде Бублик басым түскен болатын. Биыл наурызда АҚШ-тағы Финикс челленджер жарысының ширек финалында Бублик камбэк жасап, 2:6, 7:6 (7:4), 7:5 есебімен жеңген еді. Сол матчта теннисшілер бір-бірімен сөзге келіп, шекісіп қала жаздаған болатын. Осы айда К.Муте Алматы ATP 250 турнирінің финалына дейін жетіп, онда ресейлік Даниил Медведевке 5:7, 6:4, 3:6 есебімен есе жіберді. Бұл жолы Парижде жанкүйерлер жергілікті спортшыны…
Астана. 30 қазан. BM.KZ — Іле-Алатауы мемлекеттік табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзаққа бір соқпақ бойында бір мезетте үш жыртқыш аң – ілбіс (Uncia uncia), Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) және Тяньшань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) түсіп қалды. Барлық жануарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Биылғы фототұзақ материалдары ілбістің әдеттегіден ертерек төменге түскенін көрсетті. Жыртқыш шамамен 2000 метр биіктіктегі орман белдеуінде байқалған. Кадрлардан оның өз аймағын белгілеп жүрген сәттері айқын көрінеді. Сол аумақта Түркістан сілеусіні де тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық парк аумағында бұл түрдің шамамен 178-і есепке алынған. Фототұзақ бейнелерінде сілеусіннің негізгі қорегі саналатын құм қоян (Lepus tolai) да көрінген. Бұл экожүйеде табиғи…