Астана. 29 қазан. BM.KZ — 2025 жылда 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықт әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,7% Өзбекстаннан, 42,1% – Қытайдан, 4,5% – Түрікменстаннан, 2,6% – Ресейден, 2,6% – Монғолиядан және 2,5 басқа елдерден. Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,8%-ды және зейнеткерлер 8,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 28,4%-ы орта кәсіби…
Автор: erimbetkaz
Астана. 29 қазан. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.
Астана. 29 қазан. BM.KZ — Шымкентте сот 4 мыңдай адамды алдап соқты деген «Nazira Gold» на қатысты іс бойынша үкімді оқыды. Іс бойынша басты айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол үкіммен келіспеді, деп хабарлайды Курсив. Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында атышулы «Nazira Gold» ісі бойынша үкім оқылды. Үкімді тыңдауға келгендердің көптігінен ондаған адам залға сыймай, сыртта қалып қойды. Іс бойынша 9 сотталушы, 148 жәбірленуші бар. Үш сотталушы қамауда, қалғаны үйқамақта болған. Жәбірленушілер бірнеше облыстан келген. Олар қаржы пирамидасынан қомақты пайда табамыз деп 30 млн теңгеге дейін ақша салып, дымсыз қалған. Арасында несиеге батқандар да бар. Сонымен сот…
Астана. 29 қазан. BM.KZ — Қазақстан ТЖМ ұшағы Ақтөбеден науқасты Астанаға жеткізді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитарлық рейс жасады. Самара-Шымкент жолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы ер адам елордаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды. Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді. ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады. Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Жүк…
Астана. 29 қазан. BM.KZ — Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) 1-8 қарашада өтетін WTA қорытынды турнирінінің жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Серена Уильямстің тобына түсті. Елена Рыбакинаның қарсыластары — Ига Швентек (Польша), Аманда Анисимова (АҚШ) және тағы бір америкалық Мэдисон Киз. Ал Штеффи Граф тобында Арина Соболенко (Беларусь), америкалықтар Кори Гауфф пен Джессика Пегула және италиялық Жасмин Паолини ойнайды. Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады. Жылдың қорытынды турнирінде сондай-ақ жұптық сында мына теннисшілер өнер көрсетеді. Мартина Навратиловавның тобы: Сара Эррани/Жасмин Паолини; Вероника Кудерметова/Элисе Мертенс; Се Шувэй/Елена Остапенко; Айша Мухаммад/Деми Схурс. Лизель Хубер тобы: Катержина Синякова/Тэйлор Таунсенд;…
Астана. 29 қазан. BM.KZ — ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің мәліметінше, Таразда қызды ұрлады деген күдікке ілінген үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Деректерге сәйкес, тергеу Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы («Неке қиюға мәжбүрлеу») бойынша жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бұл әрекет ресми түрде қылмыс санатына енгізілген. Аталған бап бойынша жаза ретінде 2000 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылы шамамен 7,9 млн теңге) дейін айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Егер іс ауыр зардаптарға немесе ауырлататын мән-жайларға ие болса, жаза мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін жетуі мүмкін. — Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу…
Астана. 29 қазан. BM.KZ — Түркістан төріндегі Olympic Center спорт кешенінде ересектер арасында төл спортымыз — қазақ күресінен өтіп жатқан Азия біріншілігіның алғашқы күні ел қоржынына алты алтын, 2 күміс медаль түсті. Алғашқы жарыс күні боз кілемде ерлер арасында 55, 66, 82, 100 келі салмақта, ал әйелдер 48, 56, 65, 77 келі салмақ дәрежесінде кіл мықтылар анықталды. Атап айтсақ, ерлер арасында 55 кел салмақта Архат Баймұрзин алғашқы алтын жүлдені сыйласа, 66 келі салмақта Нұрғали Тұрсынғазиев екінші алтын жүлдені сыйлады. Ал 82 келі салмақта сынға түскен Асылжан Кәрім мен 100 келіде белдескен тағы бір отандасымыз Ерқанат Молдағұлов бірінен кейін бірі ел…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – Алматыда есірткі контрабандасының арнасы жойылды. Алматы қаласының арнайы прокурорлары есірткі заттарының аса ірі көлемдегі контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан сотталған адам Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы — марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде «Жетісу» кеден бекетінде салмағы 43 кг марихуана мен каннабис сығындысы салынған 25 сәлемдеме тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды. Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені, сондай-ақ сот сараптамаларының нәтижелері, айыпталушылардың құқыққа қарсы…
Астана. 28 қазан. BM.KZ – АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұз айдынына барды. Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.
Астана. 28 қазан. BM.KZ – ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде. Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде. Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.