Автор: erimbetkaz

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Қазақстандық блогер Қытай мен Өзбекстанда пранк видеолар түсірген. Блогер қыз қоғамдық орындарында бейтаныс жігіттердің аяқ-қолынан ұстап, өз әрекетін видеоға түсірген. Қытайда түсірілген пранктен кейін Алматы полициясы блогермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Дегенмен, біраз уақыттан кейін ол Өзбекстанда дәл осындай сипатта түсірілген бейнежазбаларын қайта жариялады. Алматы қаласының полиция департаменті блогердің бұл әрекетіне қатысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. — А. есімді азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген,…

Толығырақ

«Қонаев ғасыры» фильмі – талай кедергіден өтіп, үлкен еңбектің арқасында түсірілген туынды. Белгілі ақын әрі режиссер Ербол Жұмағұлов бұл картинаны ешқандай мемлекеттік қолдаусыз, жанашыр қазақстандықтардың көмегімен, шынайы ықылас пен табандылығының арқасында түсіріп шыққан. Қазір фильм толық дайын, енді тек жарнамалау мен кинотеатрларға шығару ғана қалып тұр. Премьерасы бастапқыда 2025 жылға жоспарланған. BM.KZ тілшісі режиссермен фильмнің алдағы тағдыры, оның ерекше көркемдік шешімдері, автордың не себепті мемлекеттен тәуелсіз болғаны және Қонаевтың Назарбаев алдындағы реваншы жайлы сұхбат құрды. – «Қонаев ғасыры» фильмінің премьерасы бірнеше рет кейінге шегерілді. Көрермен картинаны келесі жылы көре ала ма? – Иә, бастапқыда премьера 2024 жылға жоспарланған еді, өйткені…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында болды. Дрон түсіп, жарылыс болған. Жарылыс толқыны үйлерді шайқаған. Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді. — Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ, — делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ — Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды. кіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды. — Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар, — делінген хабарламада. Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды.…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ — ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген. — Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» — «VIP-6») қолданылған. Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған. Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген, — делінген ҚМА хабарламасында. Нәтижесінде «Takorp» пирамидасына 117 қатысушы тартылылған. Сот санкциясымен 32 мың АҚШ…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ — Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Оқиға бүгін Самара — Шымкент тасжолында болды. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. — Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ГАЗель аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД ресми парақшасы. Ақтөбедегі жол-көлік апаты кезінде аман қалған адамдар қазір ем алып жатыр. Бір жолаушы ғана ауруханаға жатпады. — Медициналық мекемеге жеткізілген бес адамның үшеуінің жағдайы ауыр, екеуінде орташа.…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. 24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда. Астанада акцияға MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері қатысуда. Алматыда…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Бас әскери прокуратура Астанадағы Ұлттық ұланның 21 жастағы сарбазы Қайсар Сұлтановтың өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайсар Сұлтанов 2023 жылы 9 қазанға қараған түні қайтыс болды. Ол Астанадағы 6636 әскери бөлімінде борышын өтеген. Марқұмның анасы қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ұлын көргенін және күдікті ештеңе байқамағанын айтады. Қайғылы оқиғадан кейін тергеу органдары қылмыс құрамын таппай, істі үш рет жауып тастаған. Енді тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қайта басталды. Алайда Қайсардың анасы Сәуле Тілеубергенова ұлы өлтірілгеніне, ал кінәлілер әлі де Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүруі мүмкін екеніне…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойы ұзын сарбаз Әлішер Назымбек әскери борышын өтеп жатыр. Оның бойы – 2 метр 9 сантиметр. Әлішер Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылында дүниеге келген. Назымбектің отбасында алты бала тәрбиеленуде. Оның бойының ұзындығы нағашы атасынан дарыған көрінеді. Бала кезінен-ақ Әлішер қатарластарынан ерекшеленіп, мектепте де, колледжде де көзге түсіп жүрген. Енді, міне, әскер қатарында да өзінің даралығын байқатуда. Әскерге дейін ол Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жастайынан спортпен айналысып, волейбол мен кикбокстан республикалық жарыстарда колледж намысын қорғаған. Осы…

Толығырақ

Астана. 23 қазан. BM.KZ – Жамбыл облысындағы жайылымдарды тып-типыл қалған есектер енді аштан қырыла бастады. Қала іргесіндегі Байзақ және Талас ауданының тұрғындарының айтуынша, айнала өлексеге толған. Тіпті бірнеше аудан халқы су ішетін Талас өзені де есектің моласына айналды деп дабыл қағуда, — деп хабарлайды КТК. Жайылымы тарылып жыларман хәлге түскен ауыл тұрғындары екі жылдан бері «есекке есеміз кетті» дейді. Өйткені жылқылар тақыр жерге қыста тебіндей алмай қалған. Малдың қысқы шөбін үйге жинауға көшкен жұрт биліктен көмек сұрап отыр.  — Жайылымда жусанның шөгірінен басқа ештеңе қалған жоқ. Ауылдың малы арық. Қиын жағдай, жем-шөп те қымбат. Жалпы шаруашылыққа үлкен нұқсан келіп жатыр.…

Толығырақ