Автор: erimbetkaz

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Алматы қаласының прокуратурасы құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылуына қол жеткізді. Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды. Прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды. Апелляциялық саты сот актісін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу барысында ұсталғандардың бірі шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысқаны анықталды. Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан. Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді. Барлық күдіктілер қамауға алынды. — Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу…

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы; «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы; «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі,…

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Күдіктілердің қатарында – «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар. Аталған жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған болатын. Алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене…

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Париждегі әйгілі мұражайға қарақшылар шабуыл жасады. Олар бағалы заттарды ұрлау үшін «Аполлон» галереясына кірген. Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша жүзін бетперде арқылы толығымен жасырған төрт қылмыскер екі қуатты TMax скутерімен келген. Олар Сена жағалауындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимаратқа жеткен. Сөйтіп автокөлік мұнарасын пайдаланып, бірінші қабаттағы «Аполлон» галереясына тікелей кірген. Терезелерді сындырғаннан кейін екі ер адам ғимаратқа кірген. Олар бірінші екі галереяға – Наполеон галереясы және француз монархтарының галереясына кіргені белгілі болды. Жалпы алғанда, ұрылар Наполеон мен императрицаның зергерлік бұйымдар топтамасынан тоғыз затты, оның ішінде алқа, брошь, диадема және басқа да зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Дегенмен…

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды. Егін…

Толығырақ

Астана. 20 қазан. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Ілиясовты Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарына Төтенше және Өкілетті Елші қылып тағайындады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 10 октября. BM.KZ – Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген. Ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген. Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.

Толығырақ

Астана. 17 қазан. BM.KZ – Қарағанды қаласында саяхаттауға ниетті 30-дан астам адамға сан соқтырған,  туристік агенттіктің иесі ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды. — Қарағандыда 53 жастағы азаматша полицияға арызданды. Ол туристік агенттік иесінің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын мәлімдеді. Әйел көптен күткен демалысын ұйымдастыру үшін турагентке 900 мың теңге берген, алайда уәде етілген сапар жүзеге аспай қалған, — делінген хабарламада. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл агенттікке қатысты осындай тағы бірнеше шағым тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта полицияға осы туристік агенттіктің қызметіне шағымданған тағы 34 азаматтың өтініші түскен. Күдікті өз әрекетін валюта бағамының күрт өсуімен және соның салдарынан туындаған қаржылық қиындықтармен…

Толығырақ

Астана. 17 қазан. BM.KZ – Алматыда бала өлімінен кейін марқұмның анасы қалалық балалар инфекциялық ауруханасының қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізуді сұрады. Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел адам Алматы клиникалық балалар инфекциялық ауруханасы дәрігерлерін «немқұрайдылық танытты» деп айыптады. Оның айтуынша, бала 1-5 қазан аралығында іші ауырсынып, құса бастаған соң ауруханаға жатқызылған. Ол осы уақыт аралығында несеп пен нәжіс шығармаған, ал 6 қазанда жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылғанымен, бала қайтыс болған. – Өлім туралы куәлікте баланың қазасына түйнек (ішектердің түйіліп қалуы) себеп болғаны көрсетілген. Бұл – дер кезінде және сапалы тексеру жүргізілген жағдайда емделетін диагноз. Осыған байланысты Алматы клиникалық балалар инфекциялық…

Толығырақ