Астана. 16 қазан. BM.KZ — Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын қорытындысы бойынша келесідей шешімдер қабылданды. Бірінші. Биылғы 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі. Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізуді, сондай-ақ ішкі нарықты ЖЖМ-мен үздіксіз…
Автор: erimbetkaz
Соңғы үш жылда елімізге Үндістаннан келетін студенттер саны үш есеге артқан. Бұл қазақстандық жоғары оқу орындарына миллиондаған табыс әкеліп отыр. BM.KZ редакциясы білім беру қызметі экспорты саласындағы жетістіктің қалай жүйелі мәселелерге ұласып жатқанын зерттеп көрді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, 2025 жылдан бастап еліміздегі университеттерде Үндістаннан келген 12 020 студент білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі медициналық мамандықтарда оқып жүр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы мұндай студенттер саны бар болғаны 3,5 мыңның шамасында еді. Бүгінде Үндістан – шетелде білім алатын азаматтар саны бойынша әлемдегі көшбасшы ел. Eurasian Research Institute мәліметі бойынша тек 2023 жылдың өзінде шетелде 1,32 млн үндістандық…
Астана. 16 қазан. BM.KZ – Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында елде сараптамалық кластың ең жаңа жабдығы — Calculase III лазерлік жүйесімен жарақтандырылған алғашқы операциялық бөлменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. Салтанатты рәсімге Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ясумаса Иидзима мырза қатысты. Жабдық Жапония Үкіметінің «KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» гранттық бағдарламасы шеңберінде орнатылған. — Инновация операция бөлмесінің көрінісін тез өзгертіп, хирургияның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Calculase III лазерлік жүйесі алғаш рет Қазақстанның балалар урологиясында балалардағы несеп шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған ауруларын эндоскопиялық диагностикалау және емдеу үшін қолданылады, — деп атап өтті урология…
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне арналған сауалнама нәтижелері ел экономикасындағы қайшылық барын көрсетті. Халықтың басым бөлігі (74,7%) бағаның өсуіне алаңдағанымен, жалпы қауіпсіздік деңгейін (45%) жоғары бағалайды және алдағы бес жылда өз-өзін толық қамтамасыз етеді (60,4%) деп сенеді. MediaNet Халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті. Оған қатысқан АШМ өкілдері, фермерлер, өндірушілер мен сарапшылар азық-түлік бағасының өсуін, инфляцияның себептерін, мемлекеттің рөлін, импортты алмастыруды және онымен байланысты мәселелерді талқылады. Пікірталас барысында «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы ел азаматтары арасында «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижесі жарияланды. Онда ел халқының азық-түліктің қымбаттауына…
Астана. 16 қазан. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ қаражатын заңсыз шығару бойынша қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген жалған стоматологиялық клиникалардың бірінің иесін ұстады. Әңгіме Аслан Дүйсенов туралы болып отыр. Тергеу деректері бойынша, оның кінәсі толық дәлелденген. – Біріншіден, оның процессуалдық мәртебесі – «күдікті». Оған сырттай айыптау тағылып, сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шығарды және іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, сот санкцияны растады. Тергеу барысында оның төрт клиника ашуға қатысы бары, сондай-ақ заңсыз әрекеттер арқылы алынған қаражаттың толық көлемі дәлелденді, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында. Бұған дейін агенттік жалған стоматология…
Астана. 16 қазан. BM.KZ – Сенатта ТМД елдерінің заңсыз қаржы айналымын анықтауға көмектесетін халықаралық орталығын құру туралы келісім бекітілді. Жоғарғы палата Мәжіліс қабылдаған «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов бұл келісімге ТМД мемлекет басшылары 2023 жылдың қазан айында Бішкек қаласында қол қойғанын атап өтті. Аталған орталық ТМД елдерінің ұлттық экономикалары мен қаржы жүйелерін, қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қатерлерінен қорғауға бағытталған және сын-қатерлерді бағалаумен айналысады. – Бұл Халықаралық орталық қорғалған ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істеп, ТМД елдерінің қаржылық…
Астана. 16 қазан. BM.KZ – 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов хабарлады. – Ол материалдар бізге түсті. Қазір қылмыстық істі тіркедік. ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі – заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз, – деді Ж.Елеемесов Сенат кулуарында. Агенттік өкілінің айтуынша, блогергеге қатысты әлі ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Сонымен бірге, блогерлердің ел аумағында екені айтылды.
Астана. 16 қазан. BM.KZ – Егін жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы минситрлігі. — Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылды, — делінген ақпаратта. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,9 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,5 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 319,3 ц/га өнімділікпен 441,6 мың тонна қырыққабат, 429,4 ц/га өнімділікпен 1029,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,1 ц/га өнімділікпен 379,4 мың тонна…
Астана. 16 қазан. BM.KZ – Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында жұмыскерлердің конституциялық құқықтарының бұзылуы, яғни еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемеу фактілері анықталды. Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды. Қабылданған прокурорлық ден қою шаралары бойынша берешек толығымен өтелді, медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Астана. 16 қазан. BM.KZ – Солтүстік Қазақстан прокурорлары жеке сот орындаушыларының салық заңнамасын тиісінше орындамау фактілерін анықтады. Тексеру барысында қадағалау органы жеке сот орындаушыларының 2023 жылға арналған 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы бойынша тапсырылған декларацияда кірістерін айтарлықтай төмендету фактілерін анықтады. Облыс бойынша осындай фактілер жалпы сомасы 133,5 млн теңге табысын жасырған және 13,2 млн теңге көлемінде салық төлемеген 25 жеке сот орындаушысына қатысты анықталды. Сонымен қатар нөлдік кірісті көрсететін салық декларациясын беру фактісі анықталды. Осылайша, жеке сот орындаушысы 2023 жылы жалпы сомасы 20,8 млн теңге болатын 459 құжатты орындағаны үшін 4,5 млн теңге көлемінде кіріс алған. Алайда соңғысы уәкілетті…