Астана. 15 қазан. BM.KZ – Астанаға жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар аясында тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды. 17 және 18 қазанда құрамдар мына эстакадаға орнатылады: • 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта; • 18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта. 18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш.Қалдаяқов…
Автор: erimbetkaz
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашуда. Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді. 2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша(аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындалады. Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге,…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Henley & Partners визасыз рұқсаты бар елдер санына негізделген жаңа төлқұжат индексін жариялады, деп хабарлайды Kazinform. Қазақстан 67-ші орынға тұрақтап, көршілерінен озып кетті: Қырғызстан 81-ші, ал Өзбекстан 82-ші орында тұр. Сингапур көшбасшы болып қала берді, ал АҚШ алғаш рет 12-ші орынға түсіп, ең мықты төлқұжат «ондығынан» шығып кетті. Ресей төлқұжаты да 46-шы орыннан 50-орынға түсіп, тізімде Венесуэла мен Молдовадан кейін тұрақтады. 2025 жылы алғашқы үш орынды Азия елдері иеленген: бірінші орында – Сингапур (азаматтары 227 елдің 193-іне визасыз бара алады), екінші орында Оңтүстік Корея (190 ел), үшінші орында Жапония (189 ел). Henley & Partners компаниясы…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен күресу және таза спорттың бірыңғай стандарттарын қолдау мәселесіндегі агенттіктің берік ұстанымына жоғары баға берді. Бұл спортшыларға ғана емес, әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін де өте өзекті. Бүгінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы осы тектес…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алаяқтық жолмен таныстарын және жәбірленушілерді алдаған. Ол жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған. Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақ ұсынды. Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енді. Қала прокуратурасы бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемденгені…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Батыс Қазақстан облысында жұмысты нақты орындамай, түрлі кәсіпорындарға тауар жөнелтпестен, жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан адамдар тобының қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Kazinform. Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының тұрғыны бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғанына қарамастан, 2022–2025 жылдар аралығында жалған шот-фактура жазу әрекетін жалғастырған. Ол өзінің бақылауындағыларды, соның ішінде адамгершілікке жат өмір салтын ұстанатын адамдарды қылмыстық әрекетке тартып отырған. Күдіктілермен барлығы 17 кәсіпорын тіркеліп, жазылған шот-фактуралар бойынша ақша айналымы 2,0 млрд теңгеден асқан. Бұл кәсіпорындар құрылыс, арнайы техниканы жалға беру және тауар-материалдық құндылықтарды жеткізу саласында жалған қызмет көрсетумен айналысқан.…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Пәкістан армиясы бақылау-өткізу бекеттеріне жасалған шабуылға жауап ретінде Ауғанстандағы лаңкестердің позицияларына соққы берді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. Агенттік мәліметінше, 14 қазан күні кешке «Талибан» қозғалысының күштері мен «Фитна әл-Хаваридж» («Пәкістандағы тәліптер қозғалысы») содырлары Пәкістанның шекара бекеттеріне себепсіз оқ жаудырған. Пәкістан армиясының жауап қайтару әрекеті кезінде бір бақылау-өткізу пункті мен танк ату бекінісі жойылды. Қақтығыс кезінде «Фитна әл-Хаваридж» тобының жоғары шенді қолбасшысы да қаза тапқаны хабарланды.
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Жоспарда атысты тоқтату келісімі аясында 28 адамның денесін беру қарастырылған, деп хабарлайды ВВС. ХАМАС өкілдері кейбір мәйіттерді алу қиынға соғатынын, өйткені кепілге алынғандар Газа секторының әртүрлі аймақтарында түрлі топтардың қолында болып қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұдан басқа, содырлар кейбір адамдардың денелері соғыс кезінде қираған ғимараттар үйінділері астында қалуы мүмкін екенін, оларды алып шығу үшін ауыр техника қажет деп мәлімдеді. Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) қаза болған кепілге алынғандардың денелері салынған төрт табыттың әскери қызметкерлердің бірге еріп жүруімен Израиль шекарасынан өткенін және сәйкестендіру жүргізілетін Сот медицина институтына жеткізілгенін хабарлады. Марқұмдардың отбасыларымен бірге ЦАХАЛ өкілдері еріп жүр. Times of…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 15 қазаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады. Монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған. Монета дизайнында батыр бейнесі портрет түрінде бейнеленген. Brilliant uncirculated дайындау сапасымен, мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 10 000 (он мың) дана. Барлық монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің кез келген түрінде қабылдануға міндетті. Сондай-ақ…
Астана. 15 қазан. BM.KZ – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Оқу-ағарту министрі қызметіне ауысқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келген жаңа депутат ант берді. Бұған дейін AMANAT партиясының саяси кеңес бюросы Мәжілістегі партиялық тізім бойынша бос мандатты Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге беру туралы қаулы қабылдаған болатын. – Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, – деді Әбутәліп Мүтәлі. Партия таратқан мәліметке сүйенсек, AMANAT фракциясының жаңа депутаты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп келген. Сондай-ақ, Әбутәліп…