Астана. 10 қазан. BM.KZ – I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, түркі елдері арасында техникалық және кәсіптік маман даярлауда көшбасшы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. Еліміздің жүлде қоржыны 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 «Үздік медальонмен» толықты. Бұл жеңіс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы реформалардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды. Естеріңізге сала кетейік, 4-9 қазан аралығында Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен TurkicSkills-2025 чемпионатына Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас маман қатысты. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника…
Автор: erimbetkaz
Астана. 10 қазан. BM.KZ — Израиль үкіметі ХАМАС ұйымымен Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңін мақұлдағанын растаған болатын. Сол келісімнен кейін шабуыл тоқтаған, деп жазды Aljazeera. Агенттіктің қоршауда қалған тілшісі Израильдің әуе шабуылдары ратификациядан кейін бірнеше сағат өткен соң тоқтағанын хабарлады. Дегенмен, Израиль шенеуніктері атысты тоқтату келісімі алдағы 24 сағат ішінде ғана күшіне енеді деп мәлімдеген. Сондықтан шабуылдарды тоқтату тұрақты болатын немесе болмайтыны әлі де белгісіз.
Астана. 10 қазан. BM.KZ — Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Шах-Шах шатқалынан табылған қалдықтар Бор дәуіріндегі динозаврлардың сүйегі болуы мүмкін екенін айтады. Себебі бұған дейін де бұл маңнан мұндай қалдықтар табылған. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейі жариялады. Облыстық мұражай мен Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері аудан территориясындағы Шах-Шах шатқалына барлау экспедициясын ұйымдастырды. Шах-Шах кешеніне алғаш рет 1959 жылы орыс палеонтологы А.Рождественскийдің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бозтөбе свитасында орналасқан кешеннен Мезозой эрасының Бор кезеңінде өмір сүрген динозаврлардың сүйектерінің қалдықтары табылады. 1968 жылы бас сүйегі ғана табылған динозавр «Аралозавр» деген атаумен ғылыми айналымға енеді. — Палеонтологтардың зерттеу жұмыстары барысында гадрозавр отрядына кіретін Аралозавр 93-86 млн…
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жетекші маман ретінде жұмысқа кіру үшін сынақ мерзімінен өтіп жүрген қызметкер есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотталды. Бұл ақпарат алғаш болып әлеуметтік желілерде таралған болатын. Кейіннен Шымкент қалалық полиция департаменті мен сот өкілдері растады. Айта кетейік, Telegram желісіндегі @Koza4kov_bot арнасы таратқан дерекке сәйкес, демалыс күндері құқыққорғау қызметкерлері жас әйелді тоқтатқан. Тексеру барысында, одан есірткі заты тәркілеген. Белгілі болғандай, оның қылмыстық сотта мұрағатшы болып жұмыс істейтіні анықталған. Қалалық соттың мәліметінше, күдікті 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап жетекші маман қызметіне қабылданып, сынақ мерзімінде болған. Қызметкердің еңбек қатынасы бұзылып, бүгінгі таңда…
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Шымкент қаласы әкімінің экс орынбасары Руслан Берденовті атып, оқ жарақатын салған Ернар Жиембайға қатысты апелляциялық соттың шешімі шықты. Шымкент қалалық соты алғашқы инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, Ернар Жиембай «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танылып, 9 жыл жазасын түрмеде өтейтін болды. «Сот алқасы қаулы етті. Сотталған Ернар Жиембайға қатысты сот үкімі өзгеріссіз, қанағаттандырусыз қалдырылсын», – деді алқа төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков. Айта кетейік, сотталушы, апелляциялық соттан жаза мерзімін өзгертпесе де, айыптауды алмастыруды сұраған болатын. Ол, үкіммен келіспейтінін, адам өлтіруге ниеті болмағанын мәлімдеді. Ал, жәбірленуші тарап, сот қаулысынан соң, экс орынбасардың денсаулығын оңалтуға кеткен шығынның бәрін өндіру үшін азаматтық…
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Биылғы Нобель сыйлығы әдебиет саласында венгр жазушысы Ласло Краснахоркаиға берілді. Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлады. – Сыйлық жазушының апокалипсистік үрей жағдайында да өнердің құдіретін қайта дәлелдейтін, терең пайым мен көрегендікке толы шығармашылығы үшін берілді, – делінген Нобель комитетінің баспасөз хабарламасында. Ласло Краснахоркаи – Орталық Еуропа әдебиетінің дәстүрін жалғастырған эпикалық туындылардың авторы. Оның шығармаларынан Кафка мен Томас Бернхардтың ізін көруге болады: абсурд пен гротескке толы. Нобель комитеті атап өткендей, жазушының шығармашылығында шығыстық философияға тән сабырлы, ойлы үн де бар. Жазушы 1954 жылы Венгрияның оңтүстік-шығысындағы Дьюла қаласында, Румыния шекарасына жақын жерде дүниеге келген. Осы шалғай өңір мен…
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Ер адам өртеніп жатқан үйдің терезесінен отбасы мүшелерін түгел алып шыққан. Бірақ көп ұзамай өзі ауруханада көз жұмды. Павлодар облысы Тереңкөл ауданы орталығында ер адам ерлікпен қаза тапты. Ол жанып жатқан үйден әйелі мен үш баласын құтқара жүріп, өз өмірін қиған. – 9 қазан күні Тереңкөл ауылында жер үйдің отқа оранғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттағы ағаш шатырдың конструкциялары жанып жатқан. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлеріне ес-түссіз күйдегі 1982 жылы туған ер адам тапсырылды. Ол өрт сөндіру қызметі келгенге дейін әйелі мен үш баласын терезеден шығарып алған. Отбасы мүшелерінің барлығы жедел…
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Алмалы аудандық сотында аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев пен «MM Travel» туристік фирмасының басшысы Ақтоты Дүйсееваға қатысты кезекті сот отырысы өтті. Екі айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша айып тағылып отыр. Бүгін сот отырысында айыпталушы Ақтоты Дүйсееваға сөз берілді. Оның айтуынша, «MM Travel» туристік компаниясын ол Ілияс Сариевпен бірге 2023 жылдың қаңтар айында ашқан. – Құжат бойынша директор менмін, жеке кәсіпкер ретінде мен тіркелгенмін. Бірақ Сариев екеуміз іс жүзінде тең дәрежеде басшы болдық. Ол өзі айтқандай амбассадор немесе…
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Қыркүйек айының соңында елде интернет те толық өшірілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. Шектеулер NetBlocks интернет бақылау қызметінің деректерімен расталды. — Деректер қазір Ауғанстандағы бірнеше провайдердің Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік медиа платформаларын шектейтінін көрсетеді. Бұл оқиға өткен аптада телекоммуникациялар қызметі тоқтатылғаннан кейін болды және бұл Талибан салған интернет цензурасы шараларының соңғысы, — делінген қызметтің сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Астана. 9 қазан. BM.KZ – Екібастұздың ауылдық аймағында жеке шаруашылықтың үйі мен шаруашылық ғимараттары өртенген. Тілсіз жаудың салдарынан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен. Солнечный кентіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінде тұрғын үй мен өзге де шаруашылық ғимараттары жанған. — Кенттен 7 шақырым жердегі шаруа қожалығының ғимараттары жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 06.34-те келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай департаментінің күштері мен өрт сөндіру құралдары, Екібастұз ГРЭС-2 стансасының өртке қарсы құрылымдары, Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетіні өкілдері жұмылдырылды. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында әрқайсысы 27 литрлік 8 газ баллонын сыртқа алып шықты. Белгілі болғандай, өрт жер үйді толықтай…